ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
341
5.48-сурет.
Қос тізбекті үзілістерді гомологты реком-
бинация көмегімен репарациялау механизмі. Қос
тізбекті үзілістерді репарациялаудың
осы механизмі
ДНҚ репликацияланғаннан кейін еншілес молекулалар
жақын орналасқан кезде тез арада іске асырылады.
Негізінде, гомологты рекомбинацияны икемді реак-
циялар тізбегі ретінде қарастыруға болады. Мысалы,
репарациялық “дақтың” ұзындығы 5’-процессингі мен
жаңа ДНҚ синтезіне тәуелді болады (
жасыл).
Гомологты рекомбинация
ДНҚ-дағы қос
тізбекті үзілістерді мінсіз түзете алады
Біз ұштардың гомологты емес жалғануының
матрицасыз орын алуын және жалғану сайтта-
рында мутациялардың туындай алатындығын
көрдік.
Керісінше, гомологты рекомбинация
қостізбекті үзілістерді нақты түрде түзете
алады. Гомологты
рекомбинация көмегімен
ДНҚ-ны репарациялау үшін үзілген ДНҚ тіз-
бектері гомологты ДНҚ тізбектеріне жақын
орналастырылуы тиіс.
Осыған орай, гомо-
логты рекомбинация ДНҚ репликациясынан
кейін орын алады.
Гомологты рекомбинация көмегімен ДНҚ-
ны репарациялаудың
қарапайым механизмі
5.48-суретте
көрсетілген. Негізінде, үзілген
ДНҚ дуплексі
және матрицалық дуплекс
Достарыңызбен бөлісу: