Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет70/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

химиялық топтың топ орналасқан молекуланың әрекетіне әсер ететін химиялық және 
физикалық қасиеттері болады. Ортақ химиялық топтар мен олардың кейбір қасиеттері 
2.1-панельде келтірілген. 
Клеткаларда кіші органикалық молекулалардың негізгі төрт туыстасы болады
Клеткадағы кіші органикалық молекулалар, молекулалық массасы 100-1000 арасын-
да болатын және құрамында 30-ға дейін көміртегі атомы бар, көміртегіге негізделген 
қосылыстар болып табылады. Әдетте, олар сұйық ортада бос күйінде кездеседі және 
әртүрлі мақсатта жұмсалады. Кейбіреулері белоктар, нуклеин қышқылдары және үлкен 
көмірсулар сияқты макромолекулалар түзілуіне жұмсалатын мономерлер бірліктері 
ретінде қолданылады. Басқалары энергия көзі ретінде жұмсалады және ыдыратылып, 
кіші молекулалар түрінде, клетканың метаболиттік жолдарындағы реакцияларға қаты-


КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
59
сады. Көптеген кіші молекулалардың бірнеше рөлі болады, мысалы, молекула макро-
молекуланың бірлігі немесе энергия көзі бола алады. Кіші молекулалар, органикалық 
макромолекулаларға қарағанда, сирек кездеседі және клеткадағы органикалық заттың, 
шамамен, тек 10%-ын ғана құрайды. Болжау бойынша клеткада осы кіші молекулалар-
дың мыңдаған түрлері болуы мүмкін. 
Барлық органикалық молекулалар қарапайым бірліктерден синтезделеді және сол 
бірліктерге дейін ыдыратылады. Нәтижесінде, клеткадағы қосылыстар бір-бірімен 
тығыз байланыста болады және олардың көбісі бірнеше туыстастыққа жіктеле алады. 
Жалпылай айтқанда клеткаларда кіші органикалық молекулалардың негізгі төрт туыс- 
тасы болады: қанттар, май қышқылдары, нуклеотидтер және амин қышқылдары 
(
2.6-сурет
). Дегенмен клеткадағы көптеген қосылыстар, солардың ішінде осы бірлік-
терден түзілетін кейбір макромолекулалар, осылай жіктелуге келмейді

Амин қышқылдары мен олар түзетін белоктар 3-тарауда қарастырылады. Қалған үш 
туыстастықтың қасиеттері мен құрылымдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет