146 3-тарау. Белоктар
3.15-сурет.
Үш ортақ домендердің үш кеңістікті құрылысы. Осы таспалық диаграммаларда β-қатпар
тізбектері сызықты көрсеткіш және N- мен C-ұштары
қызыл сфералар түрінде көрсетілген. Табиғат-
та осыдай «модельдердің» көптеген түрлері бар (M. Baron, D.G. Norman және I.D. Campbell,
Trends
Biochem.
Scl.16:13-17, 1991 көзінен Elsevier рұқсатымен және D.J. Leahy et al.,
Science. 258: 987-991,
1992 көзінен AAAS рұқсатымен қолданылған).
Көрсетілген әр доменде β-қатпарлардан тұратын тұрақты ядролық құрылым бо-
лады және олардан төмен деңгейде ұйымдасқан полипептидтік
тізбектің ілмектері
шығады. Ілмектер басқа молекулалармен байланысу сайттарын қалыптастыру үшін
арнайы осындай қалыпта болады. Жақсы мысал ретінде антиденелердің байланысуын
қалыптастыратын иммуноглобулин фолдингін алуға болады. Осындай β-қатпарларға
негізделген домендер өзінің эволюциясы барысын-
да лигандтарды байланыстыратын
жаңа сайттарын
қалыптастыру үшін шығып тұрған ілмектеріндегі аз
ғана өзгерістерді қажет етті (3.42-сурет).
Белок домендерінің маңыздылығын сипаттайтын
екінші қасиетіне олардың басқа белоктар құрамына
оңай ене алатын қабілетін жатқызуға болады. 3.15-су-
ретте көрсетілген үш доменнің екеуінде N- және
C-ұштары доменнің
қарама-қарсы полюстерінде
орналасқан. Осындай доменді кодтайтын ДНҚ тан-
демдік дупликацияға ұшыраған кезде тізбекті дупли-
кацияланған ұзарған құрылымды домендер
түзу мақ-
сатында бір-бірімен немесе тізбекті орналасқан басқа
домендермен оңай біріге алады (
Достарыңызбен бөлісу: