Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет43/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   330
34
1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Саңырауқұлақтар эукариоттық тіршіліктің өзгеше жолын көрсетеді. Саңырауқұлақ 
клеткаларында, жануарлар клеткаларындағы сияқты, митохондриясы болғанымен 
хлоропласттары болмайды; бірақ протозоалар және жануарлар клеткарымен салы-
стырғанда олардың жылдам жылжуын тежейтін немесе басқа клеткаларды жұтуды 
болдыртпайтын қатты сыртқы клетка қабығы болады. Cаңырауқұлақтар жыртқыш 
емес, керісінше жинаушы (тазартушы) түрге айналды: кейбір клеткалар қоректік мо-
лекулаларды секрециялайды немесе оларды өлген кезде босатады, ал саңырауқұлақтар 
болса осы қалдықтармен қоректенеді – клетка сыртындағы ыдырату процесін сыртқа 
ферменттерді бөлу көмегімен іске асырады.
Эукариоттарда гибридті геном болады
Эукариоттық клеткалардың генетикалық ақпараты гибридті жолмен, ата-текті анаэроб-
ты клетка және симбиоз құрған бактериядан пайда болды. Ақпараттың көпшілігі ядрода 
сақталады, бірақ оның аздаған бөлігі митохондриялар мен хлоропласттарда қалады. 
Митохондрия мен хлоропласттар геномдары бөлек талданған кезде олардың сәйкес бак-
териялардың қысқа, кішірейтілген геномына сай болатыны анықталды. Мысалы, адам 
клеткасындағы митохондрия геномы тек 16569 жұп нуклеотидтен тұрады және олар 13 
белок пен 2 рибосомалық РНҚ-ны және 22 тасымалдаушы РНҚ-ны кодтайды. 
Митохондрия мен хлоропласттағы жетіспейтін гендер жоғалып кеткен жоқ; керісін-
ше, олар симбионт геномынан қожайын клетканың геномына көшті. Адамның ядролық 
ДНҚ-сында митохондрия үшін маңызды болатын көптеген белоктарды кодтайтын ген-
дер болатындығы белгілі; өсімдіктердің ядролық ДНҚ-сында хлоропласттарға қажетті 
көптеген гендер болады. Екі жағдайда да ядролық гендердің тізбектері олардың ататек-
тік бактериялардан дамығандығын айқын көрсетеді. 
Эукариоттар геномы үлкен
Табиғи селекция митохондрияны кішігірім геноммен қамтамасыз етті. Керісінше
көптеген эукариоттардың ядролық геномдары еркін түрде үлкейе алды. Мүмкін, тір-
шіліктің эукариоттық жолы үлкен көлемді артықшылыққа айналдырды: жыртқыштар 
өз олжасынан әлдеқайда үлкенірек болуы тиіс және осыған байланысты клетка көлемі 
де геноммен бірге ұлғайды. Паразиттік транспозондық элементтерден (5-тарауда сипат-
талған) ДНҚ сегменттерін жинаудың себебі қандай болса да, көптеген эукариоттардың 
геномдары бактерия мен архейлерге қарағанда бірнеше есе үлкенірек болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет