Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет105/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193
О қ а с ы жоқ, м ы с ы  құру,  қ ы п ш а  бел,  з ы ғ ы р д а н ы   қай-
нау,  з ы қ ы с ы  шығу, р ə с у ə  болу,  з а р  илеу т.б. Кейбір тіркес 
құрамындағы сөздер парсы тілдерінен енеген. 
Жалпы қазақ фразеологиясындағы кірме фразеологизмдер табиғаты 
толық танылып бітпеген дүние Ал осы сияқты тіркестерді  анықтап
сандық жəне этимологиялық зерттеулер баяу да болса  жүріп жатыр. 
Академик Ə.Қайдар. Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ə.Нұрмағамбетов, т.б. 
этимологиялық еңбектері баршылық. Бұл арада бізге қажеттісі қазақ 
фразеологизмдеріндегі компоненттердің бір сыңарының басқа тілден 
енуінің себеп салдары мен ұлттар арасындағы ауыс-түйіс сөздердің ком-
муникативтік қызмет деңгейінің түрін көрсету, сондай-ақ халқымыздың 
бағзы заманнан бері көне тарихын, рухани-мəдени өмірін айғақтайтын 
жекелеген сөздер тарихы екендігіне назар аударту. 
Фразеологизмдердің компонентер құрамында көбінесе араб-парсы
көне түркі, жалпы түркі тілдерінің сөздері жиі ұшырасады десек, ол 
түсінікті де. Қазақтардың ислам дініне кіруіне байланысты, өзгерген тіл-
дік қарым қатынас лексикалық деңгейде сөз қабылдауға мəжбүр болды. 
Мəселен, ол сөздер тек фразеологиялық тіркестер құрамында кездесіп 
отырды, сондай-ақ плеонастық құбылыста қайталанып жүрген.
Мысалы:
З а р (парсы) – қайғы, мұң,жылау – зар жылау, зар илеу
С а р а (парсы) – түзу, жақсы – сара жол
И л а ж (араб) – амал – лажы жоқ, амалы жоқ
Ш а д м а н (парсы) – көңілді – шад-шадыман болу
Р а с у а (парсы) – ұят ,ұятқа қалу – ит рəсуа қылу
Ш ұ р қ (тəжік)- сурох/ – тесік – шұрқ тесік
Қ ы р ш ы н (қырғыз) -қырчын – жас тал


128
Х ы р ч ы н (хакас) – хырчын – көк шыбық
Қ ы р ж ыл (тува) – жіңішке шыбық т.б.
Бұл  келтірілген  мысалдарда  (ҚТФС-дан  алынған)  тұрақты  тір-
кес  құрамындағы  шеттен  енген  сөздер  тобы  лексика-семантикалық 
қайталаулар болса да, фразеологизмнің мағыналық құрамына сіңгені 
сондай, алып тастап немесе басқа мəндес сөздермен алмастыруға кел-
мейді. Олардың тура мағыналарын тек этимологиясына қарап қана білуге 
болады. Енді солардың кейбіріне талдау жасап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет