Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

61

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Art Studies

И С КУССТ В О В ЕД Е Н И Е

Ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні

Әлімжанова Сауықгүл Дәулетбайқызы, мұғалім

№ 81 орта мектеп (Арал ауданы, Қызылжар ауылы, Қазақстан)

Ж

ас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау үшін 



әр оқушыға қабілетіне сәйкес келетін білім беру 

қажет. Адамға ең бірінші еңбектің қажеттігін уақыт дәлел-

деуде. Адам өмірі үшін аса қажетті әрі өмір бойы тоқта-

усыз білім беретін пән технология. Бір-бірімен жалғасып 

келе жатқан технология оқу пәнінің білім стандартындағы 

басты мақсат- оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлы 

оқыту болып табылады. Сонымен бірге оқушыларды 

кәсіби еңбекке баулу арқылы іске асыру технологиясын 

жасау, оқуды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған шығар-

машылық үйірмелермен жұмыс жасаймын. Адам баласы 

туа сала емес, көре-көре жүре-жүре жетіледі. Өзім сабақ 

беретін 5–11 сыныптарда оқушыларға қолөнер әрбір 

адамның міндетті екенін үйірме арқылы үнемі айтып оты-

рамын. Өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі еңбектен та-

былатынын, адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде 

жақсы жетістіктерге жүргендіктерін өмірмен байланы-

стырып түсіндіремін. Оқудың қабілетін және белгілі бір 

кәсіпке бейімделетінін айқындай отырып әр оқушыға 

жеке тақырыптарды өмірмен байланыстырып бағыт-

бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге 

деген қызығушылығы артады. Сонымен ''сән'' үйірмесінің 

бағыты ұлттық қолөнерге негізделген..Жеке оқушының 

шығармашылық жұмысы да болашақта осы кәсіпті иге-

рудегі айғағы. Әр оқу жылының соңында апталық өткізіп, 

көрме ұйымдастыру жылдық дәстүріме айналған. Он-

дағы себебім бәсекелестік қоғамда өмір сүруге оқушыны 

бейімдеу- заман талабы. А Байтұрсыновтың ''Басқадан 

кем болмас үшін біз білімді күшті болумыз керек'' Білімді 

болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек деген сөзіммен 

ойымды түйіндесем. Қазақ халқы талғампаз халық. Ұр-

пағына қалдырған бай мұрасы- тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ 

жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең 

тәжірбиесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін 

үш анасы бар: сөз өнері, қол өнері, саз өнері.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолө-

нерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді 

ел болғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандан-

дырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім орда-

сына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға 

жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге 

талпынуда. Қазақ халқының қолөнері көне заман та-

рихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жетқан бай қа-

зына. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі 

тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. 

Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі 

түсті ою-өрнек адамзат дүниесінің табиғатпен біте қай-

насып, сонау заманнан келе жатқан қарым- қатынасын, 

көңіл күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін 

аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын 

өнер туындыларына арқау еткен. Менде өзім келін боп 

түскен шаңырақта үлкен әжелеріміздің он саусақтарынан 

өнер тамған шебер екенін сөзге тиек етіп кетсем деймін. 

Жолдасым үнемі анасы мен Елті әжесініңөте ісмер, шебер 

болғандығын айтып отырады. (Алматы кітап 2003) [1, 3 б.]

Тұрмыста тұскиізді әсемдік үшін кереге ұстаған, ал 

қалың киізден жасалған тұскиізді суықтан қорғану үшін 

пайдаланған. Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық 

дегендей, ана-әжелерімізден жеткен қолөнерімізді ұр-

пақтан — ұрпаққа бұлжытпай жеткізу біздің ұстаздық па-

рызымыз. Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан 

бабалар мұрасы тек шеберлікпен іскерлікті игеру ғана 

емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық татулық 

«заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ 

қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында 

эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі 

әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті 

танып, оны сүйіп, қастерлей білетін адам болып табы-

лады. В. Белинский былай деп айтқан: «Әсемдікті сезіну- 

адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңіре-

гінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін…,тек осы сезіммен 

ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің 

жеке көзқарасын да отан үшін құрбан ете алады, тек осы 

сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,… эстети-

калық сезім жақсылықтың негізі, адамгенршіліктің не-

гізі.» Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу-ұлттың 

өмірге мұқият зейін салуды талап етумен қатар бала-

лардың, ақуал ойын, дүниетанымын дамытады. Эстети-

калық сезім- адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып 


62

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Искусствоведение

дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын Мағжан Жұ-

мабаев: «Жартылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары 

адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, 

сұлу ай жұлдызды түн міне осылар сықылды жаратылы-

стың сұлу заттары, көріністері… адам жанының сұлулық 

толқынын оятып, сезім туғызбай қоймайды. Сұлулық 

сезімдері адамның сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәр-

седен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан 

тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан, баланың 

сұлулық тәрбиесіне жақсы ықпал жасауға тиіспіз.» деп 

өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қа-

былдауы, түсінуі мен сезінуі тиіс [1, 26 б.].

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар 

мұрасы тек шеберлікпен іскерлікті игеру ғана емес, адам-

заттың әлемді рухани-эстетикалық татулық «заттанған» 

көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы 

өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық 

тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз: Біріншіден, 

қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады 

(қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зер-

делеп бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшін-

шіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «ата-жұрт», 

«ата-мекен», «елім-жерім», «туған өлке» ұғымдарын қа-

лыптастырады. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам 

еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі 

әсемдікті танып, оны сүйіп, қастерлей білетін адам болып 

табылады. В. Белинский былай деп айтқан: «Әсемдікті 

сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім 

төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін…,тек осы 

сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, 

өзінің жеке көзқарасын да отан үшін құрбан ете алады, тек 

осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,… эсте-

тикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгенршіліктің не-

гізі.»

Эстетикалық сезім — адамның еңбек үстінде та-



рихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы 

ақын Мағжан Жұмабаев: «Жартылыстың, һәм искус-

ствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін 

оятады. Үлбіреген гүл, сұлу ай жұлдызды түн міне осылар 

сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері… адам 

жанының сұлулық толқынын оятып, сезім туғызбай қой-

майды. Сұлулық сезімдері адамның сұлу нәрсені сүюіне, 

көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жа-

мандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан, ба-

ланың сұлулық тәрбиесіне жақсы ықпал жасауға тиіспіз.» 

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау үшін 

әр оқушыға қабілетіне сәйкес келетін білім беру қажет. 

Адамға ең бірінші еңбектің қажеттігін уақыт дәлел-

деуде. Адам өмірі үшін аса қажетті әрі өмір бойы тоқта-

усыз білім беретін пән технология. Бір-бірімен жалғасып 

келе жатқан технология оқу пәнінің білім стандартындағы 

басты мақсат- оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлы 

оқыту болып табылады. Сонымен бірге оқушыларды 

кәсіби еңбекке баулу арқылы іске асыру технологиясын 

жасау, оқуды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған шығар-

машылық үйірмелермен жұмыс жасаймын. Адам баласы 

туа сала емес, көре-көре жүре-жүре жетіледі. Өзім сабақ 

беретін 5–11 сыныптарда оқушыларға қолөнер — әрбір 

адамның міндетті екенін үйірме арқылы үнемі айтып оты-

рамын. Өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі еңбектен та-

былатынын, адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде 

жақсы жетістіктерге жүргендіктерін өмірмен байланы-

стырып түсіндіремін. Оқудың қабілетін және белгілі бір 

кәсіпке бейімделетінін айқындай отырып әр оқушыға жеке 

тақырыптарды өмірмен байланыстырып бағыт-бағдар 

беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген 

қызығушылығы артады. Сонымен ''сән'' үйірмесінің 

бағыты ұлттық қолөнерге негізделген..Жеке оқушының 

шығармашылық жұмысы да болашақта осы кәсіпті иге-

рудегі айғағы. Әр оқу жылының соңында апталық өткізіп, 

көрме ұйымдастыру жылдық дәстүріме айналған. Ондағы 

себебім бәсекелестік қоғамда өмір сүруге оқушыны бей-

імдеу — заман талабы. А Байтұрсыновтың ''Басқадан 

кем болмас үшін біз білімді күшті болумыз керек'' Білімді 

болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек деген сөзіммен 

ойымды түйіндесем. Қазақ халқы талғампаз халық. Ұр-

пағына қалдырған бай мұрасы- тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ 

жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең 

тәжірбиесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін 

үш анасы бар: сөз өнері, қол өнері, саз өнері. Атадан ба-

лаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен 

ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз 

мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ 

қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте 

тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім 

мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпынуда.

Әдебиет:


1.  Энциклопедия. — Алматы кітап, 2003

63

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Philology

Ф И Л ОЛ О Г И Я

Шетел тілін үйрену — жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі

Атажанова Зейнеп Мырзақожақызы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор; 

Нұрмағанбетова Лиза, студент; 

Ережеп Таңшолпан, студент

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

әуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі 



көптеген елдермен саяси-әлеуметтік экономикалық 

және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл 

қарым-қатынастың нәтижелі болуы ел мен елдің, халық 

пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге 

тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан Респу-

бликасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстандағы 

тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 

жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан 2014 

жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Ел-

басы «Тілдердің үш тұғырлығы» — «Триединство языков» 

мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Тіджердің 

үш тұғырлылығы идеясында Елбасы оған нақты анықта-

масын берген, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — 

ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық эко-

номикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы 

«Болашақтың ірнесін бірге қалаймыз!» атты жолда-

уында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік — эконо-

микалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Бұл 

жоспар Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқта-

луын күтпей, өзіндік даму стратегиясын белгіледі. Прези-

дентіміз Н. Ә. Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, 

сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау сала-

ларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше 

аталып өтілді. Осы жолдауда ғылым мен білімнің модер-

низациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға 

қарай ағылшын тілін білетін халықтың саныкемінде 

20 %-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ 

тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек. Осы 

мақсатта 2013–2014 оқу жылында елімізде жалпы білім 

беретін мектептерде ағылшын тілін бірінші сыныптан 

бастап оқу бағдарламасына енгізілді.

Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның 

ішінде ағылшын тілін жәмыста немесе оқуда пайдала-

нады және ана тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, 

қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие 

болды. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған ха-

лықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен 

кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланылатын тіл. 

Ағылшын тілі — бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым 

мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық са-

лаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қа-

тарына жатады. Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың 

кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологи-

ясының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әй-

гілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, 

Вальтер Скотт, Чарльз Диккенс сөйлеген. Бүгінгі күні 

зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2–

1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі — 

жер бетіндегі ең кең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі 

әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мем-

лекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап 

ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі көп-

теген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табы-

лады.


Шетел тілін оқыту барысында инновациялық техно-

логияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қа-

тынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қа-

лыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін 

үйрету арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени 

мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістік-

терімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пән аралық 

байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Жалпы білім беретін жлғары оқу орындарында және 

орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге 

үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс 

істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа 

жағдайларға тап болған кезде шығармашылықпен қол-

дана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту 

мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп 

отрады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақ-

сатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәр-

биелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсат-

тардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл 

атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақ-

сатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін 


64

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Филология

оқытуда алты деңгей бойынша студенттер білім алады. 

Олар: «beginner», «elementary», «pre-intermediate», «in-

termediate», «upper-intermediate», «advanced».

Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың 

элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды 

оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге 

асады. Интеграция дегеніміз- пәндердің өзара байланысын 

жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция 

тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен 

жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа 

бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік 

береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін 



дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді 

шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу 

біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді 

пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық 

технологияларды қолдану; үш тілде де қарым — 

қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік 

қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма 

және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық 

қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары 

оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: 

модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, 

даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, 

жобалай оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту, сатылай 

кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік 

технология, т. б.

Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны 

күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің 

оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны 

айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның 

ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап 

жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл 

бет бұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта 

ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, 

ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы 

мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.

Осы шаралардың барлығы Елбасының «Сапалы 

білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық 

дамытудың негізі болуы тиіс» деген міндетін орындауға 

бағытталған. Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім 

кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым 

құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік 

беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды 

алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан 2014 жылғы «Егеменді Қазақстан», «Жаңа 

әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» — «Триединство языков»,»Егеменді 

Қазақстан»

2.  Назарбаев Н. А. «Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», «Казахстанская 

правда», «Егемен Қазақстан»1998–2012ж., қаңтар.

3.  Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Егемен қазақстан» 2014ж 

18-қаңтар.

Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің  

ұлттық-мәдени ерекшелігі

Нұрсұлтанқызы Жазира, филология ғылымдарының кандидаты, доцент; 

Жұмабекова Айғаным, студент

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Г

ендерлік лингвистика тіл білімінде жыныстарға қа-



тысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым. Ал «гендер» 

ұғымы жынысты биологиялық тұрғыдан емес, оны әлеу-

меттік-мәдени құрастырылым ретінде айқындайды. Ген-

дерлік зерттеулер аясына «жыныс», «гендер», «ген-

дерлік рөлдер» сияқты ұғымдар енеді. Қарым-қатынас 

процесінде ер адамдар мен әйел адамдар арасында 

гендерлік ерекшеліктер байқалады. Адамның жынысқа 

бөлуіне қарай ерлер мен әйелдердің мінез-құлқы, іс-

әрекеті ажыратылып отырады, олар түрлі қызмет 

атқарады. Тіл арнаулы «еркектік» және «әйелдік» болып 

бөлінбесе де, олардың сөйлеу әрекетіндегі мінез-құлқына 

қарай айырмашылықтар байқалады. Антропоцентрлік 

парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік 

рөлдермен астасып, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, 

халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен 

тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді.

ТМД елдерінде көптеген гендерлік топшылаулар, 

ой-тұжырымдар, зерттеу еңбектер жарық көрді. Атап ай-

тсақ, Е. М. Бакушева ерлер мен әйелдер тіліндегі эмо-

ционалдық мәселесін қозғаса, Г. Вэшле ерлер мен әй-

елдердің мамандығына, кәсібіне байланысты тілдік 


65

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Philology

ерекшеліктерін қарастырады. Е. Г. Голян ауызекі сөйлеу 

тіліндегі ерлер мен әйелдердің айырмашылығын зерт-

тесе, Д. О. Добровольский гендерлік зерттеулердегі фе-

министік идеологияның критерийлері мен ғылымилығы 

жөнінде сөз қозғайды. Е. А. Земская әйел тілі мен еркек 

тілінің функционалдық қызметін анықтаса, А. В. Кирилина 

гендерлік лингвистиканың даму жолдарын, орыс пареми-

ологиясындағы әйел дауысын, гендерлік стереотиптер ту-

ралы жан-жақты талдау жүргізді. Дж. Лаккофф гендерлік 

лингвистиканың когнитивтік семантикамен байланысын 

қарастырса, Н. А. Красавский паремиологиядағы әйел об-

разының бейнесін анықтайды. Зерттеушілер өз еңбектері 

арқылы гендерлік бағытты дамытты. XX ғасырдың 60-шы 

жылдарынан бастап гендерді лингвистикамен байланыста 

қарастырған ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. 

Зерттеуші А. В. Кирилина өз еңбектерінде «гендер» және 

«жыныс» ұғымдарын ажыратып берді: «Гендер (соци-

альный или социокультурный пол) не является языковой 

категорией, но его содержание может быть раскрыто 

путем анализа структур языка, что объясняет востребо-

ванность лингвистической компетенции для изучения 

культурной репрезентации пола» [1,133]. XX ғасырдың 

80-шы жылдарынан бастап гендерлік зерттеулерге ар-

налған еңбектер көбейе түсті. Тіл білімінде жыныстарға 

қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым — гендерлік 

лингвистика пайда болды. Гендерлік лингвистика теори-

ясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері 

Дж. Лакофф, Д. Спендер, О. Есперсон, орыс лингвистері 

А. В. Кирилина, М. А. Китайгородская, Н. Н. Розанова 

елеулі үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи си-

патқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыла-

рының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған. Қазақ 

гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті 

ғалым, тұңғыш профессор Қ. Жұбанов әртүрлі халықта 

әйелдер тіліне тән ерекшеліктер болатынын көрсеткен. 

Қ. Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің специфи-

калық ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қ. Жұ-

банов «Күншығыстағы әйелдер тұрмысы ерекше жағдайда 

болғандықтан, әйелдерге арнаулы түрлі әдет-ғұрып өзге-

шеліктері мұнда жиі ұшырайды. Сол әдет-ғұрып өзге-

шеліктерінің бірі — осы күнге шейін Кавказда армян, 

грузин, түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. 

Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір 

жылға шейін ата-енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап 

сөйлеседі. Бұл тілді армяндар «нашнауар» дейді. Наш-

науар сондай бай, сондай дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ 

сияқты. Мұндай, әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі бол-

маса да, әйел тілінің өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол 

өзгешеліктердің бірі — әйелдерде ғана болатын «ернін 

шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), 

«аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» 

(кекеткенде). Бұлар әйелдердің специфик тілі болып та-

былады», — дейді [2,41].

Кейінгі уақытта отандық тіл білімінде гендерлік тұрақты 

тіркестердегі әйел лексемасын қарастырған А. Смайловтың 

зерттеу еңбегінде [3], қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, 

ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік 

деректерді лингвомәдени бағытта айқындап, әйел 

концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық 

мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысынан түсіндірген 

А. Байғұтованың кандидаттық диссертациясында [4], әйел 

қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық 

сипаты мен ономасиологиялық негіздерін жан-жақты 

зерттеп, әйел қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын 

тілдік және тілдік емес факторлар арқылы анықтап, 

оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени 

өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастырған 

А. Әлімжанова [5] еңбектерінде қарастырылған.

«Әйел», «Ер адам» концептілері кез келген мәдениетте 

кездесетін концепт болғандықтан, әмбебаптық сипатқа 

ие. Дегенмен, бұл концептілердің белгілі бір қоғамға тән 

нақты ерекшеліктері де бар екені анық [6, 65].

«Әйел» концептісі барша халыққа ортақ концепт болға-

нымен, әр халықтың менталитетіне, дүниетанымына орай 

оның концептосферасы айқындалып отырады. Әйел за-

тына байланысты қазақ тілінде көптеген мақал-мәтелдер 

кездеседі. Әйел атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, 

отбасындағы орны, әлеуметтік орны, туыстық байланы-

сына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі. 

Мысалы, «әйел» концептісінің туыстық қатынастар ая-

сына қыз, келін, ана, жеңге, абысын, ене лексемалары 

енсе, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай бәйбіше, тоқал, 

жесір лексемалары қолданылады. Ал жас ерекшелігіне 

орай қыз (бойжеткен, қалындық, келін, келіншек), әйел 

(жұбай, жары, қосағы), бәйбіше (тоқал, жесір), кемпір 

(әже, кейуана) ұғымдарын жатқызамыз.

Мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, 

қамқорлық  сияқты қасиеттер ғалымның тілдік бейнесін-

дегі ана образын сипаттайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет