Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

БЕТ ӘЛПЕТ/ бет-әлпет. Орфографиялық сөздікте бөлек жазылған бет 
әлпет тіркесі жиілік сөздікте қос сөз (бет-әлпет) түрінде берілген. Жиілігі - 
20 рет. Ғылыми стильде бет-әлпет түрінде қосарланып жазылып жатыр. 
мысалы,  
Бет және әлпет - өзара мағыналас сөздер. Осыған орай олар қос сөз 
болып жазылуыға тиісті және тілімізде бет-бейне, бет-ажар сияқты қос сөз 
түрінде берілген модельдері де бар. Осыған сүйене отырып, бет-әлпетті 
қосарландырып жазуды жаңа латын әліпбиінің орфографиялық сөздігінде 
ескеру маңызды. Аталмыш мәселені талдау барысында орфографиялық 
сөздікте жоқ кейбір сөздердің де ұмытылмай берілуін ескеру қажет. Мысалы: 
бет-пішін, бет-бағдар.
БІТЕ ҚАЙНАСУ/бітеқайнасу. Орфографиялық сөздікте бөлек 
жазылып жүр. Бітеқайнасқан, бітеқайнаса, бітеқайнасып деп бірге жазылу 
жиілігі жоғары. Демек бірге жазылуға сұраныс көп. Аталмыш ұғым да 
атсалысу сияқты фразеологиялық тіркесінің кіріккен формасы. Сондықтан 
бітеқайнасу деп біріктіріп жазылғаны дұрыс деп санаймын. Жиілік сөздікте 
«бітеқайнас» етістігі 11 рет біріктіріліп жазылған. 
БОЙ ЖАЗУ/бойжазу. Орфографиялық сөздікте бөлек жазылып жүрсе 
де уақыт өте келе қазіргі қолданыста «бойжазу жаттығулары», «бойжазу 
режімі», «бойжазу шаралары» тіркестерінде бір денотаттық мәнде біріккен 
сөз ретінде көрініс тауып жүр. Осыған орай аталмыш фразеологиялық 
тіркесті жеке аталым ретінде, бір ұғым ретінде қабылдап бірге жазғанымыз 
дұрыс деп ойлаймын.
МАМЫРА-ЖАЙ/мамыражай. Орфографиялық сөздікте қос сөзбен 
жазылған мамыра-жай атауындағы жай сөзі «жайлы, жайма шуақ рақат» 
деген мағынаны білдіріп тұр. Қора-жай, мал-жай секілді орын тұрақ емес. 
Сондықтан шаруажай, бейжай үлгісінде бірге (мамыражай) жазылуы тиіс деп 
ойлаймын.
БАС ТАРТУ/ бастарту. Бас тарту ұғымы отказ сөзінің аудармасы 
ретінде терминдік қолданысқа енді. Бөлек жазылатын осы фразеологиялық 
тіркесті де біріктіріп жазуға болатын сияқты. Себебі бір ғана әрекеттің 
атауына айналды. Басқосу моделіне ұқсас. Мысалы, «отказное заключение» 
термині бастарту қорытындысы деп, «письмо-отказ» бастарту хаты деп 
беріледі. Тілімізде «бас тарту» кәдесі тағы бар (қойдың басын тарту). Әрине 
кәде атауы бөлек жазылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілінде қазіргі орфографиялық 
сөздіктегі кейбір сөздер емлесіне бағынбау жағдайы кең етек алып бара 
жатыр. Мысалы: 
1. 
Ауылы /аулы), дауысы /даусы сөздерінің емлесі ескерілмейтін 
жайттар жиі кездеседі.
2. 
Қитұрты сөзінің құйтұрқы варианты тең дәрежеде жарыспалы 
қолданылады. Босаң норма қатаң нормаға айнала алмай отыр. 
3. 
Ыстамбұл (Стамбул), Пәкістан (Пәкстан), Әзірбайжан (Әзербайжан)


62 
жарыспалы қолданыстары жиілене бастады.
4. 
баскиім (бас киім), мекенжай (мекен-жай), балабақша (бала бақша)
біріккен сөздер емлесін қалыптандыру өте ұзаққа созылды. Әлі де қате жазу 
жағдайы кездеседі. 
5. 
Кәстөм, пәлте, сөмке, кепкі, мәйкі сияқты қазақ тіліне икемделген
кірме сөздердің қолданыс жиілігінің төмен болуы. 
Осы сияқты орфографиялық мәселелер қазақ тілін оқыту стандартында 
тереңірек қарастырылмағандықтан, іс-қағаздарымен айналысатын қалам 
ұстаған қоғамның (БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, т.б) 
орфографиялық сөздік пен емле ережелерімен таныс болмауынан туындап 
отыр.
Алдағы жаңа латыннегізді әліпби бойынша жасалатын емле 
ережелерін жасауда аталмыш мәселелер ескерілуі керек деп ойлаймын.


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет