БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
145
жеке белок бөлек дамыды және өзіне тән ерекше функцияға ие болды. Мысал ретінде
эластаза мен химотрипсин белоктарын алуға болады (3.12-сурет). Оларды кейде басқа
организмдердегі сәйкес белоктардан ажырату үшін
паралогтар деп атайды (
ортолог-
тар, адам мен тышқан эластазалары).
Рентген сәулелік кристаллография және ядролық магниттік резонанс сияқты күшті
әдістердің көмегімен біз қазіргі таңда 100000-нан астам белоктардың үшкеңістіктік
құрылымын немесе конформациясын білдік. Белоктардың конформацияларын салыс-
тыру көмегімен биологтар (биологиялық молекулалар құрылымының мамандары)
табиғатта белок домендерінің фолдингке ұшырауының шектеулі жолдарының бола-
тындығын анықтады. Олардың саны барлық организмдерді қарастырғанда 2000-нан
аспайды. Осындай
белок фолдингтерінің көпшілігі анықталды.
Белоктардың дерекқорында қазіргі таңдағы белгілі жиырма миллионнан астам бе-
лок тізбектері туралы мәліметтер сақталған және ДНҚ
тізбектері анықталып жатқан
организмдердің саны көбейген сайын жаңа белоктардың саны да өсіп келеді. Кодтала-
тын полипептидтердің ұзындығы 6 амин қышқылынан бастап 33000 амин қышқылынан
тұратын алып белоктарға дейін жетеді. Белоктарды салыстыра отырып зерттеу өте
маңызды, себебі әртүрлі белоктардың құрылымдары ұқсас
бөліктерімен байланысты
болатын ұқсас функцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Жаңадан табылған белок-
ты аминқышқылдық тізбегі мен функциясы белгілі белокпен ұқсастығын салыстыра
отырып көптеген жылдар бойы жүргізілген тәжірибелерді қысқартуға болады. Осындай
тізбектік ұқсастық, мысалы, сүтқоректілер клеткаларының ісік клеткаларына айналуын
бағыттайтын кейбір гендердің протеинкиназаларды кодтайтынын анықтауға мүмкіндік
берді (20-тарауда талқыланады).
Кейбір белоктық домендер көптеген белоктарда кездеседі
Көптеген белоктар полипептидтік тізбектің әртүрлі аудандарында жинақы құрылымдар
түзетін домендер жиынтықтарынан тұрады. Осындай мультидомендік құрылымдар әр
доменді кодтайтын ДНҚ тізбектерінің кездейсоқ бірігуінің нәтижесінде пайда болған
және осындай процестердің барысында жаңа ген түзіледі деп болжалуда.
Доменнің ауы-
суы атты эволюциялық процесс кезінде көптеген
үлкен белоктар
алғызаттық домендердің бірі-
гуінен дамыды (
Достарыңызбен бөлісу: