Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата24.03.2017
өлшемі11,15 Mb.
#10119
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

О  сын
Ж сын
ЕЗ он ж н
■ теріс ж н
27 сурег  - Ж а н с а қ  н ан ы м дарды ц  оқу  процесіндегі  корінуі  мен  өзгеруі 
(М үндагы :  о.сын.-орта  сы н ы н ;  ж .сы н.-ж огарга сы н ы п ; 
студ.- студенттер)
283

э) 
орыс  тілін  окыған  және  осы  пэн  арқылы  орыстар  турапы 
өзінін 
танымдык 
денгейін 
калыптастырган 
қазак 
этносы 
студенттерінің  жаңсак  нанымдар  өзгерістері  төмендегідей  болды: 
ескеретін  мэселе,  орыс  этносы  өкілдері  қазақ  этносы  жайлы  өте  аз 
білетін  болса,  көбіне  олардың  процент  көрсеткіштері  эдебиет,  кино, 
белгілі  ғалымдар  көлемінде  ғана  болса,  қазақтар  орыс  этносы  жайлы 
мектеп  багдарламасынан  өте  көп  хабардар.  Сондыктан  бұлардың 
апғашкы жаңсақ нанымдар деңгейі  де жоғары:  80  % оң жаңсақ наным, 
72 % теріс жаңсақ нанымдарды аңғартты.
Ал, II  курстың соңында бұл жансак нанымдар 70 %-ке төмендеп, 
теріс  жаңсақ  нанымдары  43  %-ке  төмендегенін  байкатты.  IV  курста 
студентгердің  бір-бірімен  карым-қатынасы  кұрт  жақсарып,  қарама- 
қарсы  этностарға  деген  ішкі  бағыттары  өзгеріп,  бірін-бірі  сыйлауы, 
бір-бірімен санасуы жоғарылады.
Бұл  курста  орыс  этностарының  жаңсак  нанымдары  85  %-оң 
жаңсақ  нанымдарды,  35  %-теріс  жаңсақ  нанымдарды  көрсетті;  қазақ 
этностарының  80  %-оң  жаңсақ  нанымдарды,  45  %-теріс  жаңсақ 
нанымдарын көрсетті.
Мұндағы  теріс  жаңсақ  нанымдардың  төмендеуі  студенттердің 
карым-қатынасьш  кедергі  жасайтын  психологиялық  бағыттарының 
өзгергендігін  аңғартады.  Осы  этностық  жаңсақ  нанымдардың  оку 
процесінде  өзгеріс  нәтижелерін  қорытындылап  есептегенде,  ІҮ  курс 
студенттерінің  қазақ  этнос  топтарында  80%  -  оң  жаңсақ  нанымдардың, 
45% - теріс жаңсақ  нанымдардың өзгеріске ұшырағанын,  ал  орыс  этнос 
топтарында  85%  -  оң  жаңсақ  нанымдардың,  35%  -  теріс  жаңсақ 
нанымдардың өзгеріске ұшырағанын байқадық.
Жалпы  екі  этнос  өкілдерінде  20%  -  оң  жаңсак  нанымдар,  40%  - 
теріс  жаңсак 
нанымдар  танымдык  оқу 
іс-әрекеті 
барысында 
өзгергендігін аңғардық.
Жогарыдағы  тәжірибелік  зерттеулерімізді  қорытындылай  келіп, 
төмендегідей тұжырымдар жасай аламыз:
1.  Екі  ұлт,  қазақ жэне  орыс  этностарының  арасында  эр түрлі  іс- 
әрекет процесінде байқалатын этнопсихологиялық ерекшеліктер бар.
2.  Қазақ  халқы  баска  этностармен  қарым-қатынас  процесінде 
өзінің этностық жаңсак  нанымдарын  төмендегідей  қасиеттер  негізінде 
байқатады:  қонақжай,  ақжарқын,  шыдамды,  ақниетті,  ынтымақшыл, 
қарапайым,  кеңпейілді,  тэрбиелі,  өздерін  төмен  бағалайтын,  кәсіби 
жұмыска  епсіз,  тұйық,  көбінесе  бас  пайдасын  ғана  ойлайтын,  жалқау, 
бір кұннің есебімен емір сүретін, ысырапшыл халық.
3.  Орыс  этносының  ездеріп  басқа халықтан  ерекшелеп  түратын 
жаңсак  нанымдары  темендегі 
касиетгерден  байқалады: 
ашық,
284

'
акжарқын,  тез  сөйлесіп  кете  алады,  табысқа  жетуге  эрдайым 
ұмтылады,  ұкыпты,  тэрбиелі,  айлакер,  қырсыз,  шаруага  немқұрайды 
карайды,  бұйығы,  қоршаған  ортаға  тәуелсіз,  яғни  өз  пікірін  ашық 
қолдай  алады,  емірге  сеніммен  қарайды,  ұйымшыл,  сезімтал, 
қонақжай емес, басқа хапықтардан ездерін жоғары санайтын халық.
4. 
Кейбір 
жаңсақ 
нанымдардың 
ұптгык 
жүріс-тұрысты 
анықтауда  тұрақсыздығы  байқалды.  Бұл  тұрақсыздықтар  уақытқа, 
қоршаған 
ортаға, 
коғамның 
элеуметтік-экономикапық 
қатынас 
жағдайына байланысты екендігі бізге мэлім.
Зерттеуіміздің  екінші  сатысы  -  этнос  өкілдерінің  танымдық  іс- 
эрекет  процесінде  бірін-бірі  қабьшдауы  арқылы  белгілейтін  жаңсақ 
нанымдарды анықтау міндетін  қояды.
Ал,  биполярлық  шкападағы  ұш  параметрдегі  (моральдық, 
физикалық,  зерделік)  қасиеттер  тізімі  қазақ  жэне  орыс  халықтарына 
тэн деген ерекшеліктер негізінде құрылды.
Әдістемелерді  пайдаланудағы  негізгі  шамалар  (критерий) 
сакталды,  себебі,  негізінен  биполярлық  шкапа  әдістемесі  бұрыннан 
қалыптасқан  эдістеме,  біз  тек  зерттеу  міндеті  мен  орындау 
тапсырмаларын өз мақсатымызга қарай  қойдық.
Әдістеменің жарамдығы,  сенімділігі  көптеген  авторлар ұсынған 
(А.  Анастази,  1982; Л.Ф.  Бурлачук,  С.М.  Морозов  1989;  К.М.  Гуревич 
1970;) 
диагностикалық 
эдістемелер 
ерекшеліктеріне 
сэйкестендірілді[186,77]. 
Біздің 
ұсынып 
отырган 
«шкалалық» 
әдістемелеріміз  теориялык  жэне  эмпирикалык  жағынан  өзінің 
жарамдылыгын көрсетті.
Бұл  шкала  екі  бөліктен  тұрады:  бірі  -  суреттік  шкала  (онда 
европалықтар 
мен 
монголоидтықтар 
бет 
пішінін 
белгілейтін 
фафикапық  бейне  көрсетілген);  екіншісі  -   адамның  психикалық 
қасиеттерін  (моральдық,  физикалық,  зерделік)  белгілейтін  қасиеттен 
тұратын 45  жағымды, жағымсыз биполярлык шкала.
а)  суреттен  тұратын  шкала  20  түрлі  адамның  эмоционалдык 
жай-күйін  бейнелеген  европалықтар  мен  монголойдтар  бет  пішіні 
негізінде  компьютермен  графикалық  түрде  қүрастыртан  суреттер. 
(Бұп 
кұрылу 
арнаулы 
таптаурындарды 
зерттеу 
барысында 
этностардың 
бет 
пішіндік 
өзгерістерін 
анықтау 
жобасымен 
орындалды,  1998).
20  түрлі  сурет  IV  топқа  бес-бестен  бөлінеді,  бөліну  принципі 
эмоционалдық  жай-күй  үқсастығына  байланысты  бөлінген.  Бұл 
суретгердің  өзі  шкала  құруда  екеуі  европалықтарға  (орыс-тар)  тэн  бет 
пішіндермен,  екеуі  монголоидтарга  (қазактар)  тэн  бет  пішіндермен,  ал 
біреуі  дүдэмэл  екі  үлтқа  да  жақындығы  бар  кескіндермен  беріледі  де,
285

сөйтіп суретгік  шкала құрайды.  Негізгі этностык кескін  айырмашылығы 
көздері  мен  ерін,  кабактарынан  ажьфатылады.  Берілген  сурет  бойынша 
аныкгау зерттеуіміздің адцын ала аныктау бөлімі.
ә)  Биполярлык  шкапа  адамның  45  жагымды.  45  жагымсыз 
психикалық касиетгерін белгілейтін физикалық, зерделік және моральдық 
параметрлерімен (эрқайсысы  15 касиеттен) берілген (1998).
Зерттелушілер  сұрақтама  парағына  өзіні  аты-жөні,  жынысы, 
ұлты,  факультеті,  курсы,  ата  -  аналары  туралы  мағлұматтарды 
керсетеді.
Алдын  ала  жүргізілген  серияда  зертгелушілер  берілген  суреттерді 
(4 топ суретін жеке-жеке береміз) кескін-келбетгеріне қарап ұлт өкілдерін 
аньпсгап,  шкалалап қатар-қатар орналастьфуы  кажет. Бұл орналастыру өз 
қалаулары,  кескіндерді  кабылдаулары  бойынша.  Бір  ескеретін  мэселе, 
зертгеуші  ұлт екілдеріне бөлу  кажетгігін  ескерт пеуі тиіс.  Бұл  зерттеудің 
бірден-бір  тэртібі.  Кескіндер  бойынша  суреттерді  орналастырғанын 
айтуын тапап ету керек.
Суреттердің  бірінші  тобын  кұрып  болған  соң  әр  кескінге 
арналып  биполярлык  шкаламен  кұрылған  қасиеттер  тобы  жазылған 
парақ  беріледі.  (бұл  екінші  серияда).  Бірінші  серия  бойынша  эр 
суретгі  өз  кабылдау  мұмкіндігімен  бағалау  кажет.  Зерттеуші 
зерттелушілердің тұсінгендігіне көзін жеткізуі  керек.
Екінші  серияда  осы  төрт  топ  суреттерінің  эркайсысына  бөлек- 
бөлек  психикалық  қасиеттер  негізінде  құрылган  моральдык,  зерделік, 
физикалык  қасиеттер  көрсетілген  багалау  парагы  беріледі.  Багалау 
шкапасына 
-5,-3, 
0,+3,+5 
деген 
көрсеткіштерімен
бағаланады[Қосымша П].
Тэжірибеміз  алдын  ала  бөлімнен  жэне  екі  негізгі  бөлімнен 
тұрады.  Әр  зерттеушімен  жеке-жеке  жұмыс  жұргізіліп,  тапсырманы 
орындау  4  рет  қайталанады.  Себебі,  биполярлық  шкала  қасиеттері 
алдын-ала жүргізіліп,  суретті  шкаладагы кескіндерге өз  қабылдаулары 
бойынша,  қазактар  мен  орыстарға  тэн  деп  бөлуі  керек.  Тэжірибе 
соңында  зерттелуші 
жайлы 
мағлұматтар  ауызша  (диктофонға 
жазылып), 
жазбаша 
түрде 
жиналады. 
Зерттеушінің 
этностық 
пайымдануы,  жанұясы  қай  этнос  өкілдері  екендігі,  ата-анасының 
мамандыгы,  мэдениет  ерекшелігі,  зерттелуші  қай  факультеттен, 
курсы,  жасы,  жынысы.  Әр  тапсырманың  алдында  зерттелушілерге 
нактылы  нұсқау беріліп отырылды.
Зерттеуіміздің  екінші  сатысының  бірінші  кезеңі  біріккен  іс- 
әрекетте  көрінетін 
этностық  жаңсак 
нанымдардын 
қабылдану 
ерекшеліктерін аныктау мақсатына бағытталады.
286

Осыган 
орай 
төмендегі 
міндетті 
жүзеге 
асырамыз: 
Моноэтностық  және  полиэтностық  оку  топтарындағы  танымдық  іс- 
әрекет  нэтижелілігінің  динамикасын  жаңсақ  нанымарды  қабылдау 
ерекшеліктері арқылы аныктау.
Бұл зертгеу нәтижелері төмендегідей жағдайларды көрсетті:
•  оқыту  процесінде  этностық  жаңсақ  нанымдардың  өзгеруі 
студенттердің танымдық іс-эрекетінің нәтижелілігінің өзгеруімен сэйкес;
•  этнос  өкілдерінің  этностық  жаңсақ  нанымдарды  қабылдауы 
олардың  моральдық,  физикалық  жэне  психологиялық  қасиетгеріне 
байланысты;
•  қазақ  этносы  адамдармен  бірігіп  эрекет  жасауда  физикалык 
қасиеттеріне байланысты қабылдайды;
•  орыс  этносы  адамдармен  бірігіп  әрекет  жасауда  моральдық 
қасиеттеріне  байланысты  кабылдайды.Зерттеу  нэтижелерін  өңдеудегі 
шыққан  қорытынды багдарлама бойынша іріктелген  зертгелушілердің 
моральдық, 
физикалық 
жэне 
зерделік 
қасиеттер 
көрсеткіші 
темендегідей:
Бұл  көрсеткіштерді  талдай  келіп,  қазақтардың  адамның  зерделік 
қасиетіне  онша  мэн  бермейтіндігін,  ал  орыс  ұлтының  зерделік 
касиетіне сыни  көзбен қарайтындығын байқаймыз.
1. 
Қазак этносы  өкілдері  өздерінің  моральдық  қасиеттерін  жоғары 
багалайды  (10  балл),  ал  орыстар  казақтардың  моральдық  қасиетін  7 
баллға  бағалай  отырып,  әздерінің  моральдық  қасиетін  өте  төмен 
бағалайды.  Тағы  бір  байқаған  жагдай:  қазақтар  багалауға  өте  сыни 
көзбен  адекватты  қарагандыгы  байқалды,  себебі  орыстар  берген 
жагымсыз 
моральдық  қасиеттерді 
қазақтардың  өздері  жогары 
кврсетеді.
Офиз.
■  зерд. 
□  адамг.
28 сурет  - Қасиеттерді  көрсетудегі ж ан сак и ан ы м дарды ң  көрінуі
О.сын. 
Ж. сын. 
Студ.
287

Бір 
қызыгы 
қазақтар 
орыстардын 
жагымды 
моральдық 
касиеттерін  өте  жогары  багаласа  (14  балл),  орыстар  өздерін  екі  есе 
төмен  (8  балл)  багалаған,  орыстар  өздерінің  жагымсыз  моральдық 
қасиеттерін  казактардың багалауынан жогары  көрсетеді.
Будан  біз  қазақтардың  езін-өзі  морапьдык  багалаулары  жогары 
екендігін,  ал  орыстарды  өзінен  жогары  багалайтындыгын  байкадық. 
Ендеше, 
қазақ 
ұлты 
үшін 
адамды 
қабылдауда 
моральдық- 
адамгершілік  қасиеттер  өте  үлкен  рөл  аткаратындыгы  байкалады.  Ал, 
орыстар 
қазақтарды 
моральдық-адамгершілік 
түргыдан 
қабылдайтыны  байқалады, 
себебі 
олар 
қазақтардың  жагымды 
моральдық қасиетін казактардың өздерінен гөрі жогары багалайды.
2. 
Зерделік 
касиетгерді 
сапыстыра 
отырып 
мыналарды 
байқадық:  қазақтар  өздерінің  зерделік  қасиетін  багалауда  өте  жогары 
(10  балл)  береді,  орыстар  5  балл.  Мүнда  да  өз  багалауын  негүрлым 
жогары  багаласа,  өзгені  багалауда  солгүрлым  жогары  көрсететін 
тенденцияны  бүл  жерден  де  байқадық.  Себебі  қазақтар  орыстарды  8 
баллмен багаласа, орыстар өздеріне  5  балл  гана береді. Дегенмен орыс 
үлты  қазақ  үлтының  зерделік  касиетіндегі  жагымсыз  жақтарын  сыни 
кезбен  карай отырып  багапағандыгы байқалады.
3.  Физикалық касиетке келетін болсақ:  қазақгар орыстардың бүл 
касиетін  9  баллмен  жогары  багалап,  өздеріне  12  және  6  балл  береді. 
Ал,  орыстар  қазақтарга  төмен  бага  6  балл  беріп,  өздерін  де  солай 
багалайды. 
Бүл 
графиктен 
үлттардың 
физикапык 
касиеттер 
айырмашьшыгына назар аудармайтындыгын, ягни адамды  қабьшдауда 
бет-пішіні,  түлга  эсемдігі  соншалыкты  рел  атқармайтындығы 
көрінеді.  Дегенмен  де,  казақгар  орыс  үлтының  дене  бітімін 
орыстардың  өздеріне  қарағанда  жогары  бағалайтындығын  байқатгы, 
ал  қазактар  адамды  кабылдауда  олардын  физикалық  қасиет  сапасына 
да  карайтындыгын  байқадық.  (Оны  өмірде,  қарапайым  түрмыс- 
тіршілікте де көруге болады).
Ал,  орыстардың  жағымсыз  физикалык  қасиеттерін  аныктау 
казақтардың  бағалауында да,  орыстардын  өздерін-өздері  багалауында 
да  бірдей  келіп  отыр.  Қазақтардың  да  жағымсыз  физикалық 
қасиеттерін бағалау  нәтижесі де сондай.
Бүл  зерттеудегі  көрінген  күбылыстарды  тұжырымдай  келіп 
мынадай қорытынды жасауға болады:
1. 
Қазақтар  өздеріне  өте  қатал  сыни  көзбен  карап,  өздерін 
адекватты  бағаламайды.  Олар  көбіне  орыс  халкын  үлгі  ететіндігі 
көрінеді. 
Мүндай 
картинаны, 
олардың  орыстармен 
өте  үзақ 
қатарласып  өмір  сүруімен,  үнемі  олардың  үстемдігін  сезінумен 
байланысты деуге болады.
288

2.  Қарым-қатынас  барысында  адамдарды  қабылдауы  физикалық 
қасиеттеріне  бағытталгаидыгы,  сөйтіп  қазақтар  әуелі  адамның  бет 
элпеті, дене құрылысына мэн бере карайтындыгы анықталды.
Ал, орыс халқы  эуелі  морапьдық-адамгершілік касиетін багапап, 
сонан  кейін  физикалық  қасиетіне  назар  аударатындыгы  анықталды. 
Осы  себептерге байланысты  кейде  адамдарды,  оның ішінде, ұлттарды 
қабылдау  көбіне адекватты емес болады.
3.  Ал,  зерделік  бағалауга  екі  этнос  өкілдері  де  өте  үлкен  мән 
беретіндігі,  адамды  зерделік  жагынан  багалауда,  қабылдауда оган  өте 
терең үңіліп, жан-жақты қарау кажет екендігін көрсетті.
4.  Екі  этнос  өкілдері  бірін-бірі  кабылдауда  негізінен  моральдық, 
физикалық қасиеттерді тірек ететіндігі дэлелденді.
Сонымен,  үлттардың  біріккен  іс-эрекетте  бірін-бірі  кабылдау 
процесінде  орыстар  үшін  моральдық  қасиет  маңызды  да,  қазактар 
үшін  физикалық  қасиет  маңыздырақ  екендігі  байқалды  және  жаңсак 
нанымдардың  өзгеруі  танымдық  іс-эрекет  нэтижелілігінің  өзгеруімен 
сэйкестігі байқалды.
Зерттеуміздің  үшінші  сатысы  зерттеу  міндетіне  байланысты, 
танымдық  іс-әрекетге  этностык  ерекшеліктерді 
білудің  сабак 
үлгеріміне  қаншалықты  әсер  ететіндігін  анықтау  үшін  күрылып, 
беріктігі 
мен  сенімділігі 
анықталган 
элеуметтік-психологиялық 
сүрактаманы  пайдапандық.  Сонымен  қатар  I  курстан  IV  курска дейінгі 
студенттердің  сабақ  үлгерімінің  нэтижелері  жинакталды.  Бұл  зерттеу 
танымдық іс-эрекеттегі этностық ерекшеліктерді білу деңгейін зерттеу 
жэне студенттердің сабак үлгерімін талдау  міндетін  қояды.
ҚарМУ-дің  студентгерінің  оку  үлгерім  нэтижесін  жинақтау  екі 
түрғыда  жүргізілді:  бірі  -  орыс  тілді  аудиторияда  қазақ  тілінің 
үлгерімі,  қазақ  тілді  аудиторияда  орыс  тілі  үлгерімі  алынып, 
салыстырылды.  Екіншісі  -  студенттердің  жалпы  оку  үлгерімі 
салыстырылды.  (Оку  үлгерім  нэтижелері  жылдык  үлгерім  көлемінде 
алынды).  Осылай  осы  курстардың  төрт  жылғы  үлгерімі  жинақталып 
салыстырылып отырьшды.
Орыс  жэне  қазак  этносының  қарым-катынасында  этностық 
жаңсак  нанымдардың танымдык  іс-әрекетге  атқаратын  рөлін  анықтау 
үшін  этнос  өкілдерінің  бірін-бірі  қаншалықты  білетіндігін  анықтау 
қажетгігі зерттеу барысында туындады.
Ендеше  эр  этнос  өкілі  өзінің  араласып  жүрген  үлтының 
мэдениетін,  эдебиетін  тұрмыс-тіршілігін  қаншалықты  біледі,  соған 
орай  оны  қалай  қарым-қатынаста  таниды  деген  мәселені  анықтау 
бірден-бір  мақсат  кілті  болды.  Осыған  орай  біз  эр  этнос  өкілдерінің 
өзіндік  этностық  ерекшеліктерін  қаншалықты  білетіндігін  анықтауга 
бағыттап,  әлеуметтік-психологиялық  сұрақтама  құрдық  (39  сұрақ).
289

Зертгеу  жабык  түрде  (анонимно)  жүргізілді. 
Бүл 
зертгеуіміз 
үлттардың  қарым-катынасын,  байланыстыгын,  достыгын  ныгайту 
мақсатымен жүргізілетіндігі  зертгелушілерге ескертілді.
Зерттеу  кезеңіне  алгашқы  жүргізілген  зертгеулерге  қатысқан 
600  адамды  алдық.  Себебі,  олардың  тэжірибеге  өте  жауапты  түрде 
қарағандыгын  анықтадык.  Оның:  340-ы  ер  балалар,  260-ы  қыз 
балалар,  орта жастары  - 21,5.  Этностық белінуі:  52%-  қазактар,  41,5%
- орыстар,  қалгандары басқа этнос өкілдері.
Бүл сатысы да екі  кезенде жүргізілді.  Орта және жогаргы сынып 
оқушыларының жалпы үлгерімі жэне IV  курстағы студенттердің сабақ 
үлгерімі  жинақталып,  нэтижелер  байланыстары  өзара  салыстырылып, 
оқьггу 
процесіндегі 
студенттердің 
танымдық 
іс-эрекетінің 
нэтижелілігі  мен  этностық  жаңсақ  наным  өзгерісінің  динамикасына 
талдау жасалынды. Бүл  зерттеу төмендегі  нәтижелерді  көрсетті:
•  оқьггу  үдерісіндегі  этностык  жаңсақ  нанымдардың  езгеру 
динамикасы  оқу  тобының  этностык  күрамына  жэне  оқушылардың 
танымдык іс-эрекет деңгейіне байланысты анықталады;
•  студентгердің  сабақ  үлгерімі  олардың  багыттылығы  мен 
қүндылықтарының  езгеруіне  байланысты  курстан  курска  кешкен 
сайын трансформацияланып отырады;
•  студенттердің  сабақ  үлгерімінің  езгерістерге  үшырауы, 
олардың бір-бірімен езара эрекет етуіне байланысты;
•  студентгер  неғүрлым  бірін-бірі  үлт  екілі  ретінде  танып 
білген сайын бір-біріне еліктеуі, эсер етуі сабак үлгеріміне әсер етеді.
Сабак  үлгерімдерін  жинақтау  екі  бағытта  бодцы:  үлгерім 
нэтижелерін топтастыруда қазак тілін  оқитын  орыс топтарының,  орыс 
тілін  оқитын  казак топтарының  «3»,  «4»,  «5»  бағаларын  жинақтадық; 
екіншіден,  студенттердің  жалпы 
оку  үлгерімінің  нэтижелерін 
жинактадык.  Бағалаоды ендеүлеодін керсеткіші темендегідей:
1  к.ор.
Ік.цвз 
2 к.ор. 
2 к.қаэ 
3  к.ор 
Зк. Қаэ 

к.ор. 

к.цаз
29 сурет  - Қ а з а к т іл ін  о қн ты н  орыс то п та р ы н ы н , орыс тілін  оки ты н   казак 
т о п та р ы н ы н   сабак үлгерімдерінін  көрсеткіш тері 
(М үн дагы :  к.ор.-курс орыс  гобы;  к.каз.-  К)рс  к ж а к  тобы)
290

І.Осы  көрсеткіштерді  статистикалық  мәнділігінін  өзгерістерін 
х2  -критерийімен  талдауда  I  курс  студенттерінің  сабақ үлгерімдерінің
II, III, IV курстардан айырмашылыгы барлыгы байқалады.
Ал, 
II, 
III 
курс  студенттерінен  езара  айырмашылықты 
байқамаймыз, тек орыс тілін  меңгеруде  ІІІ-ІУ  курстарда "4",  "5" деген 
багалардың сапалык көрсеткіштерінің жақсаргандыгы көрінеді.
Багаларды өңдеулердің керсеткіші төмендегідей:
2.  Қазак  тілін  үйренуші  орыс  топтарының  көрсеткіштері 
төмендегідей:
Жогаргы  көрсеткіштердің статистикалық мэнін  есептеуде  I  курс 
студенттерімен  II  курс  студенттерінің  сабақ  үлгерімінде  айтарлықтай 
айырмашылық  жоқ.  Екінші  курстың  төртінші  курспен  салыстырудан 
да сабақ үлгерім сапасының көтерілгені байқалады.
3.  Енді  Қараганды  мемлекеттік  университеті  студенттерінің 
сабак  үлгерімін  жалпы  карастыруды,  олар  каншапықты  қарама-қарсы 
үлттар  жайында  үлттық-психологиялық  ерекшеліктерін  білетін 
деңгейін  анықтаганнан  кейін  1996  жылы  алгашқы  зертгелген 
студенттердің  үлгерімін  жинактап  салыстырумен  байқадық.  Бүл 
көрсеткіштер төмендегідей:
а)  Орыстармен  бірге  оқитын  қазақтардың  І-курстағы  сабақ 
үлгерімінің 
1У-курспен 
салыстырганда 
сабақ 
сапасының 
көтерілгендігін, 
ІІ-курстың 
НІ-курспен 
салыстырғандағы 
сабақ 
сапасының көтерілгендігі байқалды.
ә)  Қазақтармен  бірге  оқитын  орыстардың  сабақ  үлгерім 
көрсеткіші төмендегідей:
І-курс  пен  ІІІ-ІV  курс  аралығында  айырмашылык  айтарлықтай 
емес.  ІІ-курстың  ІІІ-курстан  сабақ  үлгерімінің  сапасы  жогары.  ІІІ-ІУ 
курстарда сабақ үлгерімі  сапалык жагынан түракталады.
Мектеп 
окушыларының 
ортаңғы 
сынып 
пен 
жоғарғы 
сыныптағылардың да сабак үлгерімдері аныкталды.
Қараганды  қаласының  №  57  жэне  92  мектеп  лицейлерінің 
жалпы оку үлгерімі төмендегідей нәтижелерді  көрсетеді
Жалпы 
сабақ 
үлгерімдерінде 
айтарлықтай 
өзгерістер 
болмаганымен,  орта  сынып-  28  %  және  жоғарғы  сынып-  42  % 
бағаларының  арасындагы  айырмашылықтар  жогарғы  курстардағы 
студенттердің сабақ үлгерімінің жақсарғандыгын байқатады.
Қорыта  келе,  эр  үлтты  студенттердің  сабақ  үлгерімі  танымдық 
жэне  зерделік деңгейлеріне  байланысты деп,  кейбір  ІІ-ІУ  курстардагы 
«4» 
жэне 
«5» 
багаларының  төмендеуін 
арнаулы, 
мамандык 
бағдардағы 
пэндердің  қосылуымен,  оларға  талаптың  болашак 
мамандар  ретінде  қатал  қойылуымен  түсіндіруге  болады.  Екіншіден,
291

сабақ  үлгерім  сапасында  курстар  арасындағы  айырмашылықтарының 
болуы  студентгердің  оқу  процесіндегі  бір-біріне  оң  әсер  етуінің,  бір- 
бірімен тікелей эрекет етуінің нәтижесі дейміз.
Үшінші  зертгеуіміздің  екінші  кезеңі  -  этносарапык  қарым- 
қатынаста 
эр 
этнос 
өкілі 
үшін 
басқа 
ұлттардың 
өзіндік 
ерекшеліктеріне  байланысты  жаңсақ нанымдардың  ұлтаралық  қарым- 
қатынаста  қаншалыкты  рөл  атқаратындығын  анықтау  мақсатына 
бағытталды.
Осыған орай төмендегі  міндетті  жүзеге асырдық:
Оқыту  процесіндегі  студенттердің  танымдық  іс-эрекетінің 
нәтижелілігі  мен  этностық  жаңсақ  наным  өзгерісінің  динамикасына 
салыстырмалы талдау жасау.
Этнопсихологиялық  ерекшеліктерді  білу  деңгейіне  арналған 
зерттеуге байланысты төмендегідей жүмыс болжамын қүрдық:
1) 
этностық 
жаңсақ 
нанымдардың 
танымдық 
іс-әрекет 
барысындағы негізі этнопсихологиялық ерекшеліктерге байланысты.
2) танымдық  іс-эрекетте үлттардың бірін-бірі  дүрыс  қабылдауы, 
олардың  бір-бірінің  этнопсихологиялық  ерекшеліктерін  жете  білуіне 
байланысты:  үлт түрмыс-тіршілігі,  мәдениеті,  эдебиеті, дәстүрі жайлы 
негүрлым 
көп 
білсе, 
соғүрлым 
оған  деген  көзқарас  дүрыс 
қалыптасады.
Бүл 
зерттеудің 
нэтижесін 
ендеуде 
матрица 
күрылып, 
компьютерге салынды. Өңцеулердің көрсеткіштері төмендегідей:
1.  Бірінші  сүрақта  орыстың  үйлену  дэстүрін  86%,  қазақтікін  - 
70%,  немістікін  -  13%,  кэрістікін  -  2,6%  жэне  татардікін  -  2,6% 
білетіндігі анықталды.
2. 
Өлікке  байланысты  дәстүрді: 
орыстардікін  - 
88,5%,
қазақтардікін -  75,5%,  немістердікін  - 21%, татарлардікін  -10,5% және 
украиндардікін - 2,6% білетіндігі анықталды.
3.  Баскадай  салт-дәстүрлерден:  казақтікін  -  65%,  орыстікін  - 
41,6%,  немістердікін  -  21%,  татарлардікін  -8%,  кэрістердікін  -  2,6% 
жэне украиндардікін - 2,6% білетіндері  анықталды.
4.  Басқа  үлтгың  салтын  өзімізге  қабылдасақ  деушілер:
немістердің 
салтын 
-  23,5%, 
қазақтардың  салтын  - 
23,5%,
кэрістердікін -15,5% , украиндардікін -15,5% , орыстардікін -  8% жэне 
татарлардікін - 6% қабылдасақ дегендер байкалды.
5.  Тіл  жөніндегі  көрсеткіштер  төмендегідей:  орыс  тілінің 
үнайтындығын  -  65%,  қазақ тілінің  -  52%,  неміс  тілінің  -  52%,  корей 
тілінің - 28,6%, украин тілінің -  18% көрсетеді.

6.  Ал  «Мен  жақсы  меңгеретін  тіл»  деген  сұраққа:  52%  -  қазақ 
тілін,  41,6%  -  орыс  тілін,  36,4%  -  украин  тілін,  5,2%  -  неміс  тілін,  ал 
тек 2,6% - татар тілін меңгеретіндігін көрсеткен.
7.  Адамдардың  бірін-бірі  түсінуінде  орыс  тілін  білу  қажеттігін 
көрсеткендер  -  54,6%,  қазақ  тілін  білу  қажеттігін  -  39%,  неміс  тілін 
білу  қажеттігін  -  23,4%,  украин  тілін  білу  қажеттігін  -  15,6%, 
кзрістікін - 5,2% және татардікін - 2,6 көрсетгі.
8.  Сұралғандардың  60%  -  неміс  тілінің,  49,5%  -  қазақ  тілінің, 
39%-  орыс  тілінің,  28,6%-  украин  тілінің,  15,6%-  кэріс  тілінің  жэне 
13% - татар тілінің біраз сөздерін білетіндігін көрсеткен.
9.  Үлттармен  дұрыс  қарым-қатынас  жасауда  тіл  білмеуінің 
кедергі  ететіндігін  сезінемін  деушілер:  49,5%-ы  кәріс  тілін,  46,8%- 
неміс  тілін,  31%-  татар  тілін,  28,6%-  украин  тілін,  26%-  қазақ  тілін 
және 21%- орыс тілін «білмегендігім» деп көрсетеді.
10.  Сұраушылардың:  75,4%-ы  орыстың,  67,6%-  қазақтың,  13%- 
украин  халқының,  5,2%-  кэрістің  жэне  2,6%-  немістің  халық  әндерін 
білемін дегендер.
11.  Сұралгандардың:  88,4%-ы  казақтың  ақын-жазушылрын, 
85,8%  -  орыстың,  36,4%-  немістің,  18,2% -  украинның,  2,6%-  кәрістің 
жэне 2,6%- татардың акын-жазушыларын білетіндігін  көрсетті.
12.  Сұралғандардың:  86,6%-  қазақтың,  75,4% - орыстың, 20,8% - 
немісті,  5,2%-  кәрістің,  5,2%  - украинның жэне 2,6%-  татар  халқының 
композиторлары  мен  энші,  актерлерін,  суретшілерін  білетіндігін 
байқатты.
13.  Респонденттердің:  75,4% - орыстың,  70,2% -  казақтың,  39% - 
немістің  жэне  2,6%-  татар  халқының  ғалымдарын  білетіндігін 
байқатты.
14.  Спорт  қайраткерлерінен:  75,4%  -  қазақтардікін,  75,4%  - 
орыстардікін,  20,8%-  немістердікін,  10,4%  -  украин  өкілін,  5,2%  - 
кәрістердікін  жэне  5,2%-  татар  спортсмендерін  білетіндіктерін 
көрсеткен.
15.  Зерттеуге  қатысқандардың:  78%  -  қазақ  халқының,  39%  - 
неміс  халқының,  31,2%-  орыс  халқының,  31,2%  -  украин  халқының, 
10,4%-  кэріс  халқының  жэне  5,2%  -  татар  халқының  саяси 
қайраткерлерін білетіндігін байқатты.
16.  Үлттық  киімдерден,  респонденттердің  88,4%  -  қазақтың, 
72,8%  -  орыстың,  49,4%-  украин  халқының,  16,6%  -  татар  халқының 
жэне  13% - кэріс халқының ұлттык киімдерін білетіндігін аңғартты.
17.  Респонденттердің:  93,6%  -  қазақтын  ұлттық  тағамдарын 
дайындап  өздері тұтынатындығын  көрсетті,  83,2%  -  орыстың,  72,8% - 
кәрістің,  41,6%  -  украиндықтардың,  28,6%  -  неміс  халқының  жэне
293

13%  -  татар  халкынын  ұлттык  тағамын  дайындап,  ас  ететіндігін 
көрсеткен.
18.  Ұлттық  есімдерге  келетін  болсақ,  93,6%  -  қазақтын,  93,6%  - 
орыстың,  70,2% -  немістің,  39% - украиннін,  33,8%  -  татардың,  1,2% - 
кэріс халқының эйел жэне еркек есімдерін білетіндігін байқатты.
19.  17-сұракка  косымша  ретінде  респондентгердің  85,5%-ы 
қазақтың,  80,6%  -  орыстың,  72,8%  -  кәрістің,  44,2%  -  немістін  жэне 
44,2% - украиннің, 26% - татардың ұлттық тағамын жегенді ұнатады.
20.  «Мен  төмендегі  тілдерді  үйренгім  келеді»  деген  сүраққа: 
59,8%- неміс тілін, 41,6% - корей тілін, 39% - қазак тілін,  13% - украин 
тілін,  13%  -  татар  тілін  және10,4%  -  орыс  тілін  ұйренгім  келеді 
деушілер.
21.  Сүралгандардың:  65%-ы  қазақтың,  62,4% -  орыстың,  57,2% - 
немістің,  36,4%  -  корей  халқының,  13%  -  татарлардың,  10%  - 
украиндықтардың мінездері үнайды деген.
22.  Респондентгердің  39%  -  кэрістердің,  23,4%  -  татарлардың, 
20,8% - қазактардың,  18,2%  -  орыстардың,  15,6% -  немістардің,  15,6%
- украиндықтардың жағымсыз мінездерін керсеткен.
23.  Сұралғандардың  57,2%-ы  ұлттық  мінез  болмайды,  ол  тек 
ойдан алынған құбылыс дейді.
24. 
Респонденттердің  60%  -  біртекті  этнос  өкілдерінің 
некелесуін  калайды.
25.  «Аралас  некеге  менің  көзкарасым»  деген  сұраққа:  57,2%  -
қазақтар  мен  орыстар  арасындағы  некені,  46,9%  -  орыстар  мен 
немістер  арасындағы  некені,  36,4%  -  немістер  мен  қазақтар 
арасындағы  некені,  36,4%  -  орыстар  мен  украиндықтар  арасындагы 
некені,  26%  -  қазақтар  мен  кәрістер, 
тура осынша  қазақгар  мен
татарлар  арасындағы  некені,  23,4%  - кәрістер  мен 
украиндықтар
арасындағы  некені,  20,8%  -  кэрістер  мен  немістер,  осыншама 
украиндықгар  мен  татарлар,  15,6%  -  кэрістер  мен  татарлар,  13%  - 
немістер  мен  татарлар  жэне  13%  -  қазақтар  мен  украиндықтар 
арасындағы некені қалайтындықтарын байқатады.
26.  Сұрағандардың  65%  -  өз  ұлтын  мақтағанды  естігенді 
үнататындыгын көрсеткен.
27. 
Респонденттердің 
46,8%-ы 
өз 
ұлтгын 
орыстардың
мадактағандарын 
қалайды, 
41,6%  - 
өз 
ұлтын 
казақтардың
мадақтағандарын  калайды,  31,2%  -  немістер,  20,8%  -  кәрістердің, 
18,2%  -  украиндықтардың  жэне  13%  -  татарлардың  мадақтағандарын 
калайды.
28.  Ал,  46,8%  -  респонденттердің  өздерінің  татар  ұлты  на деген 
тартымсыздығын,  26%  -  кэріс  үлтына  деген,  18,2%  -  қазаққа  деген,
294

15,6%  -  украинга  деген,  10,4%  -  орысқа  деген  тартымсыздығын, 
ыңғайсыздығын байқатады.
29.  Сұрағандардың  46,8%  -  кэріс  этнос  өкілімен  қатынас 
ыңғайсыздығын,  28,6%  -  неміс  этнос  өкілімен,  41,6%  -  татар  этнос 
екілімен, 20,8%  -  орыстармен,  13% -  қазақтармен,  10,4%-украин этнос 
өкілімен  қатынас ыңғайсыздығын айтады.
30.  «Сіздің  көзіңізше  қай  ұлтты  мадақтағанын  қалайсыз?»  - 
деген  сұрақка:  60%  -  қазактарды,  36,4%  -  орыстарды,  23,4%  - 
немістерді,  18,2%  - украиндықтарды,  10,4% - татарларды  және  7,8% - 
кәрістерді мадақтағанды қалайтындығын білдіреді.
31.  Басқа  этнос  өкілдерінің  апдында  өз  ұлтын  көтермелегенді 
қапамайтындар:  44,2%  -  татарлардың,  36,4%  -  орыстардың,  36,4%  - 
кәрістердін, 28,6% -  қазақтардың,  15,6% - украиндықтардың жэне  13%
- немістердің ез ұлтын көтермелеуін ұнатпайды.
32.  Сұралғандардың:  83,2%  -  қазактың,  78%  -  орыстардың,
49,4%  - 
немістердің, 
41,6% 

украиндықтардың, 
осыншама
татарлардың, ал 33,8% - кәрістердің діни бағытын біледі.
33. Респонденттердің 80,6% -  қазақтың діни мейрамдарын, 65% - 
орыстын діни  мейрамдарын,  28,6% -  немістің діни  мейрамдарын,  13%
-  татардың  діни  мейрамдарын, 
8%  -  кәрістің  жэне  8%  -
украиндыктардың діни мейрамдарын біледі.
34.  31,2%  -  сұралғандар  кэріс  халқының  кейбір  діни  салтгары 
мен  ерекшеліктерін  сынайды,  13%  -  қазақтар  мен  татарлардың,  8%  - 
немістердің,  5,2%  -  украин  хапқының,  ал  2,6%  -  орыстың  салтгары 
мен өзіндік рәсімдерін сынайды.
35.  Бұл  сұраққа  жауап  толық  алынбаған,  дегенмен  де  қорьггуға 
болады.  Сұралган  орыстардың  75,4%  -  эр  ұлттың  өзіндік  қабілет 
ерекшелігі  болады  дейді,  қазақтардың  -  72,8%,  татарлардың  -  31,8% 
осы пікірге қосылады. Ал, қай ұлт қандай бағытта қабілеттірек дегенді 
көрсетпеген.
36.  Сұралғандардың:  52%  -  өзін  қазақпын деп,  41,6%  - орыспын 
деп, 52% - татармын, 2,6% - неміспін деп санайды.
37.  38-сұрақтар респондентгердің жасы, ұлты деген  мәселелерге 
тоқталады.  Оны біз, эдістемеге талдау берудің басында атап кетгік.
Зертгеуіміздің  соңында,  нәтижелерді  өңдеу  барысында,  тек 
қазақ жэне орыс этностарына тэн  ерекшеліктерді  жинақтадық.  Себебі, 
жұмыстың мақсат-міндеті де осыны көздейді.
Бұл зерттеуді де 1-11 жэне IV курстарда қайталап жүргіздік.
а)  Мұндағы  қазак  этносы  жайлы:  үйлену  тойы,  композиторлар, 
тағамдар,  киімдер  т.с.с.  ерекшеліктерін  жақсы  білетінін;  тілін,
295

кайраткерлерін,  өз  ұлтын  көтермелеу  деген  ерекшеліктерін  онша біле 
коймайтындыгын жэне оларды білгісі келетіндіктерін байқадык.
Оку  іс-әрекеті  барысында  студенттердің  өзіндік  ерекшеліктерін 
білу  деңгейі:  I  курста  42%,  II  курста  60%  жэне  IV  курста  88%-  ке 
өзгергенін  көреміз.
0 О   сы н  
Н Ж   сы н  
□  С т у д
30 сурет  -  С туден ттер мен  о қу ш ы л ар д ы ц  өз ұл ттар ы  ж ай л ы  ж аңсак 
н ан ы м д ар ы н ы ң   көріну денгейі
Енді  осы  көрсетілген  сандық  талдаулар  негізінде,  сапапық 
тұжырымдарын жасайык:
1.  Зерттеуге  этнос  өкілдерін  теқцестіріп  жүргізу  кажеттігі 
байқалды, дегенмен олай ыңгайластыру қиындықтар  гуғызды.
2.  Студенттер  арасында,  жалпы  қауым  арасында  қазақ  жэне 
орыс  ұлттарынын  мэдениетін,  эдебиетін,  турмыс-тіршілігін  квбірек 
білетіндігі байқалды.
3.  Сұранушы  қай  этнос  өкілінің  салт-дәстүрін,  мәдениетін, 
тұрмыс-тіршілігін  көп  білсе,  сол  ұлтқа  деген  дұрыс  көзқарасы 
байқалады.
4.  Қандай  да  болмасын  этноспен  қарым-қатынас  жасау,  оны 
танып-білу белгілі  іс-әрекет жүзінде  іске асатындыгы байқалады.
5.  Этностардың  өзіндік  мэдени,  ұлтгық,  тұрмыстық  ерекшелігін 
жаксы  білу  студенттердің  қарым-қатынасын,  оқу 
процесіндегі 
ынтасының жоғарылауына мүмкіндік жасайды.
6. 
Оқу 
аудиториясында 
оқыту 
процесін 
этностық 
ерекшеліктерге  неғұрлым  бағыттай  жүргізу  этносаралық  қарым- 
қатынасты  жақсартады.  Әр  этнос  өкілі  өз  хапқының  намысын  жоғары 
көтеріп,  сақтай  алуына  жэне  басқа  этнос  өкіліне  құрметпен  қарауға 
тырысады.
296

Оқыту  процесіндегі  этностык  жаңсақ  нанымдардың  езгеру 
динамикасы  оку  тобының  этностық  кұрамына  жэне  студенттердің 
танымдық іс-эрекет деңгейіне байланысты екендігі анықталды.
Республикамыздағы  бұл  этностардың  экономикалык,  саяси, 
мэдени  жэне  идеологиялык  өмірлер  бірлігі,  сонымен  бірге  түбірлі 
мүдде-мақсаттарының 
элеуметтік 
біртектілігі 
олардың 
жалпы 
психологиялык қасиеттерінің занды түрде бірлігін тудырады.
Дегенмен  де,  біздің  байқағанымыз,  эр  этностың  өзіндік  жаңсақ 
нанымдар ерекшелігі, тұрмыс-тіршілік жүйесі, ендеше,  мәдени-рухани 
қалыптасуы  болады.  Мүндай  ерекшеліктер  этностардың  бір-бірімен 
байланысында,  қарым-қатынасында  өзінің  әсерін  тигізбей  қоймайды. 
Әр  этнос  өкілі  өзінің  өмір  жолында  халқының  қүндылыгын,  бағыт- 
бағдарын  дәріс  етіп,  атадан  балаға  мұра  ретінде  қалдыра  береді. 
Сөйтіп  көп  этносты  республикамыздың  рухани,  мәдени,  саяси  жэне 
экономикалық байлығы өсе береді.
Осы  этнос  өкідцерінің  психологиялық  ерекшеліктерін  біліп 
алмай,  оны  сэтті  шешу  мүмкін  емес.  Оған  дэлел  -  қазіргі  кезде  туып 
отырған  саяси-әлеуметтік  процестер  мен  жағдайлар.  Этностық 
мэселелермен  шүғылданып  жүрген  ғалымдар  мен  мамандардың 
айтуынша, 
көпүлтгы 
қауымда 
кездесетін 
этнопсихологиялық 
ерекшеліктерді зерттеу,  оның эр этностың болмысына тигізетін  әсерін 
анықтау  еліміздегі  көптеген  этностар арасында болып  жатқан  қарама- 
қайшьшықтарды  жояр  еді  және  нарықтық экономика кезінде  көптеген 
мэселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.
Көп  этносты  ортада  жеке  адамның  танымдық  іс-эрекетінің 
дамуы  оқыту  процесінде  оған  этнос  өкілі  ретінде  ерекше  карауды 
талап  етеді.  Біріншіден, 
студент-ерекше  элеуметтік  катеғория, 
екіншіден,  жалпы  зандылыққа  бағынышты  дамитын  психикалық 
құрылымы  бар  индивид,  үшіншіден,  оку  құндылығы,  бағыт-бағдары 
бар этнос өкілі.
Полиэтностык  жағдайда  студенттермен  тэрбие  жұмысының 
жүргізілуі  күрделене  түседі  жэне  кең  көлемді  білім  мен  ынтаны, 
мамандық  дайындықгы,  жоғары  педагогикалық  шеберлікті  талап 
етеді. Полиэтникалық жағдайда басқарушының ұжымда болып жатқан 
ұлттық-психологиялық  процестердің  мэнін,  заңцылықтары  мен 
олардың  көрінуін  білудің  есепке  алуының  маңызы  өте  зор.  Бұл 
процестердің  үжымның  түрақты  болуына  ықпалына  байланысты 
тәжірибелік дағдылар да қажет.
Көпүлтты  аудиторияда  студенттердің  үлттық-психологиялық 
ерекшеліктерін  ескере  отырудың  маңызы  өте  зор.  Әр  түрлі  ұлттардын 
өкілдері  басқарушылардың  жүріс-тұрыс  стильдерін  өз  бетгерінше
297

кабылдайды. Олар басқарушылардың кұндылык қасиеттеріне, мамандық 
дагдыларына,  педагогикалық  шеберліктеріне  эр  түрлі  талаптар  кояды. 
Мұндай  жағдайларда  этностык  топтардың  көп  нэрселері  мэдени 
дамудың спецификасьша байланысты болады [25,235].
Тәрбиелеу  -  белгілі  бір  ұлттың  жеке  адамына  эсер  ету,  сол 
адамның  жан-жакты  қарым-катынас  жасауы,  басқа  ұлттар  мен 
халықтардың  өкіддерімен  іс-әрекет  жасау  түрін  өзгерту.  Тэрбиелік 
жұмыстың 
зандылығы-адамдардың 
іс-эрекетгерінің 
ұлттық 
механизмдерінің 
спецификасының 
корытындысы. 
Осындай 
механизмдердің негізінде ұлттық топтардың тарихи және  мәдени даму 
барысында 
қалыптаскан 
бағдар 
мен 
таптауырындар 
жатады. 
Полиэтникалық  жағдайда  басқарушы  ұжыммен  жұмыс  жасау 
барысында  қолынан  келетін  барлық  жағдайларды  жасау  керек.  Оның 
жұмысы  мұқият  жоспарланған  жэне  жүргізілу  сатыларында  бірізді 
түрде болуы керек.
Танымдық  белсенділік  -  студентгердің  жан-жақты  білім  алуға 
багытталған 
кимылдарында 
олардың 
қалаулары 
мен 
қызығушылықтарының көрінуі.
Педагогтің еңбегінің  өзінділігі  -  ол  ең бастысы  эрбір  студентгің 
танымдылык белсенділігін  қалыптастыруда  көрінеді.  Себебі,  дамыған 
танымдылык белсенділік жеке  адамның творчестволық ерекше  белгісі 
болып 
табылады. 
Студенттердің 
танымдык 
белсенділіктерін 
дамытудың  негізгі  тэсілі  жоғары  оқу  орнындағы  дэріс  болып 
табылады.  Дэріс  тек  қана  білім  беру  мен  тәрбиелеудін  ғана  емес, 
сонымен бірге студентгердің өз бетінше жұмыс істеуінде  ганымдылық 
іс-эрекеттерін  дамытудағы  негізгі  құралы  болып  табьшады.  Ешбір 
окулық,  ешқандай  көмекші  оқу  құралы  лектордың  аудиториядағы 
сөзіндей,  оның  студенттермен  қарым-катынасындай  бола  алмайды. 
Жогары  оқу  орнынын  қабырғаларында  студент  өз  кэсібінің  маманы 
болуға дайындалады.
Қазіргі  заманның  маманы  -  билікті  ұйымдастырушы,  еңбектің 
ғылыми  ұйымдастыру  принциптерін  тэжірибе  барысында  қолдана 
алады.  Ол  адамдармен  қалай  жұмыс  істеу  керек  екенін  біледі, 
ұжымдық  тэжірибені  бағалайды,  жэне  жолдастарының  пікірлерімен 
санасады.  Сол  сиякты  осы  заманғы  маман  өте  жоғары  мәдениетгі 
адам,  біздің  қоғамымыздың  нағыз  интеллигенті  және  эрудициясы 
кеңінен  дамыған.  Жоғары  оку  орнындағы  лекция  студенттерді 
ғылыммен  айналысуға  жэне  сол  сияқты  жастардың  творчестволық 
ойлауларын,  жоғары  мэдениетгілікті  жэне  азаматгык  борышының 
жоғарғы жауапкершілігін сезінуге қалыптастырады.
298

Лекция  барысында  лектор  студенттердің  ішкі  жұмысын  сезе 
білуі  керек.  Студенттердің  танымдык  іс-эрекеттерін  белсендіріп 
отыру  үшін  белгілі  такырыптарға  байланысты  сұрактар  бере  отырып, 
арнайы  әдебиеттердің  тізімін  беру  керек.  Педагогтің  мақсаты  - 
студенттердің  лекциядағы  материалды  белсенді  түрде  кабылдауын 
кадағалау.  Студенттік  кезеңде  білім  алу  процесінде  пайдаланатын 
көптен  көп  интеллектуалды  мүмкіндіктер  болады.  Студенттердің 
танымдьшық 
іс-эрекетгерін 
дамытуда 
пэнаралық  байланыстың 
маңызы өте зор.
Мысапы, 
шетел  тілін 
үйренуде  жас  ерекшелік,  жалпы 
педагогикалық  психология,  шетел  тілін  оқытудың  эдістемесі  жэне 
арнайы қоғамдық пәндердің қатарын оқыту  керек.
Студенттердін  танымдылық  іс-эрекеттерін  дамытуда  пэнаралық 
байланыс  жалпы  психология  курсын  оқытуда  көрінеді.  Жалпы 
психология  пэнін  оқыту  процесінде  студентгерге  психологияньщ 
маңыздылығын түсіндіру  кажет,  себебі  психологиялық білімісіз шетел 
тілін нэтижелі  меңгеру мүмкін емес.
Эстетикалық  жэне  көркемдік  білім  беру  процесінде  танымдық 
белсенділік 
адамның 
жогары 
рухани 
қажеттіліктерімен 
жэне 
эстетикалык  қажетгіліктерімен  көрінеді.  Рухани  кажеттіліктердің 
калыптасу  проблемасына  көптеген  ойшылдар  өз  үлестерін  қосты. 
Атап  айтсақ,  С.Л.  Рубинштейн,  А.Н.  Леонтьев,  В.Н.  Мясищева,  В.И. 
Селиванова, А.В. Петровский жэне тағы басқапар.
Эстетикалық  қажеттілік  жэне  оны  колдану  классификациясы, 
стимулдар  жэне  түрткілер  эстетикалык  қажеттіліктерді  дамытатын, 
эстетикалық 
қажеттіліктердің 
ішкі 
езара 
байланыстары, 
қызығушылықтары  жэне  идеялары,  олардың  қалыптасу  жолдары  мен 
әдістері 
толық 
мэнде 
игерілмеген. 
Адамнын 
эстетикалық 
қажеттіліктерін  эстетикалық  сезім,  идеал,  талғамдар  камтиды.  Өз 
кезегінде  дамыған  эстетикалық  сезімдер,  эстетикалык  талғамның 
құрылуы,  идеалдар  эстетикапық  қажетгіліктерге  эсер  етеді,  оларды 
өзгертеді,  олардағы  жана  қызығушылықтар  мен  қажеттіліктерді 
оятады.  Эстетикалық  кажеттіліктің  спецификалық  өзгешелігі,  олар 
қанағаттану,  лэззатгану  сезімдерімен  байланысты  жэне  эмоционалды 
бейнеде  көрінеді.  Лэззат алу  жэне  қанагаттану  сезімдері  адамның  бос 
уақыттағы творчестволык еңбектерімен бейнеленеді (еңбек процесінің 
өзі,  еңбек  барысьшдағы  нэтижеге  қанағаттану,  табиғатпен  және 
өнердің эр түрлі жанрларымен, турлерімен  қарым-қатынас).
Күнделікті 
жоғары 
оку 
орын 
тэжірибесінде 
педагогтың 
студентке  етімді  келуі  әр  түрлі  болып  кездеседі.  Мысалы,  бір 
педагогтың  студентке  қарағанының  өзі-ак  оған  үлкен  әсер  ете  алады
299

да,  ал  екінші  педагогтің  тіпті  катты  қолданган  жазалары  да  нәтиже 
бере  қоймайды.  Бұл  -  педагогтың  беделіне,  ұстаздың  шеберлігіне 
байланысты  жайлар.  Педагогикалық  жоғары  оку  орындарының 
студенттері  мен  жас  мұғалімдері  үшін  үстаздық  пен  шеберлікті 
зерттеп, 
мүның 
өзіне 
тән 
ерекшеліктерін 
ашып 
керсетудің 
педагогикалык  жоғары  оку  орындарының  студентгері  мен  жас 
мүғалімдері  үшін  үлкен  маңызы  бар.  Танымдылық  іс-әрекетте 
еліміздің  педагогтары  бүл  мәселе  жөнінде  елеулі  табыстарға  жетіп 
отыр. Дегенмен бір жүйеге түсіп болмаған жайлар да бар.
Мәселенің  осылай  болып  келуі  тек  мэн  бермеуден  емес, 
көпшілік  арасына  таралған  мынадай  жайтгардан:  мысалы,  үстаздык 
шеберлікті  белгілі  бір  жерден  оқып  алып,  соған  бірден  ие  болып 
кетуге  болмайтынына  кейбіреулердің  мүиың  сырын  ашып  білуге 
селқос  қарап  келгенінен  байқалады.  Мүндай  пікірдің  болуы:  үстаз 
шеберлер  тәрбие  жүмысында,  айталық  белгілі  бір  шешім  қабылдарда 
ойланбастан  интуициясы  арқылы  бірден  шешімге  келетіні  де  болады. 
Өткен  кездегі  ірі  педагогтар  (К.Д.  Ушинский  т.б.)  үстаздыкты, 
негізінде,  интуициямен  байланыстырып,  бүған  мэн  берілгенімен,  бүл 
қасиетті ғьшыми түрғыдан жете түсіндіре алмаған.
Танымдық  іс-эрекеттерде үстаздық  шеберліктін  көбісі  интуиция 
арқылы  жүзеге  асады  деу,  негізінде,  қате  пікір.  Ал  мүндай  касиет 
бірлі-жарымды  кездескен  жағдайда  да,  мүнда  түрған  жасырын  сыр 
жоқ  сияқгы.  Өйткені  үстаздық  шеберліктің  нендей  гүрін  дэлелдеуде 
де  себеп  принципі  негізгі  рөл  аткарады.  Бүл  принцип  бойынша 
адамның,  оның  ішінде,  педагогтардың  да  ісі,  келген  шешімі  себепсіз 
болмайды.  Педагогтың  эр  ісінің жемісті  болып  келуін  содан  шығатын 
нәтиже  ғана  шешеді.  Ал  нәтиже  дегеннің  өзі  студентгің  тэрбиелеуші 
үстазының  сөзіне  эсерленіп,  соны  үғынуы.  Педагогтың  ісі  нәтижелі 
болып  студенттердің  өзінің  өтімді  келуі  үшін  ол  олардың  жан- 
дүниесін  жақсы  біліп,  айтатын  сөзін,  олармен  жүргізетін  ісін  соған 
сәйкестендіріп  колдануы  керек.  Тек  сонда  гана  үстаздық  касиетке  ие 
бола алады[269].
Полиэтностык аудиторияда педагогтің студентгермен күнделікті 
жасайтын  қатынастардың  бэрі  де  сөз  аркылы  іске  асады.  Сондықтан 
шеберлік,  негізінде,  сөздерді  үйлестіріп  айта  білуге  байланысты. 
Әрине,  студентке  айтылатын  сөздің  өтімді  келуі,  сөзге  ғана 
байланысты  емес,  негізінде  педагогтың студенттер  арасында беделіне 
де  тэуелді.  Дегенмен,  сөзді  үйлестіріп  айта  білудің  маңызы  зор. 
Педагогтің  студентгермен  қатынас жасауда  қолданатын  сөздері  алуан 
түрлі  болып  келгенімен,  студентке  эсер  ету  жағынан  алып  қарағанда, 
оларды, негізінен, екіге бөлуге болады:

Біріншіден,  сөйлесудегі  сөздердің  көбі  ақыл,  кеңестік  сипатта 
айтьшады.  Ақыл  айтып,  кеңес  берудің  өзі  студенттің  істеген  ісін 
қостамайтынын,  ал  оның  ісі  унамды  болған  жагдайда,  осыны 
студенттің өзіне сездіру үшін қолданылады.
Екіншіден,  кейде  студент  санасына  осы  сияқты  сездер 
жетпегенде, оған  қатгы талап  қойып,  айтылатын сөздер міндетті түрде 
буйрық ретінде қолданылады.
Әдетте,  осы  сияқты  сездердің  бэрі  бір  дауыс  ырғағымен 
айтылмай,  тиісті  эсермен  үйлестіріле  қолданылып  отырса  ғана, 
нэтиже бермек.  Сондықтан  сөзді тек  қандай  мазмуида емес, дауыспен 
үйлестіріп  айта  білу  де  шеберліктің  белгісі.  Сөзді  сөйлеп  тұрғанда, 
оны  гиісті  дауыс  ырғағымен  үйлестіріп  айту  өзінше  бөлек  мақсат 
емес,  оқушының  бул  ішкі  көңіл-күйімен  есептесіп,  оның  санасына 
эсер  ету  үшін  керек.  Педагогтің  шеберлігі  тек  дауысты  үйлестіре 
білумен  шектелмейді.  Сөздің  студентке  өтімді  келуі  оның  мазмунына 
да  байланысты.  Бул  жерде  сөздің  мазмүны  дегенде  оның  орынды 
келіп,  сыпайылықпен  қолданылуы  жөнінде  айтылады.  Себебі  сөздің 
не  өтімді,  не  өтімсіз  келуі  студенттің  тек  өзі  калай  қабылдайтынына 
байланысты  емес,  кепшіліктің  осы  ескертуді  мақулдайтынына, 
мақулдамайтынына  кеп  байланысты.  Сондықтан  осыны  еске  алып, 
оқушыга  ескертетін  сездердің  етімді  келуі  үшін,  сөзге  кепшіліктің 
пікірін аударып отыру керек [215,32].
Полиэтностық 
жағдайда 
студенттердің 
дүниетаным 
кезқарасыньщ 
қалыптасуына 
оқу 
үдерісі 
мен 
қатар 
тәрбие 
жумысының  мағынасы  зор.  Сол  жумыстың  барысында  педагог 
нақтылы  мысалдар  арқылы  жоғарғы  оқу  орнымен,  топтар  жэне 
мемлекеттер  арасындагы  саяси  қарым-қатынаспен,  адамгершілік 
қасиеттермен,  эдеби,  философиялық,  тағы  басқа  кітаптардың  ой 
салатын  идеяларымен  студенттерді  таныстырып,  ғьшыми  негізде 
тусінік  береді.  Сейтіп  оларда  белгілі  бір  тэртіп  пен  жүйеге 
уйымдастырылған 
философиялық, 
жаратылыстану, 
эстетикалық, 
саяси  тағы  да  басқа  көзқарастар 
қалыптасады. 
Егерде  осы 
кезқарастардьі  адам  ез  қажеті  деп  білсе,  ол  сенімге  итермелеуші 
күшке  айналады.  Сенім  дегеніміз  -  адамның  өмірде  өзі  устанатын 
принциптері мен мураттарына терең негізделген нанымы.
Дүниетаным  жеке  адамның  мінез-қүлқы  мен  іс-әрекетін 
реттеуші  қызметті  атқарады.  Оның  беріктігі  адамның  бойында 
айқындық  пен  орнықтылық сезімін  туғызады.  Адамның дүниетанымы 
оның  бүкіл  бет-бейнесінен,  мінез-қулқы  мен  іс-әрекетінен,  тіпті, 
эдетінен  де  байқалып  турады.  Адамның  табиғатында  іс-әрекетте 
жетістікке  жету  қажеттілігі  бар.  Ал  бул  қажеттілікті  қанағаттандыру
301

қойылған  мақсатқа  байланысты,  жетістікке  жету  үшін  адам  өз 
шамасымен  санасып,  қолымнан  келеді-ау  деген  орташа  мақсатқа 
тоқталады,  өйткені  максат  өте  қиын  болса,  орындай  алмауы  мүмкін; 
өте  жеңіл  болса,  адамгершілік  санасына  мін  келетін  сияқты  болып 
көрінеді.  Егерде  студенттер  қостілділік  жағдайда  өз  шамаларына, 
мумкіндіктеріне сеніп,  қиындау  мақсатка тоқтапса, олардың талпыныс 
деңгейлері  жоғары,  ал  керісінше,  оңай  мақсат болса,  онда бүл  деңгей 
темен  дейміз.  Осы  деңгейлердің  негізінде  адамның  өзін-өзі  бағалауы 
пайда  болады.  Егер  талпыныс  денгейі  жоғары  болып,  ол  өзінің 
мүмкіндіктерін  дұрыс  бағаласа,  онда  бүл  студентгі  өрісті,  келешеғі 
мол  деуге  болады.  Ал  деңғейі  осындай  жоғары  болып,  бірақ  өз 
мүмкіндіктерін  артық  бағаласа,  онда  мүндай  студент  өз  жүмысында 
сәтсіздікке үшырайды.
Қостілділік 
жағдайда 
студенттердің 
танымдылық 
іс- 
эрекеттерінің 
дамуы 
талпыныс 
деңгейі 
төмен 
адамның 
дүниетанымының  кеңеюіне  мүмкіндік  туғызады.  Жалпы  дүниетаным 
дегеніміз -  табиғат,  қоғам  мен  адамзат ақыл-ойынын дамуы  жөніндегі 
көзқарастар  жүйесі.  Жеке  адамның  дүниетанымы,  ен  алдымен, 
қоғамдық  болмысты  бейнелендіреді.  Бүл  бейнелеу  өмір  процесінде, 
адамдардың  нақты  қатынастарында,  олардың  іс-әрекетінде  жүзеге 
асады.  Осындай  бейнелеу  барысында адамдардың белгілі  бір  көзқарас 
жүйелері  қапыптасады.  Психолог  А.В.  Петровскийдің  айтуынша, 
мүндай  көзқарастың жүйесі  адамның  езі түсініп  білғен  қажеттіліктері 
болып,  принциптеріне  айналып,  іс-эрекетті  сол  принциптерге  сэйкес 
жасауға  итермелеп  отырады.  Сөйтіп,  дүниетаным  көзқарастарының 
ролі адам өмірінде күшейе түседі[250].
Бірақ  мүндай  көзқарастардың  екі  түрін  ажырата  білуіміз  керек. 
Бірі  -  күнделікті  өмірден  көрген-білгенді  ішке түйіп,  қорытып,  оны  өз 
жеке  басының  тәжірибесіне  айналдыруы. 
Бүл  -  көзқарастың 
қарапайым  түрі.  Оның  шындыкқа  жанасуы  дүрыс  та,  бүрыс  та  болуы 
мүмкін,  өйткені  мүнда  ғылыми  негіз  жок.  Дүниетану  көзқарасынын 
екінші 
түрі 

ғылыми 
көзқарас. 
Бүл 
қоршаған 
дүниенің 
қүбылыстарының 
заңдылықтарын 
білу 
неғізінде, 
дүниетану 
көзқарасының  жүйесіне  айналады.  Мүндай  ғылыми  көзқарасты 
қалыптастыру  үшін  көптеген  ғылымдар  негізін  игеру  керек.  Жоғарғы 
оқу 
орындарында, 
баска  да  оқу 
орындарында  бүл 
багытта 
студенттермен оқу  жоспарын басшылыққа алып, эрбір ғылыми  пэннің 
негізін  оқып-білу  мақсатымен  арнайы  жүмыстар  жүргізіледі.  Сөйтіп, 
жеке  адамга  бүкіл  адамзаттың  тарихи  тәжірибесін  меңгеру  жағдайы 
жасалады.  Осындай  үлкен  міндетті  орындау  жүмысындағы  басты 
түлға  -  үстаз-мүғапім.  Оның  жеке  басының  мәдениеті,  білімі,
302

көзқарасы,  көрсететін  үлгісі  студенттер  бойында  адамгершілік  жэне 
кэсіби  дағды  қалыптастыратын  жаңсақ  нанымдарды  дарытуға 
бағытталуы тиіс.
Көп 
ұлтты 
аудиториядағы 
педагогтардың 
ұлттық- 
психологиялық  ерекшеліктерінің  құрылымдарын  былай  көрсетуге 
болады:
Мотивациялық-фондық 
(жұмыска 
деген 
қабілеттері, 
іскерліктері,  байқаушылықтары,  ынталарының  деңгейі).  Мысалы, 
жұмыска деген  кабілет бір  халыққа,  ал  байқаушылык  екінші  халыққа 
тэн  деп  айтуға  болмайды.  Бірінші  жэне  екінші  касиеттер  де  жалпы 
адамзаттық.  Сол  себептен  бұлардын  кайсысы  басым  болады 
қарастыру керек.
Интеллектуалдық 
(логикалық 
жолын 
қуу 
деңгейі, 
абстрактылықтың  кеңдігі  мен  тереңдігі,  ойлау  операцияларының 
жьшдамдығы,  ойлау  іс-әрекетін  ұйымдастырудың  сипаты  т.б.).  Әр 
түрлі халықтарга езіндік интеллектуалдық мінездемелер тэн.
-  Танымдылық  (қабылдаудың  тереңдігі,  тұтастығы,  белсенділігі 
жэне  таңдамальшығы,  елестетулердің  толықтығы  мен  оперативтілігі, 
киялданудың 
жарқындығы 
мен 
шапшаңдығы, 
зейіннің 
концентрациясы мен тұрақгылығы).
-  Эмоционалды  (сезімдердің  өту  динамикасы,  эмоция  мен 
сезімдердің көріну ерекшеліктері).
-  Еріктік  (еріктік  белсенділігіне  ұлттық багыттың  спецификасы, 
еріктік 
процестердің 
тұрақтылығы, 
еріктік 
күш 
салулардың 
ұзақтылығы).
Коммуникативтік 
(адамдардың 
арасындағы 
өзара 
әрекеттенулердің, 
қатынастардың, 
өзара 
қарым-катынастардың 
сипаты)  [55].
Көп 
ұлтты 
аудиторияларда 
элеуметтік-психологиялық 
процестердің  езінділігін  ескеру  керек,  себебі  олар  адамдардың жүріс- 
тұрыстары  мен  іс-әрекеттеріне  әсер етеді.  Ұлттық сана-сезім  айтылып 
кеткен  ұлттық  -  психологиялық  ерекшеліктердің  кызмет  етулеріне 
тұрақтылық береді.
Ұлттық  сана-сезім  адамдардың  белгілі  этностық  жалпылықка 
жататынын  санапы  түрде  сезіну,  коғамдық  қатынастар  жүйесінде 
өзінің  жағдайына  ойлану,  ұлтгық  қызығушылықтарды,  өзінің 
ұлтының  басқа  жалпылыктармен  өзара  қарым-катынастарын  түсіну. 
Ұлттық  сана-сезімнің  көпбейнелік  құрьшымы  бар,  ол  мынадай 
компоненттерді 

ұлтгың 
өзіндік 
идентификациясын, 
этноконсолидарлық  жэне  этнодифференциалдык  белгілер  туралы 
елестетулерді қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет