Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

20

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



История

И СТО Р И Я

Граф К. К. Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының мақсаты

Ибраев Уалихан Cерикович

1

, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; 



Назарова Сабира Султангазиевна

2

, оқытушы; 



Ибраева Гульжан Каировна

3

, тарих магистрі, оқытушы



1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

2

Қызылорда көпсалалы колледжі 



3

Қызылорда медициналық колледжі (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Х

ІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей патшалығы қазақ да-



ласының оңтүстік өңірін толығымен өзіне бағындырып 

алғаннан кейін, жаңа жауланған жерлерді арзан шикізат 

көзінің қоймасы мен өнімдерін өткізу рыногына айналды-

руды мақсат тұтты. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен 

бұрынғы әкімшілік-аумақтық басқару жүйесін түп-тамы-

рымен өзгертіп, ішкі ресейлік басқару жүйесіне жақын-

дату арқылы, капиталистік рыноктық қатынастардың да-

муына ықпал ету болатын. Әкімшілік-саяси реформалар 

нәтижесінде 1867 жылдың 11 шілдесінде Александр ІІ им-

перия құрамында жаңа Түркістан генерал-губернатор-

лығын құру жөнінде жарлыққа қол қойды [1, c. 281-282]. 

Осы жарлықпен бір мезгілде «Сырдария және Жетісу об-

лыстарын басқару ережесінің жобасы» бекітілді.

Патша өкіметі Түркістан аймағында империяның 

өскелең өнеркәсібі мүдделерін көздеп, тонаушылық сипа-

тындағы игеру үдерісін тездетуге тырысты. Уақыт өте келе 

Ресей капиталы Түркістан өлкесінің әлеуметтік-эконо-

микалық және саяси дамуына барған сайын өз ықпалын 

нығайта түсті. Жергілікті халықтың жаңа әлеуметтік-эко-

номикалық сипаттағы қарым-қатынасқа тартылуы отар-

шылдық езгінің күшеюімен қатар жүргізілді.

Жергілікті әкімшілік орындары мен қоныс аударып 

келген шаруалардан қысым көрген қазақ халқы жер-

жерде наразылықтар ұйымдастыра бастады. Сонымен 

бірге, 1905–1907 жылдары Орталық Ресейде орын алған 

революциялық толқулар шет аймақтарда да көрініс тауып 

жатты. Сондай ереуілдер мен толқулар Орынбор-Ташкент 

темір жол жұмысшыларының арасында жиі болып тұрды.

Қиыр шығыста басталған орыс-жапон соғысы және он-

дағы орыс әскерлерінің жеңілісі өлке халқының патшалық 

жүйеге деген наразылығы мен ашу-ызасын одан сайын 

өрістете түсті.

Бұл іс-әрекеттерге жауап ретінде орталық билік жан-

дармдық және полицейлік қадағалауын күшейтті және 

1906 жылдың 21 қаңтарындағы № 187-ші Ішкі істер ми-

нистрлігінің әскери губернаторларға жіберген құпия ха-

тында: «Қаруды заңда көрсетілген жағдайларда үзіл-

ді-кесілді және қатаң түрде пайдалану қажет. Әсіресе 

қарулы бүлікшілерге қатысты ешбір келісімдер мен келіс-

сөздерге баруға болмайды, орынсыз кешіктіру мен бо-

саңсу бұл жағдайда, тәртіпсіздіктердің одан әрі өршуіне 

жол беріп, оларды басуға көп күш жұмсауды қажет ететін 

болады» [2, 16 б.], — деген мазмұнда жандармдар мен 

полиция қызметкерлерінің қару қолдану тәртібі белгіленді. 

Осылайша, жандармдар мен полиция қызметкерлерінің 

халыққа қару қолданылу тәртібі реттелді.

Қазақ даласы мен оның Оңтүстік өңірі Ресей 

империясының «шет аймағы» екенін ескере отырып, 

орталық үкімет жергілікті басқару ісін әскери 

министрліктің құзырында қалдырған еді. Бүкіл жергілікті 

әкімшілік және азаматтық билік әскери шенділердің 

қолына шоғырланды. Бұл мәселеге байланысты белгілі 

тарихшы П. Г. Галузо былайша сипаттама берген болатын: 

«Басқару аппаратының әскери екені белгілі. Сол себепті 

де олар азаматтық заңнамаларды біле бермейді және 

де әкімшілік іс жүргізуде теориялық дайындықтары 

жетіспейді» [3, с. 29].

ХХ ғасырдың бас кезіндегі өлкедегі саяси-әкімшілік 

басқару мен заңдылық қағидаларының сақталуы жөнінде 

көрнекті ұлт зиялыларымыздың бірі М. Тынышпаев: 

«Біз өзіміздің сансыз көп бастықтарымыздың ішінен бізді 

алуан түрлі сөздермен және әрекеттермен қорлау үшін, 

реті келгенде өз жағдайын пайдаланбай қалатын бір-

де-біреуін білгенде жоқпыз. Уақыт өте келе, Ресей им-

периясының заңдары біздің көз алдымызда әкімшілік 

озбырлықпен алмастырылды. Сөйтіп біз оларға жоға-

рыдан «ерекше құқықтар мен артықшылықтар берілген» 

деп ойлай бастадық. Біздің жүгінетін жеріміз жоқ. Өй-

ткені жоғарғы өкімет орындары біздің әділетсіздік пен 

қысым көрсетушілік туралы өтініштерімізді төменгі ті-

келей бастықтарға ізгілікпен қарауға жібере салады, тек 

кейбіреулері ғана кейде батылы барып мұндай әрекет-

терді жоғарғы жаққа жеткізеді. Бірақ көптеген жағдай-


21

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



History

ларда ғана олардың өздері де қанағаттандырылмай, өкімет 

орындарының адамгершілік жағынан қорлап, халық бұқа-

расының көз алдында кемсітілген күйде қала береді. Сон-

дықтан біздің даламызды жүгенсіздікпен жайлап алған оз-

бырлық пен заңсыздық атаулыны жойып, біздің барлық 

жерімізде әділеттілік пен заңдылық қағидаларын енгізу 

қажет» [4, с. 16], — деген болатын.

Түркістан генерал-губернаторлығында, оның ішінде 

Сырдария мен Жетісу облыстарында орын алған осындай 

теріс, кертартпа әрекеттер патша өкіметін алаңдатып, 

оңтүстік өңірге сенаторлық тексеру комиссиясын жіберуге 

мәжбүр етті. Нәтижесінде, 1908 жылдың 8-наурызында 

императордың бұйрығымен Түркістан өлкесіне сена-

торлық тексеру тағайындалып, 19-на бұл тапсырма се-

наттың 1-департаментінің мүшесі, Гофмейстер Граф Кон-

стантин Константинович Паленге жүктелді [5, 1-п.].

Сенаторлық тексерістің мақсаты мен міндеті туралы 

Әскери министрдің бұйрығында: «Тексерудің негізгі мақ-

саты — өлкені Ішкі істер министрлігі құзырына басқа-

руға беру алдында, өлкеде қалыптасқан саяси-қоғамдық 

жағдайды толық анықтап білу, кейбір ірі мәселелерді 

зерттеу, комиссияның негізгі көңіл бөлетін істері — қоныс 

аудару мәселесі, жергілікті халықты жерге орнықтыру, та-

у-кен ісінің мәселесі, земстволық шаруашылықтар және 

т. б. Сонымен қатар тексеру барысы жаңадан құрылған 

басқарма аралық ерекше жиналысқа, Түркістан өлкесін 

басқарудың ережесін дайындауға аса құнды мәліметтер 

жинауы тиіс» [6], — делінген.

Жалпы, сенаторлық тексерулер Ресей империясында 

жергілікті басқару органдарына төтенше қадағалау жүр-

гізу құқығына ие болатын. Алғашқы сенаторлық тек-

серулер 1722 жылы патша жарлығы негізінде енгізіліп, 

XVIII ғасырда мемлекеттік басқару тәжірибесіне толық 

ендірілді. 1799 жылдың 28 қарашасынан бастап, 1917 

жылғы Сенаттың таратылуына дейінгі аралықта жер-

гілікті жерлердегі әкімшілік басшылықтарға тексеруші 

сенаторлардың бұйрықтарын бұлжытпай орындау тапсы-

рылды [7, c. 84].

1908–1910 жылдары жүргізілген сенаторлық тек-

серудің мақсатын тек Түркістан өлкесін әкімшілік қайта 

құру қажеттілігі жағынан қарастырсақ дұрыс болмас. Се-

натор К. К. Паленге берілген тапсырма, тек қана өлкені 

басқару үшін жасалатын Ережеге мәлімет жинау деп көр-

сетілгенімен, не себепті Ережені өзгерту қажеттілігі туын-

дағаны жасырын қалды. Тексеру комиссиясының Түр-

кістан өлкесіне келгендегі негізгі себептері ретінде патша 

өкіметінің отаршыл саясатының реакциялық болмысы, 

әсіресе бұл 1905–1907 жылдардағы революциялық 

қозғалыс барысында айқын көрінді. Бірінші орыс револю-

циясы жеңіліске ұшырағаннан кейін, империяның бүкіл 

аймағында, оның ішінде Түркістан өлкесінде де билік та-

рапынан реакциялық іс-әрекеттер күшейді. 1905–1907 

жылдары Түркістан өлкесінде орын алған революциялық 

қозғалыстың ауқымынан сескенген патшалық билік, 1906 

жылдан 1909–1910 жылдарға дейін «күшейтілген күзет» 

тәртібін енгізеді. 1907 жылдың 3 шілдесінде қабылданған 

«Сайлау туралы заңы» бойынша Орта Азия мен қазақ 

халқын Мемлекеттік Думаға өкіл сайлау құқынан айырды.

Революциялық қозғалыстың бәсеңдеген уақытында, 

патшалық билік отар аймақтардағы басқару жүйесін, жаңа 

әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай етіп қайта 

құру қажеттілігін түсінеді. Себебі патша әкімшілігі ендігі 

кезекте өзінің біраз шайқалған билігін, тек қана жазалау 

шараларына сүйеніп дұрыстай алмайтындығын сезінді. Та-

рихи жағдайлар мен уақыт талабы отаршыл басқару ап-

паратына реформалар жүргізуді талап етті, бірінші ке-

зекте — өлкені басқару ісін қайта-құру қажет болды. 

Сенаторлық тексеру осы мәселе бойынша толық мағлұмат 

жинастырып, өлкені басқару Ережесінің жаңа жобасын 

дайындауы керек-тін. Жаңа Ереже бойынша өлкедегі пат-

шалық биліктің саяси үстемдігі мен беделін нығайту көз-

делді.

Құзыры кең тексеру комиссиясының Түркістан өлкесіне 



жіберілуі жергілікті қазақ, орыс басқа да ұлт өкілдерінің 

әділеттілікке, тәртіпке, шындыққа және заңдылыққа деген 

сенімділіктерін оятты. Жергілікті халық тексеру комис-

сиясының өкілдерін үмітпен күтті. Комиссияның құжат-

тары негізінде әкімшілік-саяси басқару аппараты заман 

талабына сай реформаланып, басқару ісі Әскери мини-

стрліктің құзырынан Ішкі істер министрлігінің тарапына 

өтуі керек болатын. Сонымен қатар Оңтүстік өңірдің 

әкімшілік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және руха-

ни-мәдени дамуына тежегіш күш ретінде болып отырған 

жемқорлық әрекеттерді, шенеуніктердің заңсыз іс-әрекет-

тері мен өз қызметтерін асыра пайдалануына және қара-

пайым халықты әртүрлі сылтаулармен тонау әрекеттеріне 

тыйым салатын тексеру деп түсінді.

Мәселен, ұлт зиялыларының бірі Серәлі Лапин өлкеде 

жүргізілетін сенаторлық тексеру комиссиясына зор сенім 

артып, «Слово» атты газетінде жариялаған мақаласында: 

«Елдің ішкі жағдайына тоқталсақ, бұл жерде ар-ожданның 

толық құлдырап, біраз нәрсенің қиратылғандығын, қатты 

бұрмалаушылыққа ұшырағанын көруге болады. Өл-

кеде шын мәнінде сайланатын әкімшілік, сайланатын сот 

жоқ. Оның орнына қазақтар үш түрлі пара беру жүйесіне 

ие болды (қызметке таңдау кезінде, ұсыну кезінде және 

бекіту кезінде). Өлкенің земстволық қаржысы жергілікті 

тұрғындар қажетілігіне жұмсалмайды, не мектеп, не ау-

руханалар, не жол салынбаған» [8], — деп қорытынды-

лайды. «Речь» атты газетіде К. К. Паленнің тексеру ко-

миссиясының Түркістан өлкесіне жіберілуін қуана жазып, 

төмендегі ойларымен бөліседі: «Очищение средне-азиат-

ских владений от разного рода взяточников, воров и рас-

хитителей, а также проверку работы администраций 

края» [9, c. 185-189]. «Ташкентский курьер» газетісіде 

жіберілген комиссияны қуаттайтындығын, оның құжат-

тары негізінде Түркістанды басқарудың жаңа әкімшілік 

және заңнамалық нормалары қалыптасатындығы жөнінде 

үміттененіп жазады [10].

Бұған негіздер де жоқ емес еді. Себебі, 1908 жылдың 

18-ші маусымында патшаның бекітуімен сенаторлық тек-

серу комиссиясына берілген нұсқауда барлығы айқын 


22

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



История

көрінеді. Онда комиссияға жүктелген міндеттер былайша 

көрсетілген:

«І. Тексеру барысы православиялық діни басқарма мен 

әскерилерден басқа, бүкіл үкіметтік және қоғамдық ұй-

ымдарды қамтуы керек.

ІІ. Тексерудің негізгі мақсаты болып, Түркістан өл-

кесінің қазіргі жағдайын жан-жақты айқындау, жиналған 

құжаттар негізінде өлкені басқару туралы ережені қайта 

даярлау, Түркістан өлкесін ішкі істер министрлігінің 

басқаруына беру тәртібі және де империяның орталық гу-

бернияларындағы басқару туралы заңнамалардың бұл өл-

кеге сәйкестігін анықтау.

Оның ішінде өлкені басқарудағы кейбір салалардың 

заңдарға сәйкестігін тексеру, іс барысында туындайтын 

мәселелерді реттеу және заң бұзушылық пен қызмет 

орындарын асыра пайдаланушылық жағдайларына көңіл 

аудару.


ІІІ. І және ІІ бөлімдердегі тапсырмаларды табысты әрі 

жан-жақты орындау үшін тексеруші сенаторға төменде-

гідей құқықтар беріледі:

1.  Генерал-губернатор мен әскери-губернаторлардың 

және басқа да әкімшілік биліктегілердің бұйрықтары мен 

циркулярлық тапсырмаларын заңға қайшы деп тапса, 

Басқарушы Сенатқа олардың тоқтатыла тұруын ұсынады;

2.  Тексеруге жататын бүкіл тапсырмалардың жер-

гілікті, үкіметтен тағайындалған және де сайланбалы аза-

маттық және әскери шенді қызметкерлерін, 4-ші санат-

тағы шенге дейін, орталық басшылықтарымен қатынасқа 

түспей-ақ қылмыстық іс қозғап, жұмыстан босатып, сотқа 

бере алады, ал сот басқармасының қызметкерлері үшін 

қылмыстық іс жүргізу тәртібі сақталуы тиіс.

3.  Ескертпе: Азаматтық қызметте жүрген әкімшілік 

басқармаларының әскери саптағы қызметкерлерін Се-

натор тек Әскери министрдің келісімі арқылы ғана жұмы-

стан босата алады.

4.  Тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында немесе әскери 

жағдайға байланысты және Түркістан өлкесі басқару ере-

жесіне сай әкімшілік ескертпелер алып, айдауда жүрген 

адамдарды тексеру барысына керек деп тапса, оларға қой-

ылған тиымды алып тастауға рұқсат етіледі;

5.  Бүкіл үкіметтік ұйымдар мен олардың қызметкер-

лерінен, оның ішінде сот органдарынан, тексеру палата-

ларынан, пошта-телеграфтық қызметтерден, жандармдық 

басқармалардан және жасырын бақылау бөлімшелерінен 

тексеруге жататын ұйымдар мен қызметкерлері туралы 

кез-келген ақпараттар мен қажетті істерді талап ете алады;

6.  Кредиттік өлшемдер туралы, егер де ол тексеруге 

қажетті ұйымдар мен қызметкерлерге қатысты ақпарат 

болса, сондай құқыққа ие; (4-ті қараңыз);

7.  Жеке түсінік беру үшін әр басқарманың қызмет-

керлері мен жеке адамдардың келуін талап ете алады;

8.  Керек болған жағдайда комиссия мүшелерінің 

санын көбейте алады, ол үшін Түркістан өлкесінде қыз-

метте жүрген адамдарды олардың тікелей басшылығымен 

келісе отырып, жұмысқа тартады;

9.  Өлкені тексеру барысында туындайтын түрлі мәсе-

лелерге байланысты жүргізілетін жиналыстарға, сол са-

лада жұмыс істейтін қызметкерлерді, қоғамның белсенді 

өкілдерін, тәжірибелі және білікті адамдарды шақыра 

алады» [5, 153-п.]

 — деп, көрсетілген.

Осылайша, орталық билік тарапынан Граф К. К. Па-

леннің сенаторлық тексеру комиссиясына генерал-губер-

наторлықтағы түрлі әкімшілік және салалық мекемелерді, 

қоғамдақ ұйымдар мен халықтың тұрмыс-тіршілігін жан-

жақты әрі толық зерттеу үшін кең мүмкіндіктер берілді. 

Бұл тексеру қорытындысының шынайлығы мен обьек-

тивтілігінің негізгі щарты болатын.

1908 жылдың жазында басталған сенаторлық тек-

серу, 1910 жылы өз жұмысын толық аяқтап, Түркістан өл-

кесінен Петерборға қайта оралды.

Әдебиет:


1.  Материалы по истории политического строя Казахстана. Сборник составлен кандидатом исторических наук 

М. Г. Масевичом. — Алма-Ата: изд. АН КазССР, 1960. — Т. 1. — 441 с.

2.  Шашаев Ә. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы полицейлік қадағалау жүйесі: құрылуы мен қызметінің 

тарихы (1867 − 1917 жж.): т. ғ. к…. Авторефераты. — Алматы, 2003. — 32 б.

3.  Галузо П. Г. Туркестан-колония (Очерк истории Туркестана от завоевания русскими до революций 1917 года). — 

М: изд. коммунистического университета трудящихся Востока им. И. В. Сталина, 1929. — 164 с.

4.  Тынышпаев М. История Казахского народа. — Алматы: Қазақ университеті, 1993. — 224 с.

5.  Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ӨР ОММ). 1-қ., 28-т., 986-іс.

6.  «Речь». 27 апреля, 1908.

7.  Высшие и центральные государственные учреждения России. 1801–1917 гг. Высшие государственные учреж-

дения. — СПб: Наука, 1998. — Т. 1. — 275 с.

8.  Лапин Сер-Али. Вспомнили о Туркестане // «Слово». № 459, 1908.

9.  Туркестанский сборник. 1909. — Т. 499. — 460 с.

10.  «Ташкентский курьер». № 158, 1908.



23

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



History

Түрксіб темір жолының Қазақстан дамуындағы рөлі

Қадыров Асылжан Мақсатханұлы

1

, тарих пәнінің ІІ санатты мұғалім; 



Байхадамова Жанар Амантаевна

2

, техника ғылымдарының магистрі, оқытушы



1

№ 43 Ж. Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі 

2

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)



Т

үрксіб темір жолының салынуы ХХ ғасырдың 20–30 

жылдарындағы ең ірі құрылыстардың бірі болды. ХХ 

ғасырдың 30 жылдары Қазақстан ғылымының және эко-

номикасының өте қарқынды дамыған уақыты деп айтсақ 

болады. Сондықтан орасан зор аумақты алып жатқан және 

қатынас жолдар торабы нашар дамыған Қазақстан үшін 

көлік қатынастарын дамыту мәселесі айрықша маңызды 

еді. Республиканың түсті металлургия, көмір және мұнай 

өнеркәсібі салаларын құру мәселесі (Қарағанды көмір 

алабының, Балқаштағы мыс қорыту зауытының, Шым-

кенттегі қорғасын зауытының, Риддердегі мырыш за-

уытының және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысы мен 

оларды дамыту, мұнайлы Батыс аудандарды игеру) көлік 

қатынастарына айтарлықтай тәуелді болды. Егер көлік қа-

тынасы Кеңес Одағында шешуші мәнге ие болып отырған 

болса, онда негізінен алғанда аралық көлік жолы ретін-

дегі Ташкент теміржолынан өзге, Түрксібке дейін еш-

теңе болмаған Қазақстан жағдайында, теміржол құрылы-

сының маңызы айрықша зор болмақ, өйткені ол Одақтың 

орталық аудандарын Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ бас-

паған, тұмса, бірақ сонымен бірге бай аудандарымен бай-

ланыстырды. Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда 

ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі 

құрылыс санатына енді. БК (б) П OK 1926 жылы 25 қара-

шада қабылданған қаулысында «Сібір мен Орта Азияны 

және Днепрдегі электр стансасын жалғастыратын Жетісу 

теміржолының құрылысы бүкілодақтық мәні бар барлық 

жұмыстардың ішіндегі кезек күттірмейтініне жатқызылды. 

Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір 

мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, сон-

дай-ақ ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс 

болды, ал бұл өз кезегінде мақта егілетін жер аумағын 

шұғыл кеңейтуге, мақта өнімінің өзіндік құнын арзанда-

туға, шет елдерден әкелінетін мақта мөлшерін қысқар-

туға, сол арқылы Кеңес Одағының сыртқы саудасының 

баланс белсенділігін күшейтуге мүмкіндік туғызды. Жаңа 

жол бұған дейін Орта Азияға РКФСР-дін еуропалық бөлі-

гінен тасып әкелінген астық пен ағаш материалдарды 

экспортқа және басқа қажеттіктерге пайдалануға мүм-

кіндік берді; Түрксіб Сібірдін ауыл шаруашылық өнім-

дерін (астық, ағаш және басқалар) Орта Азия базарына 

шығаруға, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік та-

сымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын 

жақсартуға жол ашты. Теміржол Қазақстан мен Қырғы-

зстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте 

отырып, мұндағы ауыл шаруашылығы дамуынын қуатты 

факторына айналды, әсіресе өнеркәсіпке қажетті шикізат 

бере алатын мал шаруашылығын және тау-кен ісін іл-

гері бастырды. Теміржол Іле, Ертіс және басқа өзендер 

арқылы кемемен жүзуді жақсартты. Түрксіб, Батыс Қытай 

мен Батыс Моңғолияның шекарасына өте жақын жерден 

өтетіндіктен, КСРО мен бұл елдердің тауар алмасуын ай-

тарлықтай жақсарта алатын еді [1].

Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы арнаулы 

басқармаға жүктеліп, оның бастығы болып B. C. Шатов 

тағайындалды. Жолды екі жақтан: солтүстікте Семей 

жағынан, ал оңтүстікте Луговой стансасы жағынан бастап 

салуға шешім қабылданды. РКФСР Халком Кеңесі жа-

нынан Жетісу теміржолына Жәрдем комитеті ұйымда-

стырылып, оған құрылыс жұмыстарын табысты жүргізуге 

жалпылай ықпал ету міндеті жүктелді. Комитет төрағасы 

болып РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын 

орынбасары Т. Р. Рысқұлов бекітілді. Жолдың солтүстік 

бөлігіндегі жер қазу жұмыстары 1927 жылы сәуір ай-

ында, ал жол төсеу — 15 маусымда басталды. 1927 жылы 

21 қарашада, ұзақ уақыттық дайындықтан кейін жол 

төсеу құрылыстын оңтүстік бөлігінде де басталды. Түрксіб 

құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар 

Рысқұловтың тағайындалуы жайдан-жай емес еді. Ол, 

1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комис-

сарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, 

Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын 

теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кез-

ден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы 

әрі көшбасшысы болды. Алғашында РКФСР ХКК жағын-

дағы Жәрдем комитетінің құрамына 18 адам енді, бірақ 

көп ұзамай оның мүшелерінің саны 50-ден асты. Ко-

митет жұмысына, оның пленарлық отырыстарының ара-

лығында Т. Рысқұлов бастаған Төралқа (алғашында 9, 

одан сон 11 адам) жетекшілік етті. Оған Қазақстаннан Ка-

зАКСР Халком Кеңесінің төрағасы Н. Н. Нұрмақов кірді. 

Комитет құрамына республикалар және аймақтар халко-

маттары өкілдерінен өзге, ғалымдар (8 профессор) және 

мамандар (инженерлер, экономистер, агрономдар және 

басқалар) енді. Т. Рысқұлов комитет құрамын жасак-

тауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді. 

Бұл ретте Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де са-

луға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері ин-

ститутының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы 

бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы 

үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев ту-

ралы мәселе ерекше мәнге ие еді. Бұл кезде М. Тыныш-

баев есімі кеңінен белгілі, әрі шойын жол құрылысын 

жүргізу мен пайдалануға беру жөнінен білгір маман 

ретінде кеңінен танылған болатын [2]. 1906–1914 жыл-

дары ол Ортаазия теміржолы тармағында алғашында ин-


24

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



История

женер, одан соң салынып жатқан Урсатьевск-Әндіжан 

теміржол желісінің бастығы, бас инженері, ал 1914 

жылы Арыс-Әулиеата теміржол құрылысының бас инже-

нері қызметін атқарды. Бұл жолдың 1926 жылы Луговой 

стансасына жетіп, құрылысы аяқталуына және Түрксіб 

теміржолы құрылысының басталуына байланысты, Бе-

резин, Шатов, Перельман секілді, жол қатынасының 

басқа да көрнекті инженерлерімен бірге, М. Тынышбаев 

осы ірі жол магистралін салуға шақырылады. М. Тыныш-

баев тек осы экспедицияларға ғана емес, болашақ Түр-

кістан-Сібір жолын зерттеу жөнінде Қазан төңкерісіне 

дейін жүргізілген басқа да экспедициялаға белсене атса-

лысты, атап айтқанда: 1906 жылы — Голембиевскийдің, 

1913 жылы Панфиловичтің, 1914 жылы — Лениониу-

стың, ал 1926 жылы Сахаровтың және 1927 жылы соңғы 

рет, Түрксіб экспедицияларына қатысты. Осы экспеди-

циялардың барлық ұсыныстары Кеңес өкіметі тарапынан 

ескерілді және Қазақстан бойынша бірінші бесжылдық 

жоспарына енгізілді. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев ма-

гистраль құрылысын жұмыс күшімен жергілікті еңбек 

қорлары есебінен қамтамасыз етуге, қазақтарды құрылыс 

және теміржол жұмысшылары қатарына тартуға, оларды 

оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше 

көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы күшін 

Қазақстан нан тысқары жерлерден әкелуге шектеулер 

қойылды. Маман жұмысшыларды алдын ала белгіленген 

мөлшерде ғана әкелу қарастырылды. Жергілікті тұрғын-

дарды магистральдегі құрылыс жүмыстарына барынша 

кеңінен тарту «ендігі жерде жергілікті теміржол про-

летариатын жасақтау мәселесінің принципті түрде қой-

ылуы ретінде, — деп көрсетті Т. Рысқұлов, — құрылыс 

жұмыстарының шығынын кемітуге нақты көмек көрсете 

алады…, сөйтіп, Түркістан-Сібір теміржолы құрылысын 

табысты жүргізуге ықпал етеді». М. Тынышбаевтың ұсы-

нысымен, магистраль құрылысының жұмысына Мәскеу, 

Ленинград, Ташкентте және Кеңес Одағының басқа да ірі 

қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тартылды. 

Олар жазғы демалыс кездерінде жұмысқа кіріп, прак-

тикалық тәжірибе жинақтады және еңбекақы алды, бұл 

олардың көпшілігі үшін үлкен материалдық көмек болды. 

Түрксібтін оңтүстік бөлігінде ғана Орта Азия мен Қа-

зақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам сту-

денті жұмыс істеді. Түрксіб жаңа қалыптасып келе жатқан 

Қазақстан жұмысшы табы ұлт кадрларының, әсіресе 

құрылысшылар мен теміржолшылардың ірі ұстаханасына 

айналды. 1927–1930 жылдары магистраль құрылысында 

20 мыңнан 30 мыңға дейін адам жұмыс істеді; олардың 

ішінде қазақтар қатары үздіксіз өсіп отырды. Олардың қа-

тарынан Д. Ж. Омаров, М. Т. Қазыбеков, М. Қаптағаев, 

Б. Аспаев, О. Байтулаков т. б. сияқты беделді басшылар 

мен танымал теміржолшылар шықты [3].

Түркісіб темір жолының үлкен маңызы Екінші дүние 

жүзілік соғыс жылдарында болды. Соғыс жылдарында 

Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс 

еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түр-

кістан — Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің 

үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды

әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, ме-

талл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жет-

кізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. 

1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, 

соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар 

қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. 

Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мо-

билизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте 

жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойызда-

рының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың 

қозғалысы едәуір қысқарды. Қозғалысты ұйымдастыруда 

айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, шикізат жүк-

терінің тасымалдары қысқартылды, жартылай фабри-

каттарды, дайын өнімдерді тасымалдау артты, қару-жа-

рақтар, рудалық қоспалар, вольфрам, молибден, ауыл 

шаруашылық машиналарын, газогенераторларды және 

басқаларды тасымалдау ұлғайды. Соғыстың алғашқы 

жылдарында Түрксіб арқылы адамдар мен материалдық 

ресурстарды үсті-үстіне жөнелту, Қазақстанға көшірілген 

кәсіпорындар мен адамдарды түсіру кезінде қиындықтар 

болды, тасымалдар мен вагондарға деген сұраныс нор-

мадағыдан үш есе асып түсті. ҚЖХК мен әскери коман-

дованиенің қорғаныстық және халық шаруашылық жүк-

терінің тасымалдары бойынша тапсырмалар бұлжытпай 

уақытында орындалды. Бұл оңайға түскен жоқ, дегенмен 

түрксібшілер барлық қиындықтарды жеңудің жолдарын 

тауып отырды. Қазақстанның теміржолшылары орасан 

зор тасымалдар көлемін орындады. Елімізге бірнеше 

айлардың ішінде елдің орталығынан 220 өнеркәсіптік 

кәсіпорындар және 550 мың адам көшірілді. Көмір жө-

нелту екі есе, қара металдарды жөнелту екі еседен астам, 

мұнай өнімдері мен рудаларды жөнелту 4 еседен астам 

өсті. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы қазақстандық 

қорғасыннан құйылып жасалған еді. Осының бәрінде де 

Түрксіб пен оның адамдары жетекші рөл атқарды [4].

Әдебиет:


1.  Отырар. Энциклопедия. — Алматы. «Арыс» баспасы, 2005. — ISBN 9965-17-272-2

2.  Асылбеков М. Х. Турар Рыскулов и М. Тынышпаев на Турксибе // Отан тарихы. — 2000. — № 1–2. — 114 б.

3.  Туркестан-Сибирская магистраль (Сб. статей). — М., 1929, 282 б.

4.  Асылбеков М. Х. Развитие железных дорог Казахстана в конце XIX — начале XX веков // Казахстан в канун 

Октября. — А.-А., 1969. — 196— 202–6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет