Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет18/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

лингвистикалық компаративизм 
деген ғылыми парадигмаға 
жатады. Оның басты принципі салыстыру арқылы тарихи зерттеу бол-
ды. Фразеологизмдерді таксономдық жəне классификациялық үлгіде 
деңгейлік модельдерін анықтады. (Ə.Қайдар, Р.Жайсакова, С.Сəтенова т.б.) 
Өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап, жаңа лингвистикалық та-
ным фразеологизмдерді зерттеудің 
құрылымдық жүйе парадигмасын 
қалыптастырды. Мұндағы басты принцип тұтастық пен жүйелілікке 
негізделді. Тілдік құрылымдағы оппозиция – «тіл-сөйлеу», «пардиг-
ма-синтагматика», «синхрония-диахрония» əдіснамасы қазақ фразеоло-
гиясында жемісті ғылыми нəтижелерді берді. (Ə.Қайдар, М.Копыленко, 
Г.Смағұлова, С.Сəтенова, Р.Авакова Қ.Қалыбаева, Б.Жұбатова т.б.)
Өзіндік ерекшеліктері бар тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің 
тұлғалық жəне мағыналық сипаты лингвистикалық ғылыми зерттеулердің 
түрлі нысандарына тақырып болды. Əсіресе, кейінгі зерттеулер ішінде 
ұлт мəдениетіне қатысы əр түрлі ғылымдар түйісінде: тарих, этноло-
гия, психология, когнитология, əлеуметтік лингвистика, қолданбалы 
лингвистика, философия, аударматану, стилистика, прагмастилисти-
ка жəне тіл мəдениетінде т.б. жан-жақты қарастырылып, жалпы қазақ 
фразеологиясының теориялық жəне практикалық қолданбалы жақтары 
терең сараланып келеді. Бұл ретте, тілді адаммен, оның болмысымен бір-
ге қарастыру антропоцентрлік зерттеулерге өзек болды. Жан-жақты дами 
келе, 
коммуникативтік-прагматикалық
парадигмаға 
ұласты. Мұның 
басты принципі номинация жəне референция теориялары мен сөйлеу 
əрекетінің ерекшеліктеріне негізделеді. 


22
Сондықтан да қазақ тіліндегі фразеологизмдердің басқа да ғылым 
салаларымен тығыз байланыста бұлай жан-жақты қарастырылуы 
фразеологияның пəн ретінде зерттеу аясының тереңдеуін көрсетеді
əрі тілдік талдаулармен нақтылануы жалпы фразеологияның зерттеу 
нысанының күрделенгенін жəне бүгінгі тілтаным тұрғысынан алғанда, 
бұған дейінгі қалыптасқан кейбір ой-пікірлерді басқа қырынан, басқаша 
қарауда талап етеді. 
Қазіргі кезде түрлі мəдениеттер диалогы əр ұлттың өзіндік ерекшелік-
терін тек тілдік бірліктер арқылы жай сипаттауды ғана емес, олардың 
этномəдени танымын нақты адамдық фактор арқылы «сөйлеуін» қажет 
етеді.
Бұл ретте когнитивтік фразеологияның рөлі ерекше болмақ.
ХХ ғасырда қалыптасқан дəстүрлі құрылымдық иманентті тіл білімі-
не когнитивтік лингвистиканың бірінші орынға адамдық факторды 
шығаруы, ендігі жерде адам танымын аттап өте алмайтын «тілді адаммен 
бірге» қарастыруды басты ғылыми бағыт етіп қойды. 
Кезінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» 
туралы зерттеуімізде (1998) біз өз тарапымыздан бұл мəселеге азды-көпті 
пікір білдіргеміз. Мəселен, халық рухы қашанда өз ұлтының тілінен 
көрініс табады. Ал этнотілдік ерекшеліктердің басты көрсеткіші – фра-
зеологизмдер. Себебі мұнда ұлттың тұрмыс тіршілігі, тұтастай өмір 
сүру мəдениеті сипатталады. Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде 
бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-
экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарла-
су, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына 
əсер ету мүмкіндігіне ие болатын менталдық бірліктер ретінде таныла-
ды деген тұжырым жасалған.[Cмағұлова, 1998]. Сондай-ақ, моногра-
фия авторы қазақ фразеологиясын жеке лингвистикалық пəн ретінде 
қалыптастыру мақсатында оқыту үдерісіне бірнеше, атап айтқанда: 
бакалавриатқа – «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары», 
«Мағыналас фразеологизмдер», «Фразеологизмдердің стильдік ерек-
шеліктері», магистратураға – «Фразеологизмдердің лингвомəдени 
сипаты», докторантураға – «Тұрақты тіркестердің антропоцентрлік 
когнициясы» атты электив курстарын енгізді. 
Қазақ фразеологиясы – өзіндік зерттеу нысаны мен ғылыми 
проблемаларының бағыты жəне аумағы айқындалып қалыптасқан 


23
пəн. Сондықтан тіл білімінде фразеологияны зерттеу аспектісі 
лингвомəдениеттану, когнитивтік лингвистика тұрғысынан жаңа 
қырлары талданып, фразеологияның қазіргі лингвистикалық пардигма-
лары таныла бастады.
Бұл шолулар өткен ғасырдың екінші жартысынан бері қазақ 
фразеологиясының жеке ғылыми пəн болып қалыптасуына қазақ тіл 
білімінде біраз арнаулы зерттеу еңбектері жазылғандығының дəлелі. 
Осыларды сараптай келе, қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы мен 
бағыттарын мынадай деп бөлуге болады.
Ø
Қазақ фразеологиясының жеке лингвистикалық пəн ретінде 
қалыптасуы.
Ø
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің мағыналық-тақырыптық 
топтары мен грамматикалық, стильдік ерекшеліктерінің арнайы 
қарастырылуы. 
Ø
Тұрақты тіркестердің лингвомəдени бірліктер ретінде фразеоло-
гизмдердің прагматикалық аспектілерінің ғылымдар түйісіндегі жаңа 
ғылыми бағытта зерттелуі.
Ø
Фразеологиядағы əлем суретінің антропоцентрлік ерекшеліктері, 
фразеологизмдердің концепт бөліктерін құрайтын мəртебесі бойынша, 
когнитивтік фразеологияның ғылыми аренаға шығуы. 
Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер қазақ тіл білімінде ерекше 
зерттеу нысаны екендігі əр жылдары жазылған ғылыми талдаулардан 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет