58 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Суда еріген кезде протондарды қабылдайтын қосылыстар
негіздер деп аталады.
Натрий гидроксиді (NaOH) негіз болып табылады, себебі ол сулы ортада Na
+
және ОН
-
иондарына оңай диссоциацияланады. Осындай қасиетіне байланысты ол күшті негіз
болып саналады. Дегенмен, тірі клетка үшін әлсіз негіздер маңызды болып табылады.
Биологиялық тұрғыдан маңызды көптеген молекулалардың құрамында амин (NH
2
) тобы
болады. Осы топ судан протонды қабылдайтын әлсіз негіздік топ болып табылады: NH
2
+ H
2
O → NH
3
+ OH
–
(2.2-панель)
OH
-
ионы Н
3
О
+
ионымен бірігіп, судың екі молекуласын түзетіндіктен, OH
-
ионы
концентрациясының артуы Н
3
О
+
ионы концентрациясының төмендеуіне әкеледі және
керісінше болады. Таза суда осы иондардың концентрациясы тең болады. Клетканың
ішіндегі бейтарап орта
буферлердің – протондарды рН 7-ге жақын жағдайда бере
алатын және қабылдай алатын әлсіз қышқылдар мен негіздер – көмегімен сақталады.
Буферлер көмегімен, әртүрлі жағдайлардың болуына қарамастан, клеткадағы рН көр-
сеткіші бейтарап орта деңгейінде қала береді.
Клетка құрамында көміртегісі бар қосылыстардан қалыптасады
Атомдардың молекулаларға қалай бірігетінін және осы молекулалардың сулы ортада
қалай әрекет ететінін қарастырғаннан кейін біз клеткада кездесетін осы кіші молеку-
лалардың негізгі кластарымен таныса аламыз. Сіз әртүрлі элементтерден құралатын
молекулалардың бірнеше класының тірі организмге тән формалары мен әрекеттерінің
қаншалықты көп екенін көресіз.
Егер біз, мысалы, су мен калий сияқты бейорганикалық иондарды есепке алмасақ,
онда клеткадағы барлық молекулалардың көміртегіге негізделетінін көреміз. Көміртегі,
басқа барлық элементтерге қарағанда, өзінің үлкен молекулаларды түзу қабілетімен
ерекшеленеді. Көміртегі атомы кіші және оның төрт электроны болатындықтан, ол
басқа атомдармен төрт коваленттік байланыс түзе алады. Ең маңыздысы, көміртегі
атомы басқа көміртегі атомымен өте берік С-С коваленттік байланыс көмегімен ұзын
тізбек немесе сақинадан тұратын шексіз үлкен, әрі күрделі молекулалар түзе алады.
Клеткамен өндірілетін көміртегілі қосылыстар
органикалық молекулалар деп аталады.
Ал басқа молекулалар, соның ішінде су,
бейорганикалық қосылыстар қатарына жатады.
Клеткада түзілетін молекулалардың құрамында метил (-СН
3
), гидроксил (-ОН),
карбоксил (-СООН), карбонил (-С=О), фосфат (-РО
3
2-
), сульфгидрил (-SH) және амин
(NH
2
) сияқты топтар түзетін атомдардың комбинациялары жиі кездеседі. Осындай әрбір
Достарыңызбен бөлісу: