«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі» Орнындаған


ІІІ-тарау. Эмиграцияға кетуі және сол кездеп еңбектері



бет6/10
Дата15.11.2022
өлшемі440,5 Kb.
#50372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІІ-тарау.
Эмиграцияға кетуі және сол кездеп еңбектері.
Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамалған қалың жаудың ортасында,
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Мағжан.

Мұстафа Шоқайдың тел тарихнамадан өзіндік орнын ала алмай, көп қағажу көруіне бірден-бір басты себеп-оның Кеңес Өкіметі орнағаннан кейін басқа "Алаш Орда" қайраткерлеріндей Қазақстанда қалып қоймай, шет елге кетіп қалуы, сонда жүріп кеңестік сұрқия саясатқа қарсы күресін тоқтатпауы. Әсіресе бұрынғы Кеңес Одағы тарихшыларының көбі оны кеңес-герман соғысы кезінде фашизмнен одақтасты деп жазғырады. Егер М.Шоқайдың өмірбаяны мен қайраткерлік, ғалымдық іс-әрекеттері түбегейлі зерттелсе, оны жазғырушылардың аузына құм күйылуы да мүмкін. Әйтсе де Мұстафа Шоқайұлы архиві тек Парижде ғана сақталғандықтан, еңбектерінің басым көпшілігі туған топырағына жетпегендіктен, оны алғызып, зерттеуге ешкім білек сыбанып кіріспегендіктен бұл іс ілгерілемей отыр.


Кезінде, дәлірек айтсақ, 1925 жылы И.Сталиннің өзі "Ак, жол" газеті туралы хатында "қара бояуды" қалың жаққан М.Шоқайды ұлттың ұлы қайраткеріне айналдыру оңайға түспейтінін осы соңғы жылдар көрсетіп келеді. Бүгінгі қоғамымыздың интеллектуалдық деңгейі тәуелсіздік үшін күрестегі ірі саяси тұлға Мұстафаның сіңірген қыруар еңбегін, қалдырған терең ізін толық түйсінетін және барынша ардақтайтын биікке әлі де көтеріле алған жоқ.
Мұстафа өмірінің кейбір түстарын айқындай түсуге архив құжаттарымен қатар естелік-деректердің де көп үлес қосары белгілі.
Батыс саясаткерлерінің, әсіресе, олардың ішіндегі Шығыс тарихына және Орталық Азия халықтарының тағдырына ден қойған саясаткерлердің арасында Мұстафа Шоқайдың ағартушы-демократ ретінде дәрібі асып, аты ауызға ілінеді.
Көз көргендердің айтуынша, ол өз ойын ағылшын мен француз, неміс пен түрік тілдерінде әсерлі де әрлі етіп емін-еркін баян ете білген. Еуропада жүріп араб тілін үйренген. Ғұлама ғалым, зерек тілгер, басынан сөз асырмайтын шешен, дуалы сөзді танымал публицист Мұстафа мәмлегерлер мен саясаткерлердің де, ғалымдар мен білімдарлардың да ортасында сағына күтетін мейманы болған...
Мұстафа Шоқай Түркістан халықтарының тіршілігін әмбеге әйгілейтін журнал-газеттер ұйымдастырып, шығаруға қатысады. Ол Мәскеу, Ташкент, Алматы, Орынборда басылатын большевиктік газет-журналдардан алынған нақтылы мысалдар мен деректерге негізделген Кеңестік Ресей мен Орталық Азия жайлы сұңғыла мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи һәм саяси шолуларын Стамбул мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада жариялап жатты. Әйткенмен, оның жаны өзінің төл перзенттері Стамбулда шығатын "Жаңа Түркістан", Берлинде шығатын "Жас Түркістан" журналдарының үстінде, сөйте тұра Лондонда-ағылшын, Парювде-француз, Варшавада-поляк тілінде шығуын тоқтатпаған. Орыс императорлық қоғамының "Азиатское ревью" хабаршыларының жарияланымдарына белсене жәрдем жасайды. Сөйтіп, ол Батыс елдерінде ғана емес, сонымен қатар Түркия, Қытай, Америкада жүрген мұсылман елауғандарының (эмигранттар) айтулы көсеміне айналды. Ой мен ісіндегі, табан тірер тұғырының беріктігі ұлттардың тендігі мен автономиясы жолындағы айрықша белсенді күрескерлерді анықтап, артынан айдар тағып, айдап тастау үшін аярлықпен жасалған арандатушылық деп санауға болар еді. Алайда
Мұстафа Шоқай мен оның үзеңгілестері бағыттарынан бас тарта қойған жоқ.
Бұл естелік-дерек қайраткердің қазақ жеріндегі тарихи іздерінің бізге белгісіз тұсын айтарлықтай толықтырады. Осы кезге дейін тарихи әдебиетте Мұстафаның шет елге эмиграцияға кетуі Грузия-Туркия-Франция арқылы жүзеге асқаны айтылып жүр.1
Мұстафа Маңғыстауға өзі басқарған Түркістан (Қоқан) автономиясы талқандалғаннан кейін келген. Бұл туралы 1918 жылы 7 наурызда "Бірлік туы" газетінде басылған ең соңғы хатында2 Мұстафаның өзі былай дейді:
"Болшевиктердің оғынан қашып, Қоқанды қаласындағы қышлақтарды сарт ағайындардың ішінде 5-10 күн жүрдім... Екі күн жаяу жүріп, осындай бейнеттер шегіп, Дағыстан деген қышлаққа келдім. Сонда тоғыз жүз сомға ат алып, екі жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, "қазақ-қырғыз қайдасың?" деп қарлы таулар асып жөнеліп кеттім... "Бірлік туы" арқылы алаш азаматтарына сәлем. Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды"2
Бұдан ары қарай, Мұстафа Кавказға өзіміздің Маңғыстау жері арқылы, дәлірек айтсақ Форт Шевченко (Бұрынғы Форт Александровск) су жолы арқылы аттанғаны дәлелдене түседі.3
Бұл деректердің тағы бір құндылығы сол - онда Мұстафаның Кавказ жерінің тұңғыш революциялық комитетінің төрағасы, кейіннен Ф.Голощекин "адай князі" деп аталған осы өнірдің арыс азаматы сенімді Тобинияз Әлниязұлының және оның сенімді жігіттері-Отарбай Иманғазиев пен Шағыр Бекназаровтың тікелей көмек көрсеткендері айтылған.1
Осы дерекке сүйенсек, адай жерінің азаматтары өздерінің кемелерімен Красновдск-Баку су жолымен жүретін паронға Мұстафаны теңіз арқылы жеткізіп, мінгізіп жіберген деуге негіз бар.
1919 жылдың басында ол Кавказға барды. Сол кездегі Тәуелсіз Грузияның астанасы Тифлис қаласында тұрып, туған елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады. Өзі атап көрсеткеніндей, баспасөзге "Біртұтас Түркістан республикалары" туралы көптеген мақалалар жазады. Осы мақалалары "Вольные горцы" ' ("Еркін таулықтар") апталығында және осында түркістандықтар мен украиндықтар бірлесіп шығарған "На рубеже-тарихи кезенде" атты орысша журналда басылады. Ол мақалаларын тікелей өз атымен және "М.Жанай", "Желия" деген бүркеніш аттармен жариялайды.2
Ал 1920 жылы Солтүстік Кавказдың үйымы мен Түркістанның ұлттық орталығы бірлесе отырып Тифлис қаласында "Жаңа дүние" деген газет шығарады. Онда да Мұстафа Шоқайдың құнды мақалалары басылды.3
Кеңестік басқыншы қызыл қосындардың Тифлис қаласына кіруіне байланысты 1921жылдың ақпан айында М.Шоқайұлы кемемен Түркияға барады.4 Осы арада мынандай бір детальды айта кетейін.
Ол Грузияда журнал шығарып тұрған шағында Ташкенттегі Сұлтанбек Қожанұлынан телефонограмма алады. Онда алдымен істеп алып, артынан кешірім сұрайтын Кеңес үкіметінің Қоқан автономистеріне амнистия жарияланғандығы, соған байланысты Мұстафа кейін, Ташкентке қайта орала беруіне болатындығы жөнінде айтылған еді. Бір ғажабы Мұстафа бұл арада да өте тиімді шешімге келе білді. Ол кейін оралған жоқ. Сөйтіп оның ғұмырының соңына шейін ұласқан эмиграциялық қызметі басталды.
Өмірдің өзі көрсетіп бергендей ешқандай да эмиграциялық жолға бармай, Отанында қалған Алаш зиялыларының тағдырында мынандай екі бағыт байқалады. Бірі кеңестік билікті ішкі дүниесімен қабылдамады, бірақ мойындауға мәжбүр болды. Ә.Бөкейхан тергеушілеріне берген жауабында: "Мен Кеңес үкіметін сүйемін, бірақ мойындамаймын",- деп көрсетсе, А.Байтұрсынұлы: "Мен елімнің мәдени өркендеуін қамтамасыз ете алатын билікті ғана қолдаймын",- деп кеңестердің бұл міндетін толық атқара алмайтындығына күмән келтіреді. Бұл бағыттағылар алдымен қуғын-сүргінге түсіп, алдын ала түгелдей дерлік атылды.
Екіншілері Алаштық идеологиядан (яғни ұлт-азаттық) бас тартатындықтарын ресми түрде ашық мойындап, (М.Әуезов, Ә.Ермеков, т.б.) кеңестік тәртіппен ымыраға келу жолына түсті. Бұл бағыттағылардың бәрі бірдей атылған жоқ. Бірақ олар кеңестік билікпен іштей толық жарасымдылықта өмір сүрді деп айту да тым үстірт болар еді. Өз Отанында қалған алаш зиялылары өздеріне тиесілі басқа үлес қосқан жоқтын.
Мұны М.Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Өйткені, қазақ баласының өз елінен жырақта жүріп саяси күресті кәсіпке айналдыруы қалыптаспаған құбылыс еді.
Осы күрес түркиялық халықтың да аса бір ауыр жағдайдағы кезеңі еді. Өйткені, Түркияның Егей теңізі жағалауындағы Измер қаласынан бастап елдің қазіргі астанасы Анкарадан 60 километр қашықтықтағы Полатли қалашығына дейінгі Түркияның барлық жерін Греция басып алған-ды. Сол үшін де М.Шоқай көп аялдамай Францияға өтеді. Франция астанасы Парижден ол 1931 жылдың маусым айынан осы жылдың қыркүйек айына дейін Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Стамбулда шығып тұрған "Жаңа Түркістан" журналына атсалысып, аса құнды мақалалар жазады.
М.Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Францияның астанасы Парижде түрғанымен, Германия астанасы Берлинде әйгілі "Жас Түркістан" журналын шығара бастады.
Журнал Шағатай тілінде басылды. 1939 жылдың тамыз айына дейін журналдың 117 саны жарық көрді. Ондағы жарияланған Мұстафа Шоқай мақалаларының тақырыптары сан алуан. Барлығы сайып келгенде, ұлттық тәуелсіздік пен түрік халықтарының бірлігі мәселелерін қозғайды.
Оларда түрікшілдік идеялап уағыздамады. Мұстафа Шоқай бір мақаласында былай деп жазған: «Халықты ұят деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тіл мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын санаға жеткізу – ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі».
Ол "Жас Түркістан" журналының 1933 жылғы қазан айындағы 47-санының 20-24 беттерінде өзінің студенттік кезіне Петербургтегі түрік тектес студенттердің Түркияға көмектесу үшін құпия даярлық істегендері туралы жазады1.
Ал оның 1936 жылғы «Түркістан жастарына» деген үндеуі де осындай идеяларға толы: «Бүгін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан, Қарақалпақстан, Түркменстан һәм, Тәжікстан деп хат үкімет күшін алты????? Бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке халқының қаны бір, діні бір, мақсаты бір.
Түркістанның мақсаты - өзінің миллет үкіметін құрып, дербес боп, өз алдында бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып, шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің болашағына иланамыз.
Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таланып, тырбанып жатыр.
Біздің мақсатымыз жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түрік өлкелерінің бүтін түрік халқының дос болып, өзара бірлігін нығайту. Түркістанды формасы жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық мемлекет құру, өйткені тек осылайша ғана халқымыз өз Отанында өз тағдырының толық құқықты иесі бола алады дейді» өз мақаласында.
Мұстафа ІПоқай саяси теоретик ретінде Кеңес Үкіметі билеген Түркістанның тағдырына бейтарап қарамай, Отанында болып жатқан әр оқиғаны талдап отырады. Осы кезде оның "Кеңестер билеген Түркістан" және "Кіндік Азиядағы Кеңестерде" еңбектері жарық көрді.
Ол тіпті кейін өз естеліктерінде де тек автономия жағында болмағанын айтады. Меніңше, Мұстафа Шоқай автономия идеясын місе тұтпаған, қашанда Түркістанның толық тәуелсіздігі мен, біртұтастығын армандаған, тек сол үшін күрескен болса керек.
М.Шоқайдың бұдан арғы тағдыры туралы А.З.У. Тоған "Түркістан бүтіндей дерлік большевиктердің қолына өтті.
Түркістанның азаттығы туралы идеяларын шет елдерге түсіндіріп, бәлкім көмек сұрауға болар ма еді? Шетелдіктермен азды-көпті жұмыс істеліп жүрді. Дегенмен, жағдай бірте-бірте түгелдей Кеңестердің пайдасына қарай өзгере бастады. сондықтан ендігі жерде Түркістан проблемасын Еуропаға, әлемге түсіндіру үшін Мұстафа Шоқайды шет елге жіберу ұйғарылды. Сол бір тұста Ресейдің мүшелерінен құрылған бір делегация Еуропаға бара жатты. Сол делегацияның құрамында Түркістан, Қазақстан және, Башқұртстан атынан Баку жолы арқылы біз де Мұстафа Шоқайды «Еуропаға жібердік»,- деп жазады. (Ахмет Зәки Уәлиди кітабының 376-бетінде). Демек, бүгінде кейбіреулер ойлап жүргендей Мұстафа Шоқай шет елге (Еуропаға) бас сауғалап қашқан жоқ, арнайы тапсырмамен Түркістан үшін күресті жалғастыруға кеткен. "Түркістан атына сыртта жүргізілген жұмыстар" деген кітаптың IV бөліміне енгізілген. 6-тарауда автор Мұстафа Шоқайдың Еуропада жүріп, Түркістанды, Түркістан мәселесін таныту жолындағы еңбегіне тоқталады. Парижде бірнеше жыл бойына орыстың эмиграциялық баспасөзіне (Мысалы, Меликов пен Керинскийдің газеттеріне) кейбір француз, поляк газеттеріне Түркістандағы большевиктердің саясаты туралы мақалалар жазады.1
Мұстафа Шоқай үлкен ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының байырғы да бай мәдениеті мен тарихының баяншысы Орталық Азияның ғұлама ғалым - кемеңгерлерінің еңбектерін уағыздаушы болды. Ол тыным таппай Батыс әлемін Түркістанмен таныстырып, табыстырумен болды.
"Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және басқа Батыс орталықтарындағы қызметінің сан қырлы да сапалы болғаны соншалық, оны есептеп жату мүмкін емес",- деп жазады Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі, Грузияның сыртқы істер министрі А.Шенгелия.
Ол әрбір мүмкіндікті және өзінің "Әлемнің аса көрнекті сарабдал саясатшыларымен болатын барлық ресми және биресми пікірлесуге қатысу хақын құр жібермеуге тырысатын", -деп көрсете келіп, А.Шенгелия былай деп хабарлайды: "Біздің өзіміз құрған "Кавказ, Түркістан және Украина халықтарының достастығы" қоғамында оның өзінің орасан зор елінің салмағына лайықты орын алуы әбден табиғи нәрсе еді... Мұстафа есімі Түркістанда ғана емес, сонымен бүкіл Кеңес Одағында қалың қауымға танымал болды, бұған өзіміз, әйтеуір, амалын тауып, сол жақтан алдырып тұрған газеттер мен кітапшалар дәлел. Айында-жылында бір осында жолы түсе қалған түркістандықтардың Түркістан төңірегіндегі барлық айтыс-тартыстың бір адамнан ғана таралып жатқанын біліп, қатты таңырқағандарын талай көргенім бар...
Мағлұматтар бергенде Мұстафа әрдайым аса ыждаһатты болатын, ешнәрсені де дабырайтып көрсетпейді, қайта өзінің зор жауапкершілігін сезініп, кішірейтуге бейіл тұтатын".
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап, жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарына дейінгі өз халқының көзі ашылмай, көрген қасіреті туралы Ақиқатты айдай әлемге паш ету жолында жанын да, тәнін де тігіп адал еңбек ету -Мұстафа Шоқайдың өмір мұраты, бойына қуат құйған нәр-осылар. Ол ақтық демі біткенше бойында ұлы мұрат пен бәтуәлі іс-әрекет біте қайнасқан жан болып дүние кешті.
Түркістан жанашыры болған бір еуропалық азаматтан оның неге Мұстафаны жанындай жақсы көретін себебін сұрағанда, ол: "Өйткені, Мұстафа Шоқай жеке өзінің қара басымен ғана осы орасан зор елді білдіре алатын тұлға. Түркістанның ой-арманы мен мүдде-мұраты осы сөздің дәл мағынасында оның бойынан тұтас көрініс тауып тұр деген екен",- деп Тахир Шағатай доктор еске алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет