4.10-сурет ). Осы әдісте (8-тарауда сипатталған) флуоресценттік
бояумен таңбаланған қысқа ДНҚ тізбегі зонд ретінде әрекет етеді де, байланысқан
хромосоманы байланысқан аймағында жарықтандырады. Хромосомаларды бояу
процесі, көпшілік жағдайда, клетка циклының митоз атты кезеңінде іске асырылады.
4.10-сурет. Адам хромосомала- рының толық жиынтығы. Осы
хромосомалар ядролық бөліну-
ден (митоз) өтіп жатқан аналық
клеткадан бөлініп алынды және
олар жоғары тығыздалған. Әр
хромосома олардың флуорес-
центтік микроскоп астында
анықтау үшін “спектралдық
кариотиптеу” әдісінің көмегімен
әртүрлі түспен “боялған”. Хро-
мосомаларды адам геномының
белгілі ДНҚ тізбектеріне сай
болатын таңбаланған ДНҚ тіз-
бектерінің үлкен жиынтығына
қосу арқылы бояуға болады. Әр хромосомаға сай болатын тізбектер жиынтығы флуоресценттік бояу-
лардың әртүрлі комбинацияларымен жұптастырылады. 1-хромосомадан алынған ДНҚ молекулалары
бір спецификалық бояулар комбинациясымен өңделеді, ал 2-хромосоманың ДНҚ молекулалары
басқасымен және т.с.с. Таңбаланған ДНҚ тек өзіне сай хромосомамен жұптасатындықтан, әр хро-
мосома ерекше түске ие болады. Осындай тәжірибелерде хромосомалар екі тізбекті ажырататын,
бірақ таңбаланған бір тізбекті ДНҚ-мен жұптасуға мүмкіншілік беретін және толық хромосоманы
интактты күйде қалдыратын өңдеуге түседі. (А) Ерітілген клеткадан тікелей алынған хромосомалар.
(Ә) Өздерінің сандық ретіне қарай орналастырылған дәл сол хромосомалар. Толық хромосомалар
жиынтығының орналасуы кариотип деп аталады (N. McNeil and T. Ried, Expert Rev. Mol. Med. 2:1-14,
2000 көзінен Cambridge University Press рұқсатымен қолданылды).
Хромосомаларды ажыратудың дәстүрлі әдісіне хромосомаларды жарықтандыратын
және сәулелендіретін жолақтар паттерндерін беретін бояулармен таңбалау жатады
(
4.11-сурет ). Осы жолақтар паттерндері хроматин құрылымдарындағы ерекшеліктерді
көрсетеді. Дегенмен, әр хромосома түрінің жолақтар паттерндері әртүрлі болады.
Адамның барлық 46 хромосомасының митоз кезіндегі көрінісі кариотип деп ата-
лады. Егер хромосомалардың аудандары жоғалса немесе аудандар хромосомалар ара-
сында көшетін болса, онда өзгерістер жолақ паттерндері немесе хромосомаларды бояу
паттерндерінде байқала алады (
4.12-сурет ). Цитогенетиктер осы өзгерістерді тұқым
қуалайтын хромосомалық ауытқулар мен ісік клеткаларындағы хромосмалық алмасу-
ларды анықтау үшін қолданады.