Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Осы элементтердің атомдары кова-



Pdf көрінісі
бет65/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   330
2.1-сурет
). Осы элементтердің атомдары кова-
ленттік байланыстардың көмегімен молекулалар түзеді (
2.1-панель
). Коваленттік 
байланыс клеткадағы термальдық энергиядан 100 есе берік болғандықтан, олар тер-
мальдық қозғалыс әсерінен үзілуге төзімді болады және олар басқа атомдармен немесе 
молекулалармен спецификалық реакцияларға түскен кезде ыдырай алады. Әртүрлі екі 
молекула бір-бірімен әлсіз коваленттік емес байланыс көмегімен байланыса алады 


54 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
(
2.2-сурет
). Кейінірек біз ковалентті емес байланыстардың молекулалардың өздеріне 
тән биологиялық функциясын атқару кезінде маңызды екенін көреміз. 
2.1-сурет. 
Клеткадағы негізгі элементтер периодтық кестеде белгіленген. Атомдық саны мен осы 
түрде жүйеленген кезде колонкалардағы элементтердің қасиеттері ұқсас болады. Бір тік колонкадағы 
элементтер өзінің сыртқы қабатын толтыру үшін бірдей электрон санын қабылдауы (беруі) тиіс және 
байланыс немесе ион қалыптастыруда бірдей әрекет етеді. Мысалы, Mg мен Ca өзінің сыртқы қаба-
тынан екі электрон беруі тиіс. C, N және O бір көлденең қатарда орналасады және электрондарды 
бөлісу арқылы екінші қабатын толықтырады. Қызыл түспен таңбаланған төрт элемент адам денесін-
дегі атомдардың шамамен 99% құрайды. Көк түспен таңбаланған қосымша жеті элемент шамамен 
0,9% құрайды. Жасыл түспен таңбаланған элементтер адамға өте аз мөлшерде қажет. Сары түспен 
таңбаланған элементтер адам үшін маңыздылығы әлі белгісіз. Тіршілік химиясы жеңіл элементтер 
химиясы болып көрінеді. Осы кестеде көрсетілген атомдық салмақтар организмдерге ортақ болатын 
изотоптардың салмақтары болып табылады.
2.2-сурет.
 Клетка үшін маңызды энергиялардың кейбір түрлері. Кез-келген байланыстың – ковалент-
тік немесе коваленттік емес – маңызды қасиетіне оның күші жатады. Байланыс беріктігі оны үзуге қа-
жетті бір мольге шаққандағы килоджоуль (кДж/моль) немесе килокалориялар (ккал/моль) түріндегі 
бірліктермен өлшенетін энергия мөлшерімен есептеледі. Егер байланыстың бір түрінің 6 x 1023 санын 
(байланыстардың 1 молі) үзу үшін 100 кДж энергия қажет болса, онда осы байланыстың күші 100 кДж/
моль-ге тең. Осы диаграммада энергиялар логарифмдік шкалада салыстырылғанын ескеріңіз. Химия- 
лық байланыстардың негізгі кластарының күші мен ұзындықтары 2.1-кестеде берілген. Объектті бір 
метр қашықтыққа бір ньютонға күшке қарсы жылжытуға қажетті энергия мөлшері бір джоульге (Дж) 
тең. Энергия өлшемі физиктермен қолданылатын СИ жүйесінен алынған. Энергияның екінші бірлігі, 
килокалория (ккал) клеткалық биологтармен жиі қолданылады; 1 калория 1 грамм судың температу-
расын 1°C-ге көтеру үшін қажетті энергия мөлшері болып табылады. 1 кДж 0,239 ккал-ға тең (1 ккал= 
4,18 кДж).


КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
55
Су молекуласы сутектік байланыстар көмегімен байланысады
Клетка ішіндегі реакциялар сулы ортада іске асады. Жер бетіндегі тіршілік мұхитта 
басталды және бастапқы қоршаған орта жағдайлары тірі организмдер химиясында 
өзінің ізін қалдырды. Тіршілік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет