Монография «Елтаным баспасы»


«Маңғыстауда – пір Бекет», «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бе-



Pdf көрінісі
бет102/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   193
«Маңғыстауда – пір Бекет», «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бе-
кет», «Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айқандарын екі етпей-
ді». Бұл мысалдардың барлығы 17-18 ғасырда Маңғыстау өңірінде өмір 
сүрген əулие, ұстаз жəне шеберлігімен, батырлығымен даңқы асқан Бе-
кет Мырзағұлұлына қатысты айтылған халық бағасы. 
Ел мен жер, туып өскен өлке тарихы да ұлт мəдениетінің алыс, тіпті 
елеске айналған қабаттарынан дерегі мол дүниені əкеледі. Тіл мəдениеттің 
барлық салаларына қатысты. Ұлт мəдениетінің ертедегі қалпын зерделей 
алғанда ғана, бүгінгі дəуір мəдениеті туралы, дəстүр жалғастығы тура-
лы пікір айтуға болады. Мəдениеттің сонау рулық, тайпалық, халықтық 
сатысынан бері қарай жалғастығын табуға себепші болған нəрсе – тек 
ұлт тілі. Олай болса, «əркімнің туған жері – Мысыр шаһары» (əркімнің 
туған жері бір Мысы) тіркесіндегі ой астары тек туған жерге ғана құрмет 
қана емес, мəдени алыс-берістің географиялық кеңдігі. 
Алыс, қашықтық ұғымында айтылатын – «Барар жерің Балқан тау
Ол да біздің барған тау» – тарихи оқиғаның дерек көзі. Шын мəнінде 
Балқан тау адам аңсаған арман жер емес, керісінше Шыңғыс ханның 
жаугершілік заманында бас сауғалаған қазақтар Түркіменнің Небит-дағ 
қаласының екі жағындағы Үлкен Балқан, Кіші Балқан тауларына дейін 
барған деген аңыздан туған тұрақты тіркес. 
Қазақ ұлтына етене жақын айтылытын тіркестердің бірі – «Күлтөбенің 
басында күнде жиын». Болсын болмасын, құдайдың құтты күнінде жиын, 
мəжіліс құра бергенді жақтырмай айтады. Бұл тіркестің шығуына да ер-
тедегі тарихи оқиға себеп болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда Тəуке 
хан  тұсында  қазақтың  би-болыстары  Түркістан  маңындағы  Күлтөбе 
деген жерге (Шойтөбе, Одабасы деп те аталады) күн сайын жиылып 
мəжіліс құрады екен. Сондағы айтатындары – жауға қалай тойтарыс беру, 
ел-жұртты қалай аман сақтау. Күндегі əдеттерінше тағы да төбе басына 
жиналып, мəжіліс жасап, ақылдасып отырғанда Қаратау жақтан қаптап 
жау кеп қалады. Істен гөрі сөзге үйренген би кеңесшілер, қарақұрым 
жауға төтеп бере алмай, өздері бас сауғалап қаша жөнеледі. Жаудың 
соққысын өз бастарымен көтерген қауым жұрт жаумен қалай соғысудың 
əрекетін үйретуші күнде жиын құратындарға қаратып: Күлтөбенең ба-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет