42 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Қазіргі кездегі
белгілі тірі организмдердің
көпшілігін жәндіктер құрайды. Егер
Drosophila-ның
омыртқалылармен ешқандай ұқсастығы болмаса да,
ол жәндіктердің өздері үшін модельдік организм
болар еді. Егер мақсат тек омыртқалылардың моле-
кулалық генетикасын зерттеу болса, онда біз неге модельдік организм ретінде тікелей
омыртқалы организмді алмаймыз? Неге біз осы процестерді
Drosophila көмегімен қа-
растырамыз?
Drosophila
-ның
ұрықтанған жұмыртқасының ересек организмге дейін дамуы үшін
тек 9 күн ғана қажет; оны өсіру, кез келген омыртқалы организмге қарағанда, оңайы-
рақ және арзан, сонымен қатар оның геномы тек 200 миллион нуклеотидтер жұбынан
құралған (естеріңізде болса адамның геномы 3200 миллион
нуклеотидтер жұбынан
тұрады). Оның геномы, шамамен, 15000 генді кодтайды және әр ген үшін мутантты
варианттар қазіргі таңда қолжетімді. Бірақ, шіркейде оңай анықталатын генетикалық
механизмдерді омыртқалыларда анықтаудың қиыншылығын тудыратын тағы бір күр-
делі себебі бар. Бұл жағдай гендер дупликациясына байланысты. Гендер дупликациясы
(екі еселенуі)
омыртқалыларда, шіркейге қарағанда,
айтарлықтай жоғары деңгейде
жүреді және дупликация процесі омыртқалылардың сондай күрделі болуының себебі
болатын шығар.
Омыртқалылар геномы қайталмалы дупликациялар нәтижесі болып табылады
Омыртқалылардың, шамамен, әр генінің паралогы – бір геномдағы бір-бірімен бай-
ланысты және гендер дупликациясының нәтижесінде пайда болған басқа гендер – бо-
лады. Көптеген жағдайда, гендердің бір кластері геномның басқа ауданындағы ұқсас
гендер кластерімен байланысты болады және осыдан гендердің байланысты топтардан
дупликацияланғаны туралы болжау туады. Бір гипотезаға сай, омыртқалылар эволю-
циясының ерте кезеңдерінде толық геном екі мәрте дупликацияланды да, әр геннің төрт
көшірмесі түзілді.
Омыртқалылар геномы эволюциясының нақты бағыты әлі де белгісіз болып отыр,
себебі көне заманнан бері көптеген эволюциялық өзгерістер орын алды. Кезінде бірдей
болған гендер ажырады; көптеген гендердің көшірмелері олардың тізбектерінің үзілуін
тудыратын
мутациялар әсерінен жоғалды; басқалары жергілікті дупликацияға ұшы-
рады; омыртқалыларда тіршілік шежіресінің әр бұтағының
геномдары қайталамалы
жіктелуге ұшырап, бастапқы гендер реті бұзылды. Адам мен тышқан сияқты бір-біріне
Достарыңызбен бөлісу: