Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет53/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.42-сурет.
 Xenopus
 бақасының екі түрі. X. tropicalis, жоғарыда, гено-
мы қалыпты диплоидты болады; X. laevis, төменде, әр клеткасында 
ДНҚ мөлшері екі есе көп болады. Олардың хромосомаларының 
жолақ паттерндері және олардағы гендердің орналасуы мен гендер 
тізбектерінің салыстырылуынан геномдары алып болатын түрлердің 
толық геномдық дупликацияландың нәтижесінде пайда болғаны 
дәлелденді. Осы дупликациялар қашықтау болатын Xenopus түр-
лерінің шағылысуы нәтижесінде орын алды деп болжалуда (E. Amaya, 
M. Offield және R. Grainger, Trends Genet. 14:253-255, 1998 Elsevier 
рұқсатымен қолданылды).
1.43-сурет.
Балықтың қалыпты дамуының кезеңдері. Осы суреттер Rana 
pipiens итбалығының ұрықтанған жұмыртқадан дамуын көрсетеді. Толық 
процесс сырттай өтеді және барлық қатысты механизмдердің тәжірибелік 
зерттеулерін оңтайландырады.


44
1-тарау. Клеткалар мен геномдар
манипуляциялауға оңай және ұрықтану жануар денесінен тыс ортада жүреді. Сондықтан 
жас эмбрионның дамуын бақылау оңай (
1.43-сурет
). Xenopus laevis генетикалық тал-
дауға онша жарамаса да, маңызды модельді организм болып қалуда (
1.6-бейнефильм
және 21.1-кинофильмді қара).
Danio rerio балығының да дәл осындай артықшылықтары бар. Бұл балықтың геномы 
кіші, тышқан немесе адам геномының жартысындай ғана болады және даму уақыты 
үш айды құрайды. Оның көптеген мутантты варианттары қолжетімді және генетикалық 
инженерияға икемді келеді. Данио балығының түсі тіршілігінің алғашқы екі аптасын-
да мөлдір болады, сондықтан оның организміндегі бөтен клеткалардың әрекетін оңай 
бақылауға болады (21.2-кинофильмді қара). Осы қасиеттер оны маңызды модельді ор-
ганизм ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет