Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет64/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Клетка химиясы мен 
биоэнергетикаcы
2-
тарау
ОСЫ ТАРАУДА
КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ЭНЕРГИЯНЫ ҚОЛДАНУЫ
КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
Бірінші көріністен тірі организмдердің химиялық жүйелер екенін қабылдау өте қиын 
болып көрінеді. Олардың пішіндерінің әртүрлілігі, нақты бағытталған әрекеті және 
олардың өсу және көбею сияқты қасиеттері олардың дәстүрлі химияға қатысты қатты 
заттардан, ерітінділер мен газдардан ерекше екендігін көрсетеді. Дегенмен, он тоғызын-
шы ғасырға дейін жануарларда олардың ерекше қасиеттерінің себебі болатын «animus» 
атты Тіршілік күшінің бар екеніне көпшілік сенімді болған. 
Қазіргі таңда біз тірі организмдерде химиялық және физикалық заңдарға қайшы ке-
летін ешбір қасиеттің жоқтығын білеміз. Дегенмен, тіршілік химиясы айрықша келеді. 
Біріншіден, ол органикалық химия зерттейтін құрамында көміртегісі бар қосылыстарға 
негізделеді. Екіншіден, клеткалардың құрамы 70%-ға судан тұрады және тіршілік 
сулы ортадағы іске асатын химиялық реакцияларға тәуелді болады. Үшіншіден, және 
ең маңыздысы, клетка химиясы өте күрделі процесс: тіпті қарапайым ғана клетканың 
өзінде ол, кез келген басқа бір химиялық жүйеге қарағанда, айтарлықтай күрделірек 
келеді. Атап айтқанда, клеткада құрамында көміртегісі бар көптеген кіші молекула-
лар болғанымен, көміртегі атомдарының көпшілігі бір-бірімен жалғасқан химиялық 
суббөліктердің тізбектерін құрайтын үлкен полимерлік молекулаларға біріккен күйде 
болады. Бұл, клеткалар мен организмдерге өсу және көбею қабілетін беретін макромо-
лекулалардың қайталанбас қасиеті болып табылады. 
КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
Тірі организмдер табиғатта кездесетін 92 химиялық элементтің тек аздаған бөлігінен 
құралады, солардың төртеуі – көміртегі (С), сутегі (Н), азот (N) және оттегі (О) – ор-
ганизм массасының 96,5% құрайды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет