«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі» Орнындаған


Алаш қозғалысы мен Алашорда партиясындағы қызметі. Түркістан автономиясын құрудағы рөлі



бет5/10
Дата15.11.2022
өлшемі440,5 Kb.
#50372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.1. Алаш қозғалысы мен Алашорда партиясындағы қызметі. Түркістан автономиясын құрудағы рөлі.


Түркістан үшін өлу,
Түркістан үшін жанберу,
Бәрімізге бір мақсат.
М.Шоқай.

Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті. Алаш партиясының мақсаты "программа минимум —Автономия құру, программа максимум — Тәуелсіздікке жету" болды.


"Ташкенттегі орыс қауымы тек Түркістанда автономиялық басқару мекемесінің ашылуына қарсы болып қоймастан, басқару түркістандықтардың орыстармен құқы тең болуына да қарсы еді."1
Бұл жағдай М.Шоқайұлы төрағалық еткен "Түркістан өлкесі мұсылмандары Кеңесін" нақты әрекеттерге көшуге итермеледі.
1917 жылы 10 желтоқсанда Түркістан-автономиясын жариялай отырып, М.Шоқай мен оның серіктері бұл мақсатты іске асырудың қаншалықты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді.
Осыған байланысты М.Шоқайдан қалған естелік бар: ол Петербордан Түркістанға жүрер алдында өзінің төңкерістен бұрынғы ежелгі танысы Петербор солдат және жұмысшы депутаттары кеңесінің төрағасы, IV Мемлекеттік Думадағы социал-демократтар партиясының жөн сілтеушісі Н.С.Чехидзеге кіреді. Чехидзе оның алдағы жоспарының жай-жапсарын сұрағанда Мұстафа Түркістанға автономия әперуге күш салатынын, соның әзірлігімен айналысатынын айтқан. Сонда Мұстафаның айтқан жауабынан Чехидзе ыршып түседі: "Құдай үшін, Шоқаев жолдас, отандастарыңызға автономия жайында айта көрмеңіз, себебі, бұл туралы айту әлі ерте, екіншіден халқының мәдениеті мен салты мүлде басқа, тілі мен діні басқа Сіздің Түркістан сияқты елдегі автономия — тұп-тура оқшаулыққа бастайтын жол, ал төңкерісшіл , демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулыққа бастайтын жол, ал төңкерісшіл демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулықтың сіздің халыққа пайдасы жоқ"2 Қысқасы, "орыстың" Орталық Азияда егеменді автономия құруға, оның үстіне конфедерация құруға ырық беру, ешкімнің ойы түгіл, түсіне де кірмеген.
Мұстафа Шоқайұлы өмірінің соңғы сәтіне дейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болған.
1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынборда 1-ші Жалпықазақ съезі болып бұл съезде 14 мәселе талқылауға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: «Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс ұлт жегіне қарай облыстық автономия алуға тиіс»1 деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын тұратын қаулы қабылдады2 ең мықтап айта алғандары: «қазақ халқы қазақ жері ешкімге берілмесін»3. осындай дұрыс ой – пікір күні бүінге дейін күшін жойған жоқ Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты.
Қарашаның 22-інде Ферғана Хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезд ашылды. Оны Мұстафа Шоқай ашты.
Съезд Ұлы Ресей революциясы жариялаған негізде өлкені мекендейтін халықтардың еркін білдіре отырып, "Түркістан территориялық жағынан Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялы республика" деп жариялады және Түркістан автономиясы нормаларын белгілеуді Құрылтай жиналысына тапсырды. Съезде Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқытарын барынша сақталады деп салтанатты түрде мәлімдеді.
Сезъд Түркістан өкілеті – Уақытша Кеңесінің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңестің құрамына Бұкілресейлік құрылтай жиналысындағы Түркістан өкілдерінің санына сәйкес 32 адам сайланды, олардың қатарында Сырдария облысынан – 9, Жетісу облысынан – 6 адам болды.
Автономиялық Түркістанның (Қоқан автономиясының) Уақытша үкіметінің төрағасы, әрі ішкі істер министрі болып Мұхаммеджан Тынышбаев сайланды.
М.Тынышбаев қызметтен босағаннан кейін, оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. Жаңа мемлекеттік құрылым "Туркистони мухтариат" ("Түркистан автономиясы") деп аталды. Ислам автономияда мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы желтоқсанның 5-13-терінде Орынборда болған ІІ-ші Жалпықазақ съезіне баға берген кезде мейлінше айқын көрінді. Съезд Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқай баяндамасын тыңдады.
Осыдан кейін қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. Съезд былай деп қаулы етті:
1. Тегі бір, мәдениетті, тарихы бір және тілі бір қазақ (қырғыз) халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола Семей, Жетісу, Сырдария облыстары мен Фергғна, Самарқан қырғыз (қазақ) уездерінің, Каспий сырты облысы
Әмудария бөлімінің Алтай губерниясындағы қазақ аралас тұратын болыстарының территориялық-ұлттық автономиясы құрылсын.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауы берілсін.
3.Жер бетіндегі барлық табиғи байлықтарымен, суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса автономиялық Алаш облыстарының территориясы Алаштың мемлекеттік меншігі болып табылады.
4.Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы бекітеді.
5.Қазақ (қырғыз) арасында тұратындардың бәріне азшылық кұқығына кепілдік беріледі. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан пропорциалы түрде өкілдер болуға тиіс...
6. Алаш облыстарын жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып, олардың 10 орны қазақ-қырғыздар арасында тұратын орыс және басқа халықтарға берілсін. Алашорданың Уақытша орналасатын жері болып Семей қаласы таңдап алынсын. Қазақ (қырғыз) халқында бүкіл атқарушы өкімет билігін Алашорда дереу өз қолына алуға тиіс.1
Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері сайланды. Олар: У.Танашев (Бөкей Ордасы), Х.Досмүхамедов (Орал облысы), А.Тұрлыбаев (Ақмола облысы), А.Бірімжанов (Торғай облысы), Х.Ғаббасов (Семей облысы), С.Аманжолов (жетісу облысы), М.Шоқай (Сырдария облысы). Облыстардан тыс Алашорда қүрамына Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, О.Әлжанов болды. Үкіметтің осы 15 мүшесіне орынбасарлар болып, қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітілді.2
Съезд қарсаңында "Қазақ" газетінде"Алаш"партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Осы айтылғандармен 5-6-шы қаулыларынан демократиялық принциптері айқын көрінеді. Алаш партиясының атынан қазіргі демократиямыздың принциптерін М.Шоқай сол 1917 жылы-ақ айтқан болатын. Осы бағыттарды бағалағанымыз абзал. Ол конституциямыздың бірінші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықгық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқтары мен бостандықтары " екені айтылған.1
1917 жылғы қараша – 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында «Алаш» партиясының блогы сайлаушылар дауысының 27,5% - іш алды. «Алаш» партиясы Семей уезінде 85,6%, Торғай, Орал губернияларында 75% бұдан да басым жеңіске жетті. Сайлау нәтижесінің көрсеткеніндей, «Алаш» партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевикткпге елеулі оппозиция болды.%%
Әрине, Мұстафа Шоқай және басқа қазақ зиялылары бастап шаңырақ көтерген Қоқан автономиясы (мән маңызын төмендету үшін большевиктер қала деңгейіне түсіріп, әдейі осылай атады, ал дұрысы — Түркістан автономиясының уақытша Үкіметі) совет өкіметінің мақсат мүдделеріне сай келе қоймады. Сондықтан да оның өмірі ұзаққа бармады: большевиктер ешқандай ымыраға келмеді, қайта түркістандық басшыларды қырып-жоюға кірісті.
Сондықтан 1918 жылдың ақпан айының алғашқы аптасында қандықол большевиктер Қоқан қаласын атқылап, өртеп, автономиялық үкіметті озбырлықпен құлатты. Қоқан автономиясының жеңілу себептері: оның орнықты идеясы және нақты бағдарламасы болмағандығы айтылады.
Революция берген мүмкіндікгерді Қазақстан мен Түркістан халықтарының ұлттық азаттығы үшін пайдалана алмауы, М.Шоқайдың пікірінше, екі тосқауылдың болуынан еді. Біріншісі- шын мәніндегі тәуелсіздікті танығысы келмеген уақытша үкіметтің, ал содан кейін оны алмастырған Кеңес өкіметінің қарсылығы болса, екіншісі — ұлттық күштердің алауыздығы және олардың саяси тұрғыдан нашар ұйымдасуы мен саяси күрес тәжірибесінің жетімсіздігі еді, (Сөз ретіне орай бүгінгі күнгі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып нығаюы кезінде Шоқай атап өткен осы екінші тосқауылдың белгілі дәрежеде орын алып отырғандығын ащы болса да айтуымыз қажет). Тәуелсіз Қазақстанның азаттық алғанын мерекелеп жатқанымызда осы биікке апарар бұралаң да тар соқпақтың бастауында тұрған алаштың ұлы азаматтарын еске түсіруге борыштымыз. Солардың шағын шоғырында Мұстафа Шоқайдың алыстағы жарық жұлдыздай жарқыраған тарихи тұлғасының да өзіндік орны бар.
Солардың бірі- қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қайраткері, саясаткер Мұстафа Шоқай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет