Монография «Елтаным баспасы»


сында  күнде  жиын,  Ақыры  бұл  жиынның  болды  қиын



Pdf көрінісі
бет103/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   193
Байланысты:
Verstka

сында  күнде  жиын,  Ақыры  бұл  жиынның  болды  қиын  деген  екен. 
Мұндай тіркестер қатарына «Қытай қорғанына» қатысты парадигмалы 
тіркестер де жатады.


125
Ресей патшалығының саясаты нəтижесінде қазақ даласына сыймаған 
«қолайсыз» ел азаматтарын жазалаудың бір түрі ретінде ел-жұртынан 
айырып, Сібірге жер аударып отырған. Тіліміздегі «Ит жеккенге айдалу 
//айдату» тіркесі Сібірдің кейбір халықтарының қыс кезінде шанаға ит 
жегіп, тіршілік ететін кəсібіне қарай айтылатын түсінік келе-келе алыс, 
шалғай дегенді білдіретін фразеологизмге айналды. 
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қоры халық басынан өткен алуан 
түрлі тарихи жағдайлардың ел аузында сақталу деңгейіне байланыс-
ты ұлтының өткен кеткен өмірін қадірлейтін тілдік тұлға туған тілінде 
сақталған, əлі де айтылып жүретін ерекше мазмұнды тұрақты тіркес 
түрлерін жадында тұтып, таратып айта жүрсе, келер ұрпақ тілі де жанды 
мағлұматқа толы ұлт мəдениетін дəріптейтіні анық.
Антропонимдердің этнонимдік семантикасы генонимдерде де (ру, 
тайпа) кездеседі. Қазақ елінің кең байтақ даласында қоныстану
 
үрдісінде 
жазылмаған
 
заң  сияқты  қалыптасқан  рулық-  тайпалық  құбылысы 
қатаң  сақталған.  Қазақ  «у  ішсең  –  руыңмен»  деп  ескертіп  отырған. 
Аймақтық өмір сүру кеңістігі қаншама шалғай болса да ел ішінің ара-
лас-құраластығының  арқасында  өз  ара  ру  арасында  көп  ретте  түрлі 
əзіл немесе ескертпе сияқты «ойнап айтса да, ойындағысын айтатын» 
тіркестер арқылы дүйім қазақ даласына тарайтын сөз қалып отырған. 
Əсіресе, ру атына байланысты айтылған тіркестер ел аузында жақсы 
сақталап қалады. Мəселен, Танысаң – Адаймын, Танымасаң – Құдаймын, 
Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айтқандарын екі етпейді, Най-
ман қу ма, сайтан  қу ма, қызыл бөрікше
 
сөйлесу  (жасырын  сөйлесу 
мағынасында). 
Қазақстанның қай жерінде болмасын, түрлі ру жайлаған өлкелерде 
осындай  əзіл-шыны  аралас  сөздер  кездесуінің  өзі  бұл  тіркестердің 
жасалуына біраз күндік өмірдің жемісі емес, талай жылдың еншісіне 
жазылған  мəдени  тіршілік  беттерінен  қалатын  халық  сөзі.  Этногроф 
А.Сейдімбек «Бұл ретте, ономастиканың арналы бір саласын құрайтын 
этнотопонимдердің этностар тарихы мен тағдырына қатысты беретін 
мағлұматы айырықша мəнді» ,-дейді [2008: 485].
Сонымен антропонимдер мен топонимдердер арқылы жасалған фразе-
ологизмдер тіл арқылы мəдениеттанудың құрамды бөлігі ретінде тіліміз-
дегі тұрақты тіркестер қорында ақпараттық мəні басым болуына қарай 
өміршеңдігімен ерекшеленеді. Тарихи фразеологизмдер ұлт тарихына 


126
қатысты  дерек  көздері  болып,  ономастикалық  лингвомəдениремалар 
ретінде танымдық жəне коннотациялық қасиетке ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет