336 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
Арнайы транслизиялық ДНҚ
полимеразалары апатты
жағдайда қолданылады
Егер клетканың ДНҚ-сы ауыр
зақымға
ұшырайтын болса, онда
репарациялық жүйе оны то-
лығымен түзете алмайды. Мұндай
жағдайларда әртүрлі стратегиялар
қолданылады
және олардың кей-
біреулері клеткаға қауіпті болуы
мүмкін.
Аса нақты ДНҚ-полиме-
разалар ДНҚ зақымына тап болған
жағдайда тоқтайды. Осындай
жағдайда клетка көпжақты, бірақ өте нақты емес құтқару механизмдерін қолданады.
Клетка төтенше жағдайда
транслизиялық полимеразалар атты ферменттерді тартады.
Олар, ДНҚ-ның зақымына қарамастан, репликацияны жалғастырады.
Адам клеткаларында жеті транслизиялық полимеразалар болады және олар зақым-
ның белгілі бір түрін танып, қажетті нуклеотидті бастапқы тізбекке жалғай алады.
Басқалары, ДНҚ-ның
ауқымды зақымдары жағдайында, тек «жақсы болжау» жасай
алады. Бұл ферменттер қалыпты ДНҚ полимеразасы сияқты аса нақты емес. Сондықтан
транслизиялық полимеразаларда экзонуклеотидтік түзету
қасиеті болмайды; бұған
қоса, осындай полимеразалар қандай нуклеотидтің қосылу қажеттігін аңғара алмайды.
Сондықтан транслизиялық полимеразаға бір немесе бірнеше нуклеотид қосу мүмкін-
шілігі беріледі және кейін табиғи ДНҚ-полимераза өз жұмысын жалғастырады.
Өзінің зақымданған ДНҚ-ны репликациялаудағы
маңыздылығына қарамастан,
транслизиялық полимеразалар клеткаға қауіп төндіреді. Мүмкін олар геномдағы негіз-
дердің алмасулары мен жалғыз нуклеотидтік өзгерістердің көпшілігіне жауапты шығар.
Олар негізінде ДНҚ-ны көшірген кезде мутацияларды тудырады және зақымданбаған
ДНҚ-да да мутацияларды төмен деңгейде тудыратын сияқты. Сондықтан клеткалар
полимеразалардың осындай түрлерін өте қатаң түрде реттеуі қажет және оларды тек
Достарыңызбен бөлісу: