Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет133/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   330
3.12-сурет
). Дегенмен, көптеген әртүрлі серинпротеазалардың ферменттік 
белсенділігі әртүрлі болады және әрқайсысы әртүрлі белоктарды және әртүрлі амин 
қышқылдарының арасындағы пептидтік байланыстарды ыдыратады. Сондықтан осы 
ферменттердің әрқайсысы организмде тек өздеріне ғана тән белгілі бір қызмет атқарады.
3.12-сурет. 
Екі сериндік про-
теазалар конформацияла-
рының салыстырмасы. Элас-
таза мен химотрипсин кон-
формацияларының қаңқала-
ры берілген. Жасыл түспен 
таңбаланған амин қышқыл-
дары екі белокта бірдей 
келеді және екі конформа-
ция өте ұқсас болады. Әр 
ферменттің белсенді сайты 
қызыл түспен таңбаланған; 
осы ауданда субстрат бола-
тын белоктардың пептидтік 
байланыстары түзіледі және 
гидролиз көмегімен ыдырайды. Сериндік протеазалар өз атын сериндік амин қышқылынан алған. 
Олардың белсенді сайтында сериндік жанама тізбек болады және ол гидролизге тікелей қатысады. 
Химотрипсин молекуласының оң жақтағы екі нүктесі фермент өз қаңқасын кескен кезде пайда бола-
тын жаңа ұштарды таңбалайды. 
Біз ұсынған серинпротеазалар туралы жағдай басқа да көптеген белоктар туыста-
стықтарына тән қасиет болып табылады. Жалпылай айтқанда белок туыстастығының 


144 3-тарау. Белоктар
әртүрлі мүшелерінің құрылымдары, аминқышқылдық құрамына қарағанда, жоғары 
консервативті болады. Көпшілік жағдайларда, белоктар аминқышқылдық құрамы бо- 
йынша өте ерекшеленеді және осындай белоктардың бір туыстастыққа жататындығын 
тек үш кеңістіктік құрылымын құрастырғаннан кейін ғана білуге болады. Мысалы, 
ашытқылардың α2 белогы мен Drosophila-ның кетік (engrailed) белогы гомеодомен туы-
стастығына жататын реттегіш белоктар болып табылады. Бұл белоктардың құрамын-
дағы 60 амин қышқылының тек 17-сі ғана ұқсас болғандықтан, олардың туыстастығы 
белоктардың тек үш кеңістіктік құрылымын зерттеу арқылы анықталды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет