143
соңғы жылдары, əсіресе, жергілікті ұлт өкілдерінің ұлттық сезімінің
ана тіліне қатысынан жақсы көрінді. Ал осы ана тілге деген ерекше
құрмет, оның бүгінгісі мен ертеңгісіне деген толғаныстар тілде небір
сөз айшықтарының қалыптасуына негіз болады. Мысалы:
«
Туған жер – тұғырың, туған тіл – қыдырың», «Төл тілің – күре
тамырың», «тіл көгермей, ел көгермейді», «Тіл тағдыры – ұрпақ (ел)
тағдыры» деген тіркестер ана тілге деген ерекше биік сезімнің көрінісі.
Бұл тіркестер де жиі қайталана келе, қазақ ұлтының ана тілі үшін күрес
сəттерінің
бір белгісі болып, кейінгі ұрпақтарға жетеді.
Ұлттың сезімнің əсерлі бояуы, нақышты ой айшықтары көркем
сөз өнері, оның ең асылы – ауыз əдебиетінің өлең түрі арқылы сыртқа
шығып, тыңдаушыға əсер етеді. Айталық, баланың тілі шыққаннан бас-
тап, оның ой-сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып, ойын өлеңдері
арқылы қанына сіңген. Өйткені ол жастайынан ауыз əдебиетінің асыл-
дары мақал-мəтел, өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жаттап, жадына
сақтап өсетіндігін қазақ мəдениетанушылары да қуаттайды [Қараңыз:
Елікбаев Н. Ұлттық психология. 1992].
Ұлттық сезімнің тағы бір көрініс табатын тұсы – көркем
шығармалар.
Бұл ретте осы күнге дейін тасқа басылып шыққан рухани мұра қазақ
кітаптарының қай-қайсысы осы ұлттық сезімнің қайнар көзінен бастау
алғандығын айтсақ та жеткілікті.
«За каждым текстом стоит определенная языковая личность, а пос-
кольку «само содержание
понятия языковая личность переплетается с
этнокультурными и национальными чертами индивидуальности», то
национальная принадлежность и включительность в соответсвующую
культуру определяют картину мира, тезаурус писателя, отражающийся
в языке его произведений» [1993, 131] деп, И.Н Сафронованың айтуы-
на қарағанда, кез келген жазушы шығармашылығында тек өзіндік тіл-
дік ерекшеліктерді ғана емес, сол жазушы тілдік тұлға ретінде енетін
этностың мəдени ерекшеліктері басты орын алады.
Жазушы тарихтың сан алуан дерегі, туған елінің шежіресі сақталған
ұлттық-мəдени мұрасы бар қоғамда өмір сүреді. Сол қоғамда қалыптасқан
мəдени дəстүрлер жазушы шығармаларынан орын алады. Көркем сөз
шеберлері тұрақты тіркестерді қолдануда олардың образдылығына
үлкен мəн беріп, олардың бейнелегіштік қасиетін арттыру мақсатымен
144
ерекше эмоциялы-экспрессивті мүмкіндіктерін барынша пайдалануға
тырысады. Көркем шығармалар кез келген халықтың алыс замандар-
дан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дəстүрі, заттық жəне
рухани мұраларының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа сақталуын
қамтамасыз етеді.
Қай кездің қандай қоғамы болмасын, заман келбетін, заман шындығын
бейнелеуде ұлт тілінің əлеуеттілігі қыры сынбай қырланып, ұштала бе-
реді. Сол кезеңнің, дəуірдің асқынған, ушыққан тұстарын суретті сөзбен
кестелеп береді. Мысалы, қазіргі қазақ мəдениетінде «сайлау», «сай-
лау науқаны» сияқты сөздер қоғам көрінісінен мағлұмат береді. Мына
төмендегі мысалдардан автордың ауыл əкімдерін сайлауды кезіндегі
ойларынан үзінді оқимыз.
Мысалы:
• Сөйтіп, бұған дейін
айрандай ұйып отырған кейбір ауыл жұрты
ештеменің бас-аяғын түсінбей, өз өзінен бүлінген
алашапқын,
Достарыңызбен бөлісу: