Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға



бет10/14
Дата16.12.2023
өлшемі77,01 Kb.
#140040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс тезистері

Киіз басу өнері. Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік қасиетін көне заманнан бері кеңінен қолданғанын Пазырық (б.д.д.V ғ.) қорғанынан табылған дүниелер айғақтайды.
Құрақ құрау өнері. Қазақ халқының құрақ өнерін XIX ғасырдың екінші ғасырына жатқызғанымен бұл өнердің тамыры тереңде жатыр.
Тоқыма өнері. Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С.В. Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен.
Тері өңдеу. Ата - бабамыздың кейінгі ұрпағына қалдырған мол мұрасының бірі - тері илеу өнері б.з.д. I мыңжылдықта сақ мәдениетінің пазырық қорғандарынан табылған бұйымдарынан белгілі. Қазақ шеберлері әр түрлі бұйымдар әзірлеу үшін аң терісі мен мал терісін илеп пайдаланған.
Ағаш өңдеу өнері. Көркемдік материал ретінде ағаш көшпенділер мәдениетінде темірден ертерек пайда болған. Адамдар неолит дәуірінің өзінде тұрмыстық қажеттіліктен басқа әшекей бұйымдарын жасау барысында да кеңінен қолданған. Тіпті темір дәуірінің өзінде де ағаш өзінің орнын жоғалтпайды. Б.з.д. IV Берел қорымынан табылған алтын жалатылған әшекей бұйымдарының негізі ретінде ағаш пайдаланылғаны белгілі.
Зергерлік өнер. XIX ғасыр зергерлік өнерінде де өзіндік ұлттық стильдің қалыптасуы аңғарылады. Шет елдерден келген зерттеушілер қазақ қыздарының күмістен жасалған зергерлік бұйымдарының бай безеністері мен көз тартарлық сиқырлы құбылысқа ме екендігін атап өтеді. Қазақ зергерлік бұйымдарының басым бөлігі күмістен жасалып отырғанын атап өткен жөн. Себебі күміс Ұлы Дала түсінігі бойынша Ай сияқты қайта тууға немесе денсаулыққа пайдалы, жаман күштерге қарсылық көрсете алатындығына сенген. Қазақ қыздарына күміс сақинасы болмаса ас әзірлеуге де рұқсат етілмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет