198
Бұл арада фразеологизм
мұрнынан шаншылып
"
жүру сүйемел
сөзбен байланысы с ы р т қ ы л е к с и к а л ы қ с и н т а г м а т и к а-
ғ а жатады.
Фразеологиялық тұлғалардың өз ішінде тіркесу ерекшеліктеріне
қарай і ш к і л е к с и к а л ы қ с и н т а г м а т и к а ғ а мысал:
• Тұла бойын ашу құрсап, қолдары сіресіп, тістері шықырлап кетті.
«Əттең, өзім…» Біреуге айтып,
жонынан таспа тілдіріп алар
ма еді? – деп күбірледі. Иə болмаса қасиетсіз сілімтік, ез сорлы-
ны айғайлап, қайта шақырып алып,
ит терісін басына қаптаса
қайтеді?…
(Ж.Самитұлы)
Фразеологиялық синтагматика стилистика мəселелерімен де тығыз
байланысты. Тұрақты тіркестердің стилистикалық сипаты
олардың
қолданылу прагматикасына байланысты.
Мысалы:
ЕКІ ӨКПЕСІН ҚОЛЫНА АЛЫП ЖҮГІРУ – асығу. Төменде
келтірілген мысалдарда фразеологиялық мағына
асығу сөзіне
"
зыту
"
ентігу етістіктерінің стилистикалық сипатына қарағанда экспрессия-
сы жоғары. Бұл арада семантикалық компенсация емес, стилистикалық
компенсацияның мəні зор.
•
Екі өкпесін қолына алып зытып бара жатқан серігіне зеңбірек
оқтаушы əлдене деп айқайлады да, секем алғандай артына
бұрылды. (Т.Ахтанов)
•
Төртінші күні Ордостан екі өкпесін қолына алып, ентігіп ша-
барман топ алдында өліп жатқан Əміршісін көріп, аңырайып
тұрып қалды. (Ə.Кекілбаев.)
•
Оқыс олжаға балаша қуанған Кəрекең екі өкпесін қолына алып,
үйдегі Наршасына жетеді асығып. (Ə. Асқаров)
•
Екі өкпесін қолына алып көк тұмсыққа жетті-ау ақыры.
(Ə. Кекілбаев).
Қазақ тіл білімінде осы уақытқа дейін фразеологизмдердің құрамы
бірліктердің ішкі құрылымы, олардың сөйлем мен сөз тіркесі құрылымына
сəйкес келуі мен сəйкес келмеуі тұрғысынан зерттелініп келген-ді. Алай-
да тілдік бірлік ретіндегі фразеологияның өзіндік нысанын анықтауда
199
жəне лексикалық, фразеологиялық бірліктердің байланыстарын орна-
туда ішкі нақты құрылымдық байланыстардың маңыздылығын анықтау
қажет. Бұл ретте басқа тіркес түрлерінен айырмашылығы бар, тұрақты
тіркестрге тəн ерекшелігі бар конструкциялар жасалатынына назар ауда-
рылуы керек. Фразеологиялық синтагматикада тіркесімділік пен оралым
терминдерінің ара-жігін айрып алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: