Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет298/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

332 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.41-сурет. 
ДНҚ репарациясының негізгі екі жолдарының салыстырмасы. (A) Негіздердің экс-
цизиялық репарациясы. Осы жол ДНҚ гликозилазасынан басталады. Урацил ДНҚ гликозилазасы 
дезаминденеген цитозинді жояды. Гликозилазаның әрекетінен кейін негізі жоқ қантты фосфат АР 
эндонуклеаза мен фосфодиэстераза көмегімен жойылады. Пайда болған нуклеотидтік жетіспеушілік 
ДНҚ полимераза және ДНҚ лигаза көмегімен толтырылады. Нәтижесінде кездейсоқ дезаминдену 
арқылы пайда болған урацил цитозинмен алмастырылады. АР эндонуклеазасының аталуы оның не-
гізі жоқ дезоксирибоза қантының сайтын табу қасиетіне байланысты берілді; ДНҚ-да осындай сайттар 
пуриннің (пурині жоқ) немесе пиримидиннің (пиримидині жоқ) жоғалуына байланысты пайда бола 
алады. (Ә) Нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясы. Бактерияларда, мультиферменттік кешен 
пиримидин димері сияқты зақымды анықтағаннан кейін зақымның әр жағында бір үзіліс орын алады 
және осы ауданмен байланыста болатын ДНҚ хеликаза толық зақымданған ауданды алып тастайды. 
Көрсетілген эксцизиялық репарация машинасы бактерияда 12 нуклеотидтік бос аудан қалдырады. 
Адамдарда зақымданған ДНҚ танылғаннан кейін ДНҚ дуплексін жергілікті тарқату мақсатына ДНҚ 
хеликазасы тартылады. Келесіде, эксцизиялық нуклеаза енеді және зақымның екі жағын кеседі де, 30 
нуклеотидтік бос аудан қалдырады. Бактерия мен адамдардың нуклеотидтердің эксцизиялық репа-
рация машинасы ДНҚ зақымдарының көптеген түрлерін таниды және репарациялайды. 
Екі репарациялық жол бір-бірінен ДНҚ зақымын жою мәнерімен ерекшеленеді. 
Бірінші жол, жұп негіздердің эксцизиялық репарациясы, әрқайсысы ДНҚ-дағы 
зақымданған негіздің әртүрлі типтерін танитын және өзгерген нуклеотидтің гидро-
лизін катализдейтін ДНҚ-гликозилаза атты ферменттер тобымен іске асырылады. Бұл 
ферменттің, кем дегенде, алты түрі болады және олардың әрқайсысы дезаминденген 
аденинді, дезаминденген цитозинді, алкилденген және тотыққан негіздердің әртүрлі 
типтерін, ашық сақиналы негіздерді және құрамында көміртегілер арасындағы қос 
байланыс жалғыз байланысқа айналған негіздерді жояды. Өзгерген негіз қос спираль 


ДНҚ РЕПАРАЦИЯСЫ
333
жағдайында қалай танылады? Маңызды қадамға ферменттің «оқып жығу» сатысын 
жатқызуға болады. ДНҚ-гликозилаза ферменті негізді барлық қырларынан қарап 
шығады және бар зақымды іздейді (
5.42-сурет
). Осы ферменттер оқып жығу мәнерінде 
тізбекті бойлай жүреді және зақымданған негіз анықталған жағдайда оны қант қаңқа-
сынан кесіп алады деген болжау бар.
ДНҚ-гликозилаза ферментінен кейін пайда болатын «жетіспейтін тіс» жағдайы ар-
найы АР эндонуклеазамен (АР – ағылшын тілінде apurinic немесе apirimidinic сөздері-
нен шыққан) танылады. Бұл фермент фосфодиэфирлік байланысты үзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет