Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет.  Клетканың қалыпты ядросының көлденең кесіндісі



Pdf көрінісі
бет203/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.9-сурет
Клетканың қалыпты ядросының көлденең кесіндісі. (A) Адам фибробласты ядросының 
жұқа секциясының электрондық микрографиясы. (Ә) Ядролық қабықтың екі мембранадан тұраты-
нын көрсететін бейне. Сыртқы мембрана эндоплазмалық тор (ЭТ) мембранасымен байланысады. 
Эндоплазмалық тор ішіндегі кеңістік (ЭТ қуысы) сары түспен боялған; ол екі ядролық мембрана 
арасындағы қуыспен жалғанады. Ішкі және сыртқы мембраналардың липидті биқабаты әр ядролық 
пора аймағында байланысады. Ядро ішіндегі аралық филаменттердің (қоңыр) жалпақ торы ядролық 
ламинаны (қоңыр) құрайды және ядролық қабыққа механикалық қолдау көрсетеді. Қою түспен бо-
ялған гетерохроматин ДНҚ-ның жоғары конденсацияланған аудандарын құрайды (A, E.G. Jordan and 
J. McGovern сыпайлылығымен қолданылды).


222 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Қорытынды
Генетикалық ақпарат ДНҚ құрамындағы нуклеотидтердің сызықты тізбегінде 
орналасады. ДНҚ молекуласы бір-бірімен А-Т және Г-Ц арасындағы сутектік байла-
ныстар көмегімен байланысатын комплементарлы және біріне-бірі антипараллель 
болып келетін тізбектерден тұратын қос тізбекті спираль болып табылады. Генети-
калық ақпараттың дупликациясы (екі еселенуі) бір тізбектің комплементарлы екінші 
тізбекті синтездеу үшін матрица ретінде қолдануы жолымен іске асады. Организм 
ДНҚ-сындағы барлық РНҚ-лар мен белоктар синтезіне қажетті толық ақпарат 
геном деп аталады. Эукариоттарда ДНҚ үлкен мембраналармен байланысқан және 
мембраналармен оқшауланған ядро атты компартментте сақаталады.
ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
ДНҚ-ның ең маңызды функциясына гендерді – организмді қалыптастыратын барлық 
РНҚ мен белоктар туралы ақпаратты – сақтау. Соның ішінде клеткалардың қандай түр-
лерінде қандай РНҚ мен белоктардың қанша мөлшерде синтезделу қажеттілігі жайын-
дағы ақпарат та ДНҚ-да сақталады. Эукариоттардың ядролық ДНҚ-сы хромосомаларға 
бөлінеді және осы бөлімде біз гендердің хромосомаларға қалай ұйымдасатынын талқы-
лаймыз. Сонымен қатар, біз хромосомалардың нақты дупликациясы мен келесі ұрпаққа 
өзгеріссіз берілуіне қажетті арнайы ДНҚ тізбектерін сипаттаймыз.
Осыған қоса біз ДНҚ қапталуының мәселелерін талқылаймыз. Егер адамның жалғыз 
клеткасындағы барлық 46 хромосоманы бір-біріне жалғасақ, ДНҚ-ның ұзындығы ша-
мамен 2 метрді құрайды, ал барлық ядролық ДНҚ орналасқан ядроның диаметрі тек 
6 микрометрді (10
-6
метр) құрайды. Бұл ұзындығы 40 км болатын жіпті теннис добы-
ның көлеміне дейін ораумен тең болады. ДНҚ-ның қапталуы немесе оралуының қиын 
мәселесі ДНҚ-мен байланысатын белоктардың көмегімен іске асады. Осы белоктар 
ДНҚ-мен байланысып, ұйымдасқан ілмектер мен ширақтар түзеді. Дегенмен, осындай 
тығыз ұйымдасуына қарамастан ДНҚ оны репликациялайтын немесе репарациялайтын 
көптеген ферменттер үшін қолжетімді болады.
Эукариоттық ДНҚ хромосомалар жиынтығына қапталған
Эукариоттық клетканың әр хромосомасы белоктармен тығыз құрылымға қапталған 
жалғыз ұзын сызықты ДНҚ тізбегінен тұрады. Сонымен қатар, хромосома қаптайтын 
белоктармен қатар басқа да белоктармен байланыста болады (көптеген РНҚ молекула-
ларымен де байланысады). Осы белоктар гендер экспрессиясы, ДНҚ репликациясы мен 
репарациясы үшін қажет. ДНҚ мен тығыз байланысқан кешен хроматин (грек тілінің 
chroma
– бояу немесе түс, өзінің боялу қасиетіне байланысты) деп аталады.
Бактерияларда ядро болмайды және олардың гендері жалғыз, әдетте сақиналы түрде 
болатын ДНҚ молекуласында болады (1.24-суретті қара). Осы ДНҚ да белоктармен 
байланыста болады, бірақ олар эукариоттық белоктардан ерекше келеді. Кейде бакте-
риялық ДНҚ мен белоктар кешенін «бактериялық хромосома» деп атайды, бірақ біздің 
талқылауымыз толығымен эукариоттық хромосомаларға бағытталатын болады.
Гаметалармен (жұмыртқа мен сперматозоид) көбейе алмайтын және ДНҚ-сы мүлдем 
болмайтын кейбір жоғары маманданған (мысалы, қанның қызыл клеткалары – эритро-


ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
223
циттер) немесе өз ДНҚ-сын клетка циклын толық аяқтамай репликациялайтын клетка-
лардан (мысалы, мегакариоциттер) басқа адам организміндегі барлық клеткаларда әр 
хромосоманың екі көшірмесі болады және олардың біреуі әкеден, ал екіншісі анадан 
келеді. Аналық және аталық хромосомалар жұбы гомологты хромосомалар (гомолог-
тар) деп аталады. Гомологты емес хромосомаларға аталық Y хромосома мен аналық 
X хромосома жатады. Сонымен адамда 22 жұп ортақ хромосома мен екі жыныстық 
хромосома болады. Оларды ДНҚ гибридизация әдісінің көмегімен «бояу» арқылы 
ажыратуға болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет