Монография «Елтаным баспасы»


 ТАРАУ Фразеологизмдердің когнитивтік-мəдениетанымдық



Pdf көрінісі
бет97/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   193
ТАРАУ
Фразеологизмдердің когнитивтік-мəдениетанымдық 
пардигмалары
4.1 Тарихи фразеологизмдер – тіл арқылы 
мəдениеттанудың құрамды бөлігі 
Жер бетіндегі ұлттар мəдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық. 
Бұл əсіресе  адамдардың  қарым қатынасынан, өмір сүру формалары-
нан, тіпті гендерлік  ерекшеліктерінен де анық байқалады. Мұндай 
өзгешеліктер олардың тілінен көрініс табады, тілінде жақсы сақталады. 
Сондықтан  да қазіргі тіл ғылымындағы зерттеулер антропоцентрлік 
бағытта мықтап өріс алды. Тіл адамдардың іс-əрекетінен тыс дамым-
айды, адамды тілі арқылы тану, білу, зерделеу оның этноментальдық 
өмірінен толық ақпарат береді.
Тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі өркениет пен мəдениеттің əр 
түрлі кезеңдерінен өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік 
қана емес, этикалық-моральдық, менталдық тұрғыдан да таныта алады. 
Бұл ретте тілде қалыптасқан тұрақты тіркестерді – мақал-мəтелдер мен 
фразеологимдердерді когнитивтік тұрғыда зерттеу еңбектері енді қолға 
алына бастады.
Əлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде  концепт ретінде танылған 
ұғыммен мағыналық байланыста тұратын этнографиялық атулардың 
тұрақты тіркестердің – мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің маңызы 
ерекше.
Дүние жүзі халықтары кез келгенінің өз ұлтының тарихын жасауда 
мəдениет тұрғысынан азды көпті алатын еңбегі бар. Тарихи даму са-
тысында түрлі дүбірлі дəуірлер елесі сол ұлттың өз тілінде сақталып
сөздер мен тұрақты тіркестері арқылы келер ұрпақына жетеді. Адамзат 
қоғамы сатылап дамыған сайын өшпейтін ұлт тілінде сандаған тарихи 
оқиғалар, тарихи есімдер, тарихи жер-су аттары тұрақты айтылатын, 
қалыптасып кеткен əлде бір мақал-мəтелдер, фразеологизмдер, нақыл 
сөздер сияқты тұрақты тіркестер мазмұнында жаңғырылып қайталанып 
отырады. Білетін жұрт мағынасына мəн беріп, естіген, жадында қалған 
тұстарын əңгімелеп, «сол кезден қалған сөз еді» немесе «сол айтқандай» 


118
деп, əлде бір іс-оқиғаға нəтижесінен ішкі ой арқауын түйіп тастауға бейім 
болады. Келер ұрпақ үшін өз ұлтының бастан кешкен оқиғалары бертінде 
тарих қатпарларында шаң басып, елеусіз қалмауына, қайта көпшіліктің 
назарын аудартып, əлде бір болған оқиғалардың халық үшін ұмытылмай, 
қайталанып айтылып жүруі сол ұлттың тілінде сақталып қалған сөздер 
мен тұрақты тіркестеріне байланысты. «Ойды ой қозғайдының» əсерімен 
не бір өткен өмір елесі бекерден бекер ел-жұрт есінде сақталмайды. Алды-
мен ол қоғам дамуындағы болған оқиғалардың із-түзссіз жоғалып кетпе-
уіне себепкер халық сөзінің қалт айтылмауында. Ел басынан өткен түрлі 
қиындықтың ұдайы болып отырған соғыс, ашаршылық, босқыншылық, 
тынымсыз тіршіліктің кейбір өмірінен туатын қайшылықтардан шығатын 
қақтығыс оқиғалар т.б. адамдар санасында қалдыратын өшпес əсерлері 
халық тілінде өрнекті сөздермен бейнеленіп, тұрақты айтыла келе, тілде 
сақталып қалып қояды. 
Қазақ фразеологиясы проблемаларының бірі – этнолингвистикалық 
сипаттағы тарихи фразеологизмдер. Тіл білімінде тарихи фразеоло-
гизмдерге көзқарас əр түрлі. Олай дейтін себебіміз, орыс тіл білімінде 
салыстырмалы диахрондық сипатта зерттелетін тілдік фразеологиялық 
фактілер  көбінесе  тарихи  фразеологизмдер  деп  аталады.  Бұлай 
аталуының себебі: ұлт тіліндегі тұрақты тіркестерді салыстыра зерт-
теу нəтижесінде тілдердің тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты 
ғылыми ой тұжырымдар жасалады. 
Ал қазақ фразеологиясында этнолингвистикалық зерттеу тəсілдерімен 
танылатын бір алуан тұрақты тіркестер тек тарихи оқиғалар мен та-
рихи адамдардың есіміне байланысты айтылып, бертін келе фразеоло-
гизмдер қатарына енген. Олардың жасалу жолдары əр түрлі. Егер бұл 
тіркестердің жасалуындағы ішкі мотивацияға назар аударсақ, халық, ұлт 
өмірінің басынан өткен оқиғаларының мазмұны мен тарихы жатады. 
Бұлардың кей кезде жаппай қоғамдық факторға айналуының əсерінен 
ұзақ  уақыт  халық  жадынан  кетпей,  сол  ұлттың  тілінде  өткен  тарихи 
оқиғалармен соған байланысты белгілі бір адамдар есімі, тіпті жер-су 
аттары да қоса айтылып, халық жадында сақталып қалады. Мəселен, 
қазақтар өміріндегі ең бергі оқиға кеңестік дəуірде туған «асыра сілтеу 
болмасын, аша тұяқ қалмасын», Қазақстандағы Голощекин саясаты «тар 
жол тайғақ кешу» С.Сейфуллиннің осы аттас шығармасында баяндала-
тын азамат соғысы жылдарындағы қиындықтар, «өкімет – қайда барсаң 


119
өшірет», бұрынғы Кеңес заманындағы халықтың өмір сүру мəдениеті, 
қазіргі кездегі «нарық – нарыққа болдық қарық» т.б. халық аузында ай-
тылып жүрген тіркестер жайдан жай тумайды. Əр қайсысында сол ұлт 
өмірінің бастан кешкен тарихи өмірі жатыр.   Тарихи фразеологизмдерді 
тақырып жағынан үшке бөлуге болады:
1. Тарихи есімдерге байланысты туған фразеологизмдер.
2. Тарихи оқиғаларға қатысты жасалған фразеологизмдер.
3. Тарихи жер-су аттары кездесетін фразеологизмдер.
Аталған фразеологизмдер – ұлт тіліндегі фразеологиялық қордың 
таңбаланған, ерекше мазмұндық сипаты бар тұрақты тіркес түрлері. 
Тіліміздегі тұрақты тіркестердің шығу тегі мен жасалу жолдарын анықтау 
барысында аталған тарихи фразеологизмдердің орны ерекше. Біріншіден, 
тіл білімінің лексика-фразеологиялық саласында айтарлықтай ғылыми 
ізденіске бара алатын тіл арқылы мəдениеттануда тілдік фактілері мол. 
Екіншіден, фразеологизмдердің өзіндік даму жəне қалыптасу кезеңіне 
міндетті түрде қоғамдық дəуірдің түрлі даму сатылары қатыспай тұра 
алмайды. Олай болса, бір бірімен тығыз байланысты тіл – адам – қоғам 
триадасы фразеологизмдердің қалыптасуына диахронды жəне синхрон-
ды сипатта қызмет етеді.
Тарихи есімдер, тарихи оқиғалап, тарихи жер-су аттарына байла-
нысты туған фразеологизмдерді талдау энциклопедиялық білімді қажет 
етеді
Антропонимдер мен топонимдердің идиоэтникалық семантикасын 
қалыптастыратын жəне баяндайтын ақпараттар əр ұлт болмысынан ха-
бардар етеді. Дүние жүзі халықтарының тілінде өз ұлтының тарихын жа-
сауда ономастикалық атаулардың алатын ерекше. Тарихи даму сатысын-
да түрлі дүбірлі дəуірлер оқиғасы сол ұлттың өз тілінде сақталып, сөздер 
мен тұрақты тіркестері арқылы келер ұрпағына жетеді. Адамзат қоғамы 
сатылап дамыған сайын ұлт тілінде қалыптасып кеткен мақал-мəтелдер, 
фразеологизмдер, нақыл сөздер сияқты тұрақты тіркестер мазмұнында 
сандаған тарихи оқиғалар, антропонимдер мен топонимдер жаңғырылып 
қайталанып отырады.
Келер ұрпақ үшін өз ұлтының бастан кешкен оқиғалары бертінде 
тарих қатпарларында шаң басып, елеусіз қалмауына, қайта көпшіліктің 


120
назарын аудартып, əлде бір болған оқиғалардың халық үшін ұмытылмай, 
қайталанып айтылып жүруі сол ұлттың тілінде сақталып қалған сөздер 
мен  тұрақты  тіркестеріне  байланысты.  Қазақ  фразеологиясында 
этнолингвистикалық зерттеу тəсілдерімен танылатын бір алуан тұрақты 
тіркестер тек тарихи оқиғалар мен тарихи адамдардың есіміне байла-
нысты айтылып, бертін келе фразеологизмдер қатарына енген. Олардың 
жасалу  жолдары  əр  түрлі.  Егер  бұл  тіркестердің  жасалуындағы  ішкі 
уəжділікке (мотивацияға) назар аударсақ, халық, ұлт өмірінің басынан 
өткен оқиғаларының мазмұны мен тарихы жатады. Бұлардың кей кез-
де жаппай қоғамдық факторға айналуының əсерінен ұзақ уақыт халық 
жадынан кетпей, сол ұлттың тілінде өткен тарихи оқиғалармен байла-
нысты белгілі бір адамдар есімі, тіпті жер-су аттары да қоса айтылып, 
халық жадында сақталып қалады. Демек халық аузында айтылып жүрген 
тұрақты тіркестер жайдан жай тумайды. Бұлар тарихи фразеологизмдер 
қатарынан орын алады.
Əдетте тіл-тілдегі фразеологиялық тіркестер өзіндік образдылығы 
мен эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан тілдік бірлік ретінде оқшау 
тұратыны белгілі. Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мəн ба-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет