Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

4
+ Adj және S
(ес)4
+ Adj моделі. Салыстыру, салғастыру 
мағынасын білдіреді. Мысалы: 
Желден жүйрік, сенен сұлу, алтыннан қымбат, сауысқаннан сақ, 
таудан биік, қарадан жақсы. 
Мың естігеннен бір көрген артық т.б. 
б) S
7
+ Adj моделі. Амалдық қатынасты білдіреді: 
Жақсы ‒ ісімен жақсы. 
Ас ‒ иесімен тәтті. 
Қыз қылығымен сүйкімді.

4
+ Adj және S
(ес) 4
+ Adj моделі қытай тіліндегі 比[bi] + N + Adj 
құрылымына сәйкес келеді: 
比生命还宝贵 
[bi shengming hai baogui] өмірден де қымбат, 
比你好 
[bi ni hao] сенен жақсы. 比你高 [bi ni gao] сенен биік.

[bi] предлогы салыстыру, салғастыру мағынасын білдіреді.
Зат есімді сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ N
(3)
+ S.
Басыңқы сыңар зат есімнен, бағыныңқы сыңар есім сөздерден 
болады да, зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді. 
Мысалы: 
Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар баhра ала алмас (Абай). 
Асқанға тосқан (Мақал).


114
2.4. Қытай және қазақ тілдеріндегі пысықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестері
Қытай тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі 
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қытай тілінде де, 
қазақ тілінде де бар. Қытай тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркестерінің құрылымдық моделі: Ad + KW; ал қазақ тіліндегі 
құрылымдық моделі: C + V .
Қытай тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің 
құрамындағы сыңарлар екі түрлі жолмен байланысады: біріншісі – орын 
тәртібі; екіншісі – 

[dе] құрылымдық шылауы. Мысалы: 认真听 [renzhen 
ting] көңіл қойып тыңдау, 轻轻地走 [qingqing dе zou] ақырын жүру.
Қытай тілінде сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді байланыстыруға 
дәнекер болатын септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары жоқ. 地 
құрылымдық шылауы – пысықтауыштың грамматикалық көрсеткіші.
Қытай тілінде 地 құрылымдық шылауының қолданылуы ерекше. 

кейде қолданылады, кейде қолданылмайды. Бұл мынадан көрінеді:
1. Қос буынды сын есімдер қосарланып келіп, пысықтауыш 
болғанда 地 қолданылады: 
高高兴兴地上班,平平安安地回家。
[Gaogaoxingxing dе shangban, 
pingping-an’an dе hui jia] 
Қуанышты көңіл күймен жұмысқа барып, аман-есен үйге оралу.
我们清清楚楚地记得分别的那一天。
[Wo qingqing-chuchu dе jide 
fenbie de na yi tian] Айырылысқан сол күн әлі ап-анық есімде.
2. Сөз тіркестері (предлогты сөз тіркесінен басқалары) пысықтауыш 
болғанда 

жұмсалады: 
他态度温和地回答了所有问题。
[Ta taidu wenhe dе huida le suoyou 
wenti] Ол барлық сұрақтарға сыпайы жауап берді.
我们全面、正确地理解了。
[Women quanmian, zhengque di lijie 
le] Біз әрі жан-жақты, әрі дұрыс түсіндік.
生词要一个一个地记。
[Shengci yao yige yige dе ji] 
Жеке сөздерді бір-бірден еске сақтау керек. 
我们非常仔细地研究了。
[Women feichang zixi dе yanjiu le] 
Біз өте мұқият зерттедік.
战士们有计划地完成了任务。
[Zhanshimen you jihua dе wan cheng 
le renwu] Сарбаздар жүктелген міндетті жоспарлы түрде орындады.
生词要一个一个地记。
[Shengci yao yige yige dе ji]
Жеке сөздерді бір-бірден еске сақтау керек. 


115
3. Жалаң буынды үстеулер, сын есімдер пысықтауыш болғанда 

қолданылмайды:
他这个人太好了
[Ta zhe ge ren tai hao le] 
Ол кісі өте тамаша жан екен. 
他们来了,快跑
[Tamen lai le, kuai pao] 
Олар келіп қалды, тез қашайық.
4. Есімдік, мезгілді немесе мекенді білдіретін зат есімдер 
пысықтауыш болғанда 地 жұмсалмайды:
你怎么又来了。
[Ni zenme you lai le] 
Сен неге тағы да қайтып келдің. 
你今天走,还是明天走。
[Ni jintian zou, haishi mingtian zou] 
Сен бүгін кетесің бе, әлде ертең кетесің бе?
我们阿拉木图见。
[Women Alamutu jian] Алматыда жолығайық.
Ескеретін жайт, қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша 今天 
(бүгін), 明天 (ертең) сияқты сөздер “мезгілдік зат есімдер” деп аталады. 
Қазақ тілінде олар “мезгілдік үстеулердің” қатарына жатады. 
5. Предлогты сөз тіркесі пысықтауыш болғанда 地 жұмсалмайды:
他们都从农村来。
[Ta men dou cong nongcun lai] 
Олардың барлығы ауылдан келген.
6. Мекендік мәнді білдіретін сөз тіркестері пысықтауыш болғанда 

жұмсалмайды:
黑板上写满了字。
[Heiban shang xie man le zi] 
Тақтаны жазумен толтырып тастаған.
7. Кейбір қос буынды үстеулерге 地-ны жалғаса да, жалғамаса 
да болады:
天气非常热。
[Tianqi feichang re] Күн өте ыстық.
天气非常地热。
[Tianqi feichang dе re] Күн қатты ыстық.
8. Көп буынды сын есімдердің көпшілігіне 地-ны жалғаса да, 
жалғамаса да бола береді. Егер 地 жалғанса, күшейту мағынасын 
білдіреді: 
他仔细看了半天。
[Ta zixi kan le bantian] 
Ол біразға дейін мұқият қарап тұрды.
他仔细地看了半天。
[Ta zixi dе kan le bantian] 
Ол біразға дейін бар зейінімен қарап тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет