Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы


Патогендік әсері және диагностикасы



бет8/11
Дата28.04.2022
өлшемі69,11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Патогендік әсері және диагностикасы. Альвеококкоз эхинококкозға қарағанда сирек кездеседі, алайда ағымы зілді, жиі бауырды зақымдайды. Альвеококк түйіні 15 см-ге дейін өседі. Жақын және алыс жатқан мүшелерге матастаз беру тән. Диагноз кеш сатыларында қойылады, оперативті емдеу өте қиын кейде мүмкін емес.

Алдын алуы. Жеке алдын алу – жеке бастың гигиенасы ережелерін сақтау. Қоғамдық алдын алу - санитарлық ағарту жұмысын жүргiзу. Арнайы тері сыпыратын мекемелер ұйымдастыру. Иттерді кеміруші етімен тамақтандыруға тиым салу.

Енді таспа құрт (Diphyllobothrium latum) – дифиллоботриоз ауруының қоздырушысы.

Орналасуы. Ересек формасы адам мен сүтқоректілердің ащы ішегінде.

Географиялық таралуы. Табиғи ошақты ауру, антропозооноз. Ошақтары Прибалтикада, Карелияда, Сібірде (Об, Енисей, Лена бойлауларында), Қиыр шығыста, Балтық жағалауларында, Скандинавия түбегіндегі елдерде, Польшада, Германияда, Голландияда, аҚШ-та кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет