Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет50/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.38-сурет.
Өсімдіктердің мо-
лекулалық генетикасын зерт-
теуде негізгі модельдік өсімдік 
ретінде таңдалған Arabidopsis 
thaliana өсімдігі (Toni Hayden 
және the John Innes Foundation 
сыпайлылығы).


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
41
болуына барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Мысалы, құрттарға жасалған зерт-
теулер денедегі клеткалар санын анықтайтын клетка бөлінуі мен өлуі бағдарламаларын 
түсінуге айтарлықтай үлесін қосты. Осы зерттеулер даму биологиясы мен ісік туралы 
зерттеулер үшін өте маңызды. 
1-39-сурет.
 
Caenorhabditis 
elegans
, толық геномдық 
тізбегі белгілі болған тұң-
ғыш мультиклеткалық орга-
низм. Ұзындығы шамамен 1 
мм болатын жұмыр құрт то-
пырақта мекен етеді. Орга-
низмдердің көпшілігі гер-
мафродиттер болады және 
жұмыртқа мен сперматозоид түзеді (Maria Gallegos, University of Wisconsin, Madison рұқсатымен қол-
данылды).
Drosophila-да іске асырылған зерттеулер омыртқалылар дамуын түсінуге жол 
ашады
Drosophila melanogaster, жеміс шіркейі (
1.40-сурет
) басқаларға қарағанда модельдік 
организм ретінде ең ұзақ уақыт қолданылып келе жатқан организм болып табылады; 
дәстүрлі генетика, негізінен, осы жәндікке жасалған зерттеулер негізінде қалыптасты. 
Осыдан 80 жыл бұрын жеміс шіркейінің негізінде гендердің – тұқым қуалау ақпараты-
ның абстрактті бірліктері – хромосомаларда орналасатындығы анықталды. Хромосо-
малар функциясы белгісіз нақты физикалық объектілер ретінде жарық микроскопының 
көмегімен анықталды. Drosophila-ның көптеген қасиеттерінің біріне оның кейбір клет-
каларында көрінетін алып хромосомаларының болуы жатады (
1.41-сурет
). Мутантты 
шіркейлер туыстарында көрінетін тұқым қуалау ақпаратындағы өзгерістер специфика-
лық хромосомалар жолақтарының жоғалуы немесе өзгеруімен тікелей байланысты. 
Жақында, Drosophila бізге хромосо-
малық ДНҚ-да кодталған генетикалық 
нұсқаулардың ересек көпклеткалы дененің 
құрылымына тудыратын әсері мен салдары 
тізбегін қалай анықтауға болатындығын көрсетті. Дене бөліктері басқа аудандарда 
орналасқан Drosophila мутанттары қажетті дене құрылымының қалыптасуына қатыса-
тын гендерді анықтау және сипаттауға қажетті мәлімет берді. Drosophila-ның осы ген-
дерінің нуклеотидтік тізбектері анықталғаннан кейін омыртқалылар геномында оның 
гомологтары ізделді. Анықталған гендер кейін тышқанда тексерілді. Осы тәжірибелер 
негізінде алынған нәтижелер жәндіктер мен омыртқалылар дамуының молекулалық 
механизмдеріндегі ұқсастықтың жоғары деңгейін көрсетеді (келесі тарауларда талқы-
ланады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет