БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
147
құрылымдар клетка сыртындағы матрикс молекулаларының
құрамында және клетка
бетіндегі рецепторлық белоктардың клетка сыртындағы аудандарында жиі кездеседі.
Домендердің бұлардан басқа кең таралған түрлері болады, солардың ішінде 3.15-сурет-
те көрсетілген крингл домені мен SH2 домені «аша» тәрізді түрге жатады және олардың
N- және C-ұштары жақын орналасады. Геномдық ауыстырулардан кейін осындай до-
мендер екінші белоктың ілмек ауданына енетін аймақ ретінде қарастырылады.
Әртүрлі эукариоттардағы домендердің жиілігін салыстыру нәтижесінде протеинки-
назалар сияқты көптеген домендердің жиілігі ашытқылар, өсімдіктер, құрттар, шіркей-
лер мен адамдарда бірдей болатындығы анықталды. Бірақ бұлардан басқа маңызды ерек-
ше домендер де болады. Соның ішінде антигендерді танитын Басты Гистосәйкестілік
Кешенін (БГК) атап өтуге болады. Адамдарда оның 57 көшірмесі болады, ал жоғарыда
аталған организмдерде олар кездеспейді. Осындай домендердің
эукариоттарға ортақ
болмайтын арнайы
функциясы болады; олар эволюция
барысында өте қатаң сұрып-
талудан өтті. Жоғары эукариоттарда осыған ұқсас SH2 доменінің көптеген көшірмесі
болады; мұндай домендер мультиклеткалылықпен байланысты екені болжалуда.
Кейбір домендердің жұптары көптеген белоктар құрамында табылған
Геномдары белгілі организмдердің негізінде біз домендердің қолданылуы туралы үлкен
кесте құрастыра аламыз. Мысалы, адам геномында 1000 иммуноглобулин домендері,
500 протеинкиназа домендері, 250 ДНҚ
байланыстырушы гомеодомендері, 300 SH3
домендері мен 120 SH2 домендерінің ДНҚ тізбектері бар. Осыған қоса, барлық белок-
тардың үштен екі бөлігінде екі немесе одан да көп домендерден тұратындығы және до-
мендердің бірдей жұптары белоктағы ұқсас ауысуларда қайталамалы түрде кездесетіні
анықталды. Дегенмен, барлық домен туыстастықтарының шамамен жартысы архейлер,
бактериялар мен эукариоттар үшін ортақ болса да, екі-домендік комбинациялар орга-
низмдердің тек 5%-ында ғана кездеседі. Осындай паттерн
екі-домендік комбинация-
лардың эволюцияның соңғы кезеңдерінде домен ауысуларының
нәтижесінде пайда
болғанын дәлелдейді.
Адам геномы белоктардың күрделі жиынтығын кодтайды және көптеген
мәліметтердің белгісіз екенін көрсетеді
Адам геномының секвенирленуінің нәтижелері таңғаларлық болды, себебі олар біздің
геномымыздың тек 21000-ға жуық генін кодтайтынын анықтады. Осы санға сүйенетін
болсақ, онда біздің күрделілігіміз
Arabidopsis сияқты арамшөптен аспайды және жұмыр
құрттан 1,3 есе ғана күрделірек келеміз. Омыртқалылардың геном тізбегіндегі белок
домендерінің, шамамен, барлығы дерлік омыртқасыздардан алынғаны анықталды –
адамда анықталған домендердің тек 7%-ы ғана омыртқалыларда кездеседі.
Дегенмен, біздің денеміздегі әрбір белок біршама күрделірек келеді (
Достарыңызбен бөлісу: