КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
73
2.24-сурет.
Субстрат молекулаларын ферменттік катализ
көмегімен спецификалық реакциялық жолға бағыттау.
Клеткадағы субстрат молекуласы (жасыл шар) ферментпен
катализденетін реакциялар қатарымен әртүрлі молекула-
ларға (көк шар) айналады. Көрсетілгендей (сары бокс), бірне-
ше реакция әр қадамда энергия тұрғысынан тиімді, бірақ тек
біреуі ғана барлық ферменттермен катализденеді. Өз алдын-
да, ферменттер жиынтығы реакцияның бағытын анықтайды.
2.25-сурет.
Фермент қалай
әрекет етеді. Әр ферменттің
субстратпен байланысатын бір
немесе бірнеше белсенді сай-
ты болады. Субстрат байла-
нысқаннан кейін фермент-суб-
страт кешені қалыптасады.
Реакция белсенді сайтында
орын алады да, фермент-өнім
кешені түзіледі. Кейін өнім бо-
сатылады және фермент келе-
сі субстрат молекулаларымен
байланыса алады.
Ферменттер өз субстраттарын қалай табады: молекулалық қозғалыстың
қайталанбас шапшаңдығы
Фермент, көп жағдайда, әр секунд сайын мыңдаған субстраттардың түрлену реакция-
ларын катализдейді. Ол миллисекунд уақыт аралығында жаңа субстратпен байланысуы
керек. Фермент пен оның субстраты клеткада салыстырмалы түрде өте сирек кезігеді.
Олар бірін-бірі қалай тез арада табады? Олардың байланысуы өте аз уақыт аралығында
өтеді, себебі жылу тудыратын қозғалыстар молекулалық деңгейде өте жылдам жүреді.
Осы молекулалалық қозғалыстарды үш түрге бөлуге болады: (1) молекуланың бір
жерден басқа жерге жылжуы (
трансляциялық қозғалыс), (2) бір-бірімен ковалентті бай-
ланысқан атомдардың кері-және-алға жылжуы (тербеліс) және (3) ауысулар (ротация).
Осы қозғалыстардың барлығы әрекеттесетін молекулалардың беттерін ұйқастырады.
Молекулалық қозғалыстардың деңгейі көптеген спектроскопиялық әдістердің көме-
гімен тіркеле алады. Үлкен глобулярлы белок әрқашанда қозғалыста болады, ол өзінің
өзегі бойымен секунд сайын миллион рет айналады. Сонымен қатар, молекулалар
қалыпты трансляциялық қозғалыста болады және осындай қозғалыстың арқасында мо-
лекулалар клетка ішінде ізденісті іске асырады. Мұндай үдеріс
диффузия деп аталады.
Осы жолмен клеткадағы әрбір молекула басқа көптеген молекулалармен әр секунд сай-
ын соқтығысып отырады. Сұйықтықтағы молекулалар бір-бірімен үнемі соқтығысып
отыратындықтан, соқтығысқанға дейін молекула алдымен бір бағытқа қарай қозғалса,
сонан кейін оның бағыты басқа жаққа бұрылады (мұндай процесс
кездейсоқ серуен
деп аталады) (
Достарыңызбен бөлісу: