Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет69/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.5-сурет
Сулы ортада про-
тондар оңай қозғалады. (A) 
Сірке қышқылы суда еріген 
жағдайда орын алатын реак-
ция. pH=7 болған жағдайда 
сірке қышқылының шамамен 
барлығы ацетат ионы түрінде 
болады. (Ә) Су молекулалары 
үнемі протондармен алмасып 
отырады және гидрониум 
мен гидроксил иондарын 
түзеді.
Гидроксоний ионының протоны клеткадағы көптеген молекулаларға оңай өте 
алатындықтан, клетка ішіндегі Н
3
О
+
концентрациясы нақты түрде қадағалануы тиіс. 
Қышқылдар, әсіресе әлсіз қышқылдар, өзінің протондарын Н
3
О
+
концентрациясы төмен 
болған жағдайда оңай береді және Н
3
О
+
концентрациясы жоғарылаған кезде протондар-
ды қайта қабылдайды. 
2.4-сурет.
 
Сутектік байланыстар. (A) Қалыпты сутектік 
байланыстың шар мен таяқша моделі. Оттегі мен сутегі 
арасындағы қашықтық олардың ван дер Ваальс радиу- 
старының қосындысынан кем және электрондардың 
жартылай ортақ екенін көрсетеді. (Ә) Клеткадағы ортақ 
сутектік байланыстар.


58 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Суда еріген кезде протондарды қабылдайтын қосылыстар негіздер деп аталады. 
Натрий гидроксиді (NaOH) негіз болып табылады, себебі ол сулы ортада Na
+
және ОН
-
иондарына оңай диссоциацияланады. Осындай қасиетіне байланысты ол күшті негіз 
болып саналады. Дегенмен, тірі клетка үшін әлсіз негіздер маңызды болып табылады. 
Биологиялық тұрғыдан маңызды көптеген молекулалардың құрамында амин (NH
2
) тобы 
болады. Осы топ судан протонды қабылдайтын әлсіз негіздік топ болып табылады: NH
2
+ H
2
O → NH
3
+ OH

(2.2-панель)
OH
-
ионы Н
3
О
+
ионымен бірігіп, судың екі молекуласын түзетіндіктен, OH
-
ионы 
концентрациясының артуы Н
3
О
+
ионы концентрациясының төмендеуіне әкеледі және 
керісінше болады. Таза суда осы иондардың концентрациясы тең болады. Клетканың 
ішіндегі бейтарап орта буферлердің – протондарды рН 7-ге жақын жағдайда бере 
алатын және қабылдай алатын әлсіз қышқылдар мен негіздер – көмегімен сақталады. 
Буферлер көмегімен, әртүрлі жағдайлардың болуына қарамастан, клеткадағы рН көр-
сеткіші бейтарап орта деңгейінде қала береді. 
Клетка құрамында көміртегісі бар қосылыстардан қалыптасады
Атомдардың молекулаларға қалай бірігетінін және осы молекулалардың сулы ортада 
қалай әрекет ететінін қарастырғаннан кейін біз клеткада кездесетін осы кіші молеку-
лалардың негізгі кластарымен таныса аламыз. Сіз әртүрлі элементтерден құралатын 
молекулалардың бірнеше класының тірі организмге тән формалары мен әрекеттерінің 
қаншалықты көп екенін көресіз.
Егер біз, мысалы, су мен калий сияқты бейорганикалық иондарды есепке алмасақ, 
онда клеткадағы барлық молекулалардың көміртегіге негізделетінін көреміз. Көміртегі, 
басқа барлық элементтерге қарағанда, өзінің үлкен молекулаларды түзу қабілетімен 
ерекшеленеді. Көміртегі атомы кіші және оның төрт электроны болатындықтан, ол 
басқа атомдармен төрт коваленттік байланыс түзе алады. Ең маңыздысы, көміртегі 
атомы басқа көміртегі атомымен өте берік С-С коваленттік байланыс көмегімен ұзын 
тізбек немесе сақинадан тұратын шексіз үлкен, әрі күрделі молекулалар түзе алады. 
Клеткамен өндірілетін көміртегілі қосылыстар органикалық молекулалар деп аталады. 
Ал басқа молекулалар, соның ішінде су, бейорганикалық қосылыстар қатарына жатады. 
Клеткада түзілетін молекулалардың құрамында метил (-СН
3
), гидроксил (-ОН), 
карбоксил (-СООН), карбонил (-С=О), фосфат (-РО
3
2-
), сульфгидрил (-SH) және амин 
(NH
2
) сияқты топтар түзетін атомдардың комбинациялары жиі кездеседі. Осындай әрбір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет