Мұсылман – МҰсылманға бауыр



бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі34,63 Kb.
#118131
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.02.2023. Жұма уағызы. Мұсылман-мұсылманға бауыр

Үшінші: Жақсы ойда болу
Жақсы ойда болу деп – мұсылмандар турасында жақсы пікірде болып, оларға дәлелсіз күдік танытпау, күнәлары мен айыптарын тіміскілемеуді айтамыз. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресі, 12-аятында:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ
«Әй мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі күнә», – деп айтқан.
Мұсылман адам өзге бір мұсылман турасында ешбір дәлелсіз жаман ойлауына, сол ойға сүйеніп, негізсіз пікір айтуына болмайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
إيَّاكُمْ وَالظَّنَّ ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ
«Жаман ойлаудан сақ болыңдар, өйткені жаман ой – сөздің ең жалғаны», деген (имам Бұхари, Мүслим).
Мұсылмандық ұстанымға сай қандай да бір мәселенің нақты анық-қанығын білмесе, адам баласы әуелі жақсы ойда болуы қажет. Өзге адам жайында жақсы ойда болу – адамның жан дүниесіндегі тазалықтың көрінісі. Ал керісінше басқалар жөнінде дәлелсіз жаман ойда болу – жүректің рухани дертке шалдыққандығының белгісі. Сол себепті де бұрынғы даналардан: «Егер бауырыңның бойынан бір кемшілік көрсең, оған жетпіс түрлі ақтау ізде. Ол жетпіс түрлі ақтауды қабыл ете алмасаң: «Не деген қатайған жүрек едің?!» – деп жүрегіңді айыпта», – делінген сөз қалған.
Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Бауырларыңның бір күнә істегенін көрсеңдер, «Раббымыз оны масқара қыл! Уа, Аллам оған лағынет жаудыр» деген сөздер айту арқылы, шайтанға жәрдемші болмаңдар. Керісінше, «Раббымыз оны жарылқай гөр! Оған тура жолыңды нәсіп ет» деп айтыңдар. Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың салауаты мен сәлмі болсын) сахабалары ретінде біз ешкім жайында оның қай жолда өлгенін білмегенімізше, ешнәрсе айтпайтынбыз. Өмірі жақсылықпен аяқталса, «Жақсылыққа қауышты» деп айтатынбыз. Егер жамандық жолында дүние салса, ол жайында бірнәрсе айтудан қорқатын едік», – деген.


Төртінші: Кешірімді болу
Адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, қателігіне кешіріммен қарау – жақындық байланысты үзіп алмас үшін аса маңызды амал. «Кешіру» оңай амал көрінгенімен, адам нәпсісіне өте ауыр іс. Себебі, кешірім қажетті жағдайда нәпсі адамды терең ойландырмай, жүрекке ренжіген адамға деген жеккөрініш, ыза мен кек салады. Осы кезде Алланың разылығын ойлап, Оның кешірімін үміт ете отыра, өзгенің қателігін кешіре білу – ұлы амал. Хасан Басри (Алла оны рахымына бөлесін) сол үшін де: «Мүминнің ахлағының ең абзалы – кешірімділік», – деп айтқан. Өкпелеу, ренжу, көңілге алу әркімнің де қолынан келеді. Алайда, кешіру – жүрегіне иман ұялаған, Алла Тағаланың кешірімін үміт ететін құлдарға тән қасиет. Осы себепті де қасиетті Құран Кәрімдегі «Шура» сүресінің, 43-аятында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет