ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
277
4.72-сурет.
Неандерталдықтар. (A) Хорватиядағы үңгірді көрсететін Еуропа картасы. Осы үңгірде
неандерталдықтар геномының тізбектерін ашуда қолданылған ДНҚ-ның көзі болған сүйектер табыл-
ды. (Ә) Виндийя үңгірінің суреті. (Б) Виндийя үңгірінен табылған 38000 жылдық сүйектердің суреті.
Соңғы зерттеулер ДНҚ тізбегінің ақпаратын өте көне адам қалдықтарынан бөліп алуда алға басты
(
8.3-бейнефильмді
қара). (Ә, Johannes Krause рұқсатымен қолданылды; Б, R.E. Green et al.,
Science
328: 710-722, 2010 көзінен AAAS рұқсатымен қайта басылып шығарылды).
Көптеген түрлердің тізбектерін салыстыру негізінде функциясы белгісіз
консервативті ДНҚ тізбектерін анықтауға болады
ДНҚ туралы дерекқорлардағы ақпараттар зерттеушілер үшін ДНҚ бойынша қажетті
мәліметтер іздеуге болатын бай қор көзі бола алады. Осы ақпараттар заманауи орга-
низмдердің пайда болуы мен қалыптасуының эволюциялық жолдарын зерттеуге мүм-
кіншілік береді және клеткалар мен организмдердің функциясына көрініс бере алады.
Көптеген түрлер ДНҚ-ларының синтения
блоктарын салыстырған кезде көптүрлі
консервативті тізбектердің көптеген түрлерінің болатындығы анықталды:
олардың
кейбіреулері белокты кодтайды, ал көпшілігі кодтамайды (
Достарыңызбен бөлісу: