40 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
3,5 миллиард, омыртқалылар мен жәндіктер, шамамен,
700 миллион, балықтар мен сүтқоректілер 450 миллион
жыл бұрын ажырады. Ал гүлді өсімдіктердің кейбір түр-
лері тек 150 миллион жыл бұрын ғана ажырады.
Барлық гүлді өсімдіктер арасындағы тығыз эволю-
циялық байланыстың негізінде біз организмдердің толық
класының молекулалық және клеткалық биологиясын
зерттеу үшін тек бірнеше түрді қарастыру көмегімен
анықтай аламыз. Жер бетіндегі гүлді өсімдіктердің бір-
неше жүздеген мың түрлерінің арасынан молекулалық
биологтар өздерінің зерттеудегі назарларын Arabidopsis thaliana атты кіші шөптесін өсімдігіне бұрды (
1.38-су- рет ). Осы өсімдік жабық зертханаларда өте оңай өседі
және олардан, әр өсімдікке шаққанда, 8-10 апта ара-
лығында мыңдаған ұрпақ алуға болады. Arabidopsis геномы шамамен 220 миллион нуклеотидтер жұбынан
тұрады және ол ашытқы геномынан, шамамен, 17 есе
үлкен келеді (1.2-кестені қара).
Жануарлар клеткаларының әлемі құрт, шыбын,
балық, тышқан және адаммен көрсетілген
Тірі организмдердің аталған түрлерінің негізгі бөлі-
гі көпклеткалы жануарларға жатады. Молекулалық
және генетикалық зерттеулерде бес түр модельдік
организм ретінде қолданылады. Олар нематода құрты
(Caenorhabditis elegans), жеміс шіркейі (Drosophila melanogaster), данио балығы (Danio rerio), тышқан (Mus musculus) және адам (Homo sapiens). Осы жануарлардың
әрқайсысының геномдық тізбектері анықталды.
Caenorhabditis elegans (
1.39-сурет ) дақылдардың
зиянкесі болатын нематоданың кіші зиянсыз туысы
болып табылады. Мұздатқышта анабиоз күйінде тірі
қалатын, тіршілік циклы бірнеше күн құрайтын, дене
құрылымы қарапайым және генетикалық зерттеулерге
сай келетін (21-тарауда сипатталған), тіршілік циклы
қалыпты емес осы нематода қайталанбас модельдік
организм болып саналады. С.еlegans-тыңұрықтанған
жұмыртқа клеткасы, сағат тілінің дәлдігімен, тұрақты
959 клеткадан тұратын ересек нематодаға айналады.
Бұл тұрақтылық жануарлар арасында кездесетін таңғажайып құбылыс. Қазіргі таңда біз
клетканың белгілі бір ережелерге сай бөлінуі, жылжуы және әрекетінің өзгеруі кезінде
орын алатын оқиғалар тізбегінің минут бойынша сипатталған көрінісін байқай аламыз.
130 миллион нуклеотидтер жұбынан тұратын геномы, шамамен, 21000-ға жуық белокты
кодтайды және қазіргі таңда ген функцияларын зерттеуге болатын мутанттық линиялар
және әртүрлі құралдар мен тәсілдер бар. Құрттың дене құрылысы біздің денемізден
ерекшеленеді, бірақ биологиялық механизмдердің консервативтілігі құрттың адам де-
несінде орын алатын көптеген даму және клеткалық процестердің модельді организмі