Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет72/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.8-сурет.
Макромолекулалардың үш 
туыстастығы. Әр полимер коваленттік 
байланыстармен байланысқан кіші молеку-
лалардан (мономерлерден) қалыптасады.


КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
61
белоктардың құрамына тек 20 амин қышқылдарының түрлері ғана кіре алады. Осындай 
полимерлер тізбегінің бірліктерден түзілуінің кездейсоқ емес екендігінің тіршілік үшін 
маңызы зор; бұл бірліктер полимер тізбегіне белгілі-бір ретпен немесе тізбекпен жалға-
нады. Осындай процестердің іске асырылуындағы ферменттік реакциялардың күрделі 
механизмдері 5- және 6-тарауларда қарастырылған. 
2.9-сурет. 
Конденсация мен гидролиз қарама-қарсы реакциялар болып табылады. Клеткадағы ма-
кромолекулалар конценсация реакциясының көмегімен байланысқан суббөліктерден (мономерлер) 
түзілеген полимерлер болып табылады және олар гидролиз реакциясының көмегімен ыдырайды. 
Конденсация реакцияларының барлығы энергия жағынан тиімсіз; сондықтан полимердің түзілуі 
энергияны қажет етеді.
Ковалентті емес байланыстар макромолекулалардың пішіні мен басқа 
молекулалармен байланысу қасиетін анықтайды
Макромолекуладағы коваленттік байланыстар, олар байланыстыратын атомдардың ал-
масуын қамтамасыз ету көмегімен, полимер тізбегіне иілгіштік қасиет береді. Негізін-
де, осы қасиет макромолекулаға кез келген пішінге немесе конформацияға ие болуын 
қамтамасыз етеді, себебі кездейсоқ термальдық энергия полимер тізбегінің айналуына 
және бұрылуына мүмкіншілік береді. Дегенмен, кейбір биологиялық макромолекула-
лардың пішіні көптеген әлсіз ковалентті емес байланыстармен тұрақталады. Егер 
ковалентті емес байланыстар қажетті мөлшерде түзілсе, онда полимер тізбегі жоғары 
деңгейде белгілі бір пішінді таңдайды. Клеткаларда кездесетін көптеген белоктар мен 
РНҚ-ның кішігірім молекулалары дәл осындай жолмен жоғары спецификалық конфор-
мацияға ие болады (
2.10-сурет
). 
Биологиялық молекулалар үшін маңызды болатын ковалентті емес қатынастардың 
төрт түрін біз жоғарыда талқыладық және олар 2.3-панельде сипатталған. Сонымен 
қатар, мұндай байланыстар биологиялық макромолекулалардың қайталанбас пішінге 
ие болуына қатысуымен қатар, олар екі 
әртүрлі молекулаларды бір-біріне тарта-
тын күшті қатынастарды қалыптастыра 
алады (2.3-сурет). Молекулалық қатына-
стардың осындай түрі жоғары специфика-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет