драматургиясына да тың тақырыптар әкелді. А.Сатаевтың “Айға
сапар” пьесасынан ғарышқа ұшуды армандаған бүлдіршіндерді
көрсек, Ә.Табылдиевтың “Армандастар” пьесасынан ғарышқа ұшуды
армандап қана қоймай сол сапарға дайындалып жүрген
жеткіншектерді кездестіреміз. 1990 жылдарда тәуелсіз әдебиет
аясында дүниеге келген негізгі тақырыптардың бірі наурыз
мерекесіне байланысты еді. Күн мен түннің теңескен Ұлыстың ұлы
мейрамы қаншама жылдардан кейін халқымен қайта табысты.
Қариялар жадынан, ескі кітаптардан алынған наурыз мейрамының
тарихын баспасөз айтып, жазып та жатты. Ал, балалар үшін
мектептерде ертеңгіліктер, шағын инсценировкалар, қойылымдар,
шағын пьесалар дүниеге келді. Наурыз тақырыбына жазылған
К.Оразбекұлының “Ұлыс оң болсын”, Б.Тайжанның “Тосыннан
тойланған той” пьесалары дүниеге осы кезде келген еді.
Ынтымақ, бірлік, татулық тақырыбын арқау еткен Е.Елубаевтың
“Асар”, С.Әуелбаеваның “Оюхан мен Жоюхан”, Ә.Ақпанбетұлының
“Қайырымды қасқыр”, “Ақсақ көжек” т.б. көптеген пьесалары туды.
1970-80 жылдары көп назар аударылған тақырыптардың бірі –
мектеп өмірі, яғни оқушы баланың үйдегі, мектептегі әрекеті
олардың әр түрлі ізгілікті бастамаларын суреттейтін шығармалар
болды. Ә.Табылдиевтың “Бүлдірген мен Күлдірген” интермедиялары,
Е.Елубаевтың “Өжет”, “Саған күшік керек пе?”, “Бір уыс бидай”,
С.Омаровтың “Портрет”, М.Гумеровтің “Базарлық”, Н.Ғабдуллинның
“Аулада” т.б. көптеген драмалық шығармалар тікелей балалар
өміріне арналды.
16 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞
Қазақ балалар драматургиясының туу барысын дәйектесек
балаларға арналған драмалық шығармалардың тақырыптары әр алуан
екенін көреміз. Жылдарға бөліп жіктеу арқылы қай кезеңде қандай
тақырыптағы пьесалар көбірек жазылғанын және сол кезде еліміздің
басынан өткеріп отырған тарихи-әлеуметтік өзгерістердің әдебиетке
түрліше ықпал жасағанын байқауға болады.
Жазба әдебиетінің діңгегі болған ауыз әдебиеті қазіргі балалар
драматургиясының да қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.
Зерттеушілер М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиевтардың зерттеу
еңбектерінде айтылған ой-тұжырымдар осыны дәлелдейді.
Балалар фольклорындағы бесік жырынан бастап, әр түрлі
тақырыптағы ертегілер, сұрамақ, санамақ, айтыстар, шешендік
сөздер, өтірік өлең, ойын өлеңдері қазақ балалар драматургиясының
тез қалыптасып кетуіне өз ықпалын тигізді дейміз. Аталған шығарма
түрлерінің ауызша айтылуы, айтушының дауыс мәнері, бет
мимикасының құбылуы барлығы да драма элементтері. Ауызша
айтылған әдеби туындылардағы дауыс мәнері, түйдекті тіркестер,
метафоралық оралымдар, монолог пен диалогтар, эмоциональды-
экспрессивті сөздердің барлығы да бала жан дүниесінің жетілуіне, ой-
санасының өсуіне, психологиялық жағынан дамуына, өзін қоршаған
дүниені танып-білуіне әсер етері даусыз. Сондықтан да, қазіргі қазақ
балалар драматургиясының бастауы ауыз әдебиетінде дейміз.
Ә.Тәжібаевтың: “Сөйте тұра біз қазақтың драмалық поэзиясын
(драматургиясын) тереңдей қарауға, оның ұлттық, халықтық тегін
Достарыңызбен бөлісу: |