36 1-тарау.Клеткалар мен геномдар
тайтын бөлігінен әлдеқайда көп болады және кейбір кодтамайтын ДНҚ маңызды рөл
атқарады. Сонымен қатар, ол жақын орналасқан гендердің экспрессиясын реттейді. Осы
реттегіш ДНҚ-мен эукариоттар геннің қайда және қашан әрекет ететіндігінің ерекше
жолдарын дамытты. Гендер реттелуінің күрделі жолы мультиклеткалық организмдердің
қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Геном көпклеткалық даму бағдарламасын анықтайды
Жеке жануар немесе өсімдіктердегі клеткалар әртүрлі болады.
Май, тері, сүйек, жүйке клеткалары – олар әртүрлі өте күрделі
болады (
1.33-сурет ). Дегенмен, осы клеткалардың барлығы бір
ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан дамиды және олардың бар-
лығында (кішігірім ерекшеліктерді ескермейтін болсақ) геномның
бірдей көшірмесі болады.
Айырмашылықтар клетканың дамып келе жатқан эмбрионы-
ның қоршаған ортасынан алынатын сигналдарға сәйкес өзінің
генетикалық нұсқауларының таңдалмалы қолданысын қалай іске
асыратындығынан пайда болады. ДНҚ клеткадағы болатын бар-
лық молекулаларды анықтайтын меню емес және клетка олардың
жиынтығы емес. Керісінше, клетка сыртқы ортадан сигналдарды
қабылдайтын сенсорлары бар және осы сигналдарға байланысты
қажетті гендер жиынтығын іске қоса алатын жоғары дамыған
қабілеті бар көп мақсатты машина болып табылады. Әрбір клет-
ка геномы мультиклеткалы организмді толығымен сипаттайтын
ақпаратты сақтауға қабілетті, бірақ әрбір жеке клеткада мұндай
ақпараттың тек бір бөлігі ғана пайдаланылады.
Эукариоттық геномда көптеген гендер басқа гендердің белсен-
ділігін реттейтін белоктарды кодтайды. Осы транскрипция рет- тегіштерінің көбісі реттелетін гендерге жақын орналасқан рет-
тегіш ауданға тікелей немесе тікелей емес байланысу көмегімен
немесе басқа белоктардың қасиеттерін тежеу көмегімен әрекет
етеді. Эукариоттардың үлкен және кең геномы клетка құрылымын
ғана емес, сонымен қатар осы құрылымдардың қалай жұмыс істеу
керектігін анықтайды (
1.34-сурет ).
Клеткалар сигналдарды қабылдаумен ғана шектелмейді,
керісінше, олар өзінің көршілерімен белсенді түрде сигналдармен
алмасады. Сонымен, дамып келе жатқан көпклеткалы организмде
бірдей реттеу жүйесі әр клетканы бақылайды, бірақ алмасқан
хабарға байланысты әртүрлі салдар қалыптасады. Нәтижесінде,
әрқайсысы өзінің көпклеткалы организмдегі орнына тән қасиетті
көрсететін әртүрлі күйдегі клеткалардың паттернденген шоғыры
түзіледі.
Көптеген эукариоттар дара клеткалар түрінде тіршілік етеді
Көптеген эукариоттық клеткалар дара клетка түрінде – кейбіреулері жыртқыштар
(протозой), кейбіреулері фотосинтездеушілер (бірклеткалы балдыр), ал кейбіреулері
тазартқыштар (бірклеткалы саңырауқұлақтар, ашытқы) – тіршілік етеді.