Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет83/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   330
2.2-бейнефильм
).


72 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
реакцияның активтену энергиясын күрт төмендетеді. Реакцияның активтену энергия-
сын төмендете алатын қосылыс катализатор деп аталады; катализаторлар химиялық 
реакция деңгейін жоғарылатады, себебі фермент-субстрат кешені түзілгеннен кейін ол 
фермент шабуылының әсеріне оңай беріледі (
2.22-суретте
көрсетілген). Ферменттер 
белгілі қосылыстардың ішіндегі ең эффективті катализаторлар болып табылады: олар-
дың кейбіреулері реакция деңгейін 10
14
есеге дейін арттыра алады. Ферменттер қалып-
ты температурада іске аспайтын реакцияларды да жүргізе алады.
Ферменттер субстраттарды белгілі реакция жолдарымен ыдырата алады
Фермент реакцияның тепе-теңдік нүктесін өзгерте алмайды. Себебі: фермент Y→X 
реакциясының активтену энергиясын төмендеткенде, ол Х→Y реакциясының актив-
тену энергиясын да төмендетеді (2.21-сурет). Тура және кері реакциялар ферментпен 
катализденеді және реакцияның тепе-теңдік нүктесі өзгеріссіз қалады (
2.23-сурет
). 
Басқаша айтқанда, фермент реакцияны қанша да жеделдеткенімен ол оның бағытын 
өзгерте алмайды. 
Шектеулерге қарамастан ферменттер клеткадағы барлық реакцияларды белгілі бір 
жолдармен іске асырады, себебі ферменттердің таңдалмалығы жоғары және әрекеттері 
нақты болады. Сондықтан олар, көпшілік жағдайда, белгілі бір нақты реакцияны ғана 
катализдейді. Фермент өзі байланысатын субстраттың қатыса алатын химиялық реак-
цияларының тек біреуінің ғана активтену энергиясын төмендете алады. Осы жолмен, 
көптеген фермент көптеген молекулалардың әрқайсысын белгілі бір реакциялық жол-
мен бағыттай алады (
2.24-сурет
). 
2.23-сурет. 
Ферменттер реакциялардың тепе-теңдік нүктесін ауыстыра алмайды. Ферменттер, бар-
лық каталитиктер сияқты, реакцияны тура және кері бағытта бірдей жылдамдықпен тездетеді. Осы 
жерде көрсетілген катализденетін және катализденбейтін реакциялардың екеуі үшін Y/Х қатынасы 3 
болған жағдайда X→Y реакциясына түсетін молекулалар саны Y→X реакциясына түсетін молекулалар 
санына тең болады. Басқаша айтқанда екі реакция тепе-теңдікке бірдей нүктеде жетеді.
Тірі организмдердің артықшылығына олардың клеткаларының нақты спецификалық 
қасиеті бар ферменттердің көптеген түрлерін синтездей алатын қабілетін жатқызуға бо-
лады. Әр ферменттің белсенді сайты – белгілі бір субстратқа ғана сай келетін қалташа-
сы немесе жолағы болатын – қайталанбас кеңістіктік құрылымы болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет