Ұлттық киім. XIX ғасырда ер және әйел ұлттық киімдерінің дәстүрлі үлгілері қалыптаса келе ұлттық стильге айналды. Киімдер артық сәндік безендірістерден бас тартып қолайлы қарапайым ғана безендірістерге көшті. Киім үлгілері аумақтық ерекшеліктерін сақтай келе орта азия территориясындағы басқа ұлттардан да ерекшеленетін өзіндік қазақтық көрініске ие болды.
Қорытынды сұрақтар: 1. XIX ғасырдағы Қазақстанның қала салу мәдениетін қалай сипаттар едіңіз? Қала құрылысындағы эклектикалық көріністің қалыптасуына не әсер етті?
2. Қазақ монументальдық кесенелерінің ішіндегі батыс мектебінің ерекшелігі неде?
3. Маңғыстау сәулет өнерінің бойындағы тас өңдеу ісін неге қол өнер деңгейінде қарастырмаймыз?
4. Қазақ тұрмысындағы киізден жасалатын бұйымдардың түрлерін атаңыз және олар несімен ерекшеленеді?
5. Дәстүрлі кілем тоқу өнерінің қандай түрлерін білесіз?
6. Қазақ халқының зергерлік бұйымдарының аттарын атаңыз және неліктен бұйымдардың басым бөлігі күмістен жасалғанын түсіндіріңіз.
2
№ 13
дәріс
Тақырыбы: Орындаушылық өнер (фольклор, музыка, би)
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): XIX ғасыр қазақ фольклоры.
Қазақ мәдениетінің салт-дәстүрлік фольклоры.
Эпос.
Ертегі.
Айтыс.
Музыка.
Би.
Салт-дәстүр.
Ұлттық мерекелер.
Ұлттық ойындар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғасыр қазақ фольклоры үшін өтпелі кезеңге айналды. Бұл кезеңдегі халықтың отырықшыл өмір сүруге бейімделуі мен Қазақстанның Россияға қосылуы, әлеуметтің ахуалдың күрт өзгеріске түсуі қазақ фольклоріне өз әсерін тигізбей қоймады. Шулы қалалар мен қарқынды сауда-саттық мәдениет құндылықтарының алмасуы, жалдамалы жұмыс бұрынғы қазақ өмірінің астаң кестеңін шығарды.
Фольклор өткен кезеңдердің құндылығы мен заманауи сюжеттерді араластырып отырды. Рәсімдік поэзияға да исламның әсері болмай қалмады. Үйлену дәстүріне неке қию, жерлеу рәсіміне искат пен жаназа енгізілді. Сонымен қатар жоқтау айту ұлгілеріне де бұрынғыдай Тәңірге емес енді қасиетті Ыбырай мен Мұсаға және т.б. жалбарыну қалыптасады.
Эпос. 19 ғасырдың қазақ фольклорінде ақындық институты әлі де маңызды рөль ойнай береді, бірақ патриархалдық қоғамның ыдырауы эпосқа да өз әсерін тигізбей қоймайды. Ендігіде бұрынғы тарихи эпостар заман талабына сай сұрақтарға жауап бермеген соң көкейкестілігінен айырылып өзгеріске ұшырады. Яғни әлеуметтік жырлар мен тұрмыстық эпос қарқын ала бастады. «Күлше-қыз», «Мақпал-қыз», «Сұлушаш», «Қорлан», «Айман-Шолпан» сияқты жастардың арманы мен мақсатын қозғайтын эпостар өмірге келе бастады.