«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі» Орнындаған



бет3/10
Дата15.11.2022
өлшемі440,5 Kb.
#50372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеу әдістері.

  • Тарихи дерек көздерін ақпаратты жинақтау әдісі.

  • Талдау әдісі.

  • Хронологиялық әдіс.

  • Зерттелеген еңбекке сай ой пікірлерді салыстыру әдісі.



І – тарау.
МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН МАҚСАТЫ.
(1891 – 1941 жж.)


Әрбір түрік адамның екі атамекені бар.
Бірінші - өзінің туған жері, екіншісі – Түркия.
«Мұстафа Шоқай» 1918ж.
Ұлттық егемендік – шынжырларды балқытып, тәж бен тақтарды күйрететін күшті нұр.
Ұлттардың құлдығына негізделген құрылым қайда болса да құлайтыны анық.
«Мұстафа кемал Ататүрік» 1924ж.

Мұстафа 1891 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда, бұрынғы Ақмешіт (орысша атауы Петровск) қазіргі Қызылорда қаласында, Әулиетараңғыл деген жерде ақсүйек отбасында туған. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыдық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы. Руы қыпшақ. Мұстафаның үлкен атасы Торғай, Сыр өңірінде өте беделді адам болып, датқа дәрежесіне көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай (Шоқмұхамед) 1916 жылы 80 жасында дүние салған. Мұстафа жастайынан алғырлығымен, зеректігімен, қабілетімен көзге түскен. Ол алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін төрт жылдық діни мектепке барып, оны екі жылда үздік аяқтайды. Сегіз жасында Ташкент қаласындағы гимназияға оқуға түсіп, оны алтын медальмен бітіреді. Білім құмар бозбала әкесінің және туысқандарының көмегімен Петербурдың Императорлық Университетінің Заң факультетіне түседі.


Ол орыс, түрік, ағылшын, неміс және поляк тілдерінде еркін сөйлеген. Ресей астанасына Хиуа, Қоқан хандықтарынан келген өкілдерге тілмаш болып жүріп Мұстафа жастай саясатқа араласады. Петербурда оқып жүрген түркі зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Сералы Лапин, Махмуд-Қожа Вехбуди, Мунесар Кары секілді азаматтармен саясаткер ретінде пікіp алысып, түркі тілдес халықтардың патшаның отарлық езгісінде отырғанын дәлелдеп, олардың тәуелсіздікке қолын жеткізу жолдарын ойластырып жүрген.
Мұсатафа Петербор Университетінің заң факультетін үздік бітірісімен Қазақстан емес, бүкіл байтақ Түркістан өлкесін орталық бұғаудан азат ету жолында қызмет істеді. Мұстафаның ерекшелігі де осында. Тіпті Университетте оқып жүргенің өһзінде ұлт – азаттық мәселесімен шұғылданған. 1912 жылы Түрік – Балқан соғысы кезінде де өз қоныстарының жағында болды.
Қан төгісті жазалаудан кейін М.Шоқай әуелі Грузияға, ал содан соң Түркияға, одан Францияға кетті. Эмиграцияда жүріп кеңестерге қарсы күресін жалғастырды. 1940 жылғы маусы айында Парижді Герман армиясы басып алған кезде Мұстафа Шоқайды фашистер қамауға алып, Компьендегі лагерьге жіберді. Одан босатылғаннан кейін ол Берлинге апарылды.
1941 жылы маусымнан кейін ол өзінің түркістандық әскери тұтқын отандастарының арасында болып, сол жылдың желтоқсан айында Берлинде қайтыс болды.
М.Шоқай өз елінің (жалпы Түркістан республикаларының) Ресейдің отарлық езгі-қанауынан құтылып, дербес те толық тәуелсіз ел болуын армандап, сол жолда аянбай күрес жүргізген.
Бүгінгі Тәуелсіздік алған күндерімізден өзіміз орындауға ұмтылып отырған идеяларды ол сонау 1917жылы ұсынған болатын.
Сол себептен де оған "түрікшіл", "исламшыл", "ұлтшыл", "әлемдік буржуазияның жансызы" деген айдар тағылып, ізіне НКВД тыңшылары түсті. Оның еңбектеріне ғана емес, тіпті есімін атауға қатаң тиым салынды, абайсызда аты ауызына түсе қалған адам құрып кететін, ізім-ғайым жоғалатын.
Сонда жаңа құрылыстың қызыл империяның жандайшаптары құты қаша қорыққан бұл кім еді, қандай жан еді деген сауал туады.
Ол сұңғыла ойшыл, сарапшыл ғалым, қайыспас дара күрескер, дәулескер шешен (бұған оның француз компартиясы қайраткерлерімен атышулы айтысы айғақ) еді.
Ол "Ақиқаттан артық ештеңе жоқ" дейтін қарапайым Дала заңының ұлы да ұлағатты Мизамынан қия баспаған, жаным-арымның садағасы дейтін азамат еді.
Кез келген төңкерістің Бостандық пен Зорлық сияқты екі тамыры барын терең пайымдаған ол зорлыққа қарсы тұрды. Ол большевизмнің империялық саясатына қарсы тұрды. Ресейдің бұрынғы отар халықтарын қорлайтын жәдігөйлік нәсілдік кемсітушілікке қарсы тұрды. Ол бірден-ақ енді-енді біліне бастаған біліктің билікке, қатыгездің қара жер бұрын-соңды көрмеген тоталитарлық тәртіпке, халықтардың тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін тілі мен ғасырлық тұрмыс-салтын табан асты еткен бір беткей идеологиясына қарсы шықты.
Осы орайда сталиндік тәртіптің темірден қаланған қабырғасына қажымай-талмай жападан жалғыз қарсы тұрған ол бастан-аяқ саналы күрес жүргізіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының XX ғасыр 20,30,40 жылдардағы тұрмыс-тіршілігінің ащы шындығына "салауатты Еуропа" көзін ашты, әрі сөзге сүйенбей тек қана деректерге партиялық баспасөздің өз бетінен алынған деректерге сүйене отырып ашты: аса қатаң цензура қойылғанына қарамастан "Правда" мен жергілікті партиялық газеттерден, "За партию" журналының жазғандарынан қатыгез болмыстың бірен-саран шынайы көріністері елес беріп қалатын.
Азаматтық міндетін ең жоғары адамгершілік деңгейде орындап, бірақ көзінің тірісінде, соның түпкілікті нәтижесін көре алмай өмірден өкініште өткен бұл қайраткерді бүгінгі отандастары мен ұрпақтары қалай түсініп, қалай бағалауы керек?
Менің түсінігімше, М.Шоқай өнегесі құндылығымыздың жүріп өткен жолын, әсіресе XX ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контекстте қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымыз, ұлттық мүддемізді тура және жоғары сапада түсінуге түрткі болуында. Ал жаңа тарихи контекст дегенде алдымен ойға оралар ғылыми және тарихи ұғым — "Түркістан" немесе "Түркі елі" идеясы.
... Түркістан — түркітер елі деген сөз. Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпенділер империясын түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты Сасанид әулеті кезендегі (III-VII ғғ.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түрікілер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай онымен сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап, шығысында Индке дейін. Батыста түркілер түрікше Даикс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзенінен төңкеріліп жатты. Түркістанның тұрғылықты халқы саны жағынан тең емес eкі жұртынан- түркілер мен тәжіктерден тұрды. Алғашқыларын Еуропада "қазақ", "қарақалпақ", "қырғыз", "түркімен" және "өзбек" атымен біледі. Олардың бәрі де мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түркілерге ортақ түркі тілінде сөйлеген (Түркілердің шамамен 1/15 бөлігін құрайтын тәжіктерге келетін болсақ, бұл халық тілі мен қаны жағынан иран текті болып саналады). Бірақ та олардың бәрі де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді — мұны Түркістан мен түркілердің тарихын біршама білемін дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды.
М.Шоқай үшін Түркістан тұтастығымен Түркістан еркіндігі егіз ұғымдар. Ал ресейлік езгіден құтылу — Түркістан халықтарына біртұтас тәуелсіз мемлекеттер, федерациясын құруға жол ашумен бірдей. Дегенмен, Алаш қозғалысы халқымыздың өз зиялылары арқылы мемлекеттік дербестік , тәуелсіздік туралы тұңғыш рет саналы түрде мәселе қойып, сол үшін мақсатты әрекетке көшу болатын. Бұл орта ғасырлық мешеулік пен отарлық үстемдіктің құрсауында түншыққан қазақ халқы үшін жаңа мазмұндағы өркениетке көшу, XX ғасырдағы жаңа сападағы мәдениетке бет түзеген адамзаттың көшіне еруді мақсат етіп қойған табиғи ұмтылыс болатын. Бірақ өкінішке орай, Алаш зиялылары бастаған қазақ жұртының бұл табиғи қайта жаңғыруы, рухани түлеуі өзінің логикалық шегіне жете алмады, империялық, партиялық өктемдіктің жазықсыз құрбаны болып, елінің Тәуелсіздігі үшін қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдап өткен ол, тарих қойнауына енді.
Мұстафаның жете алмай кеткен арманы Тәуелсіздік болатын,
Қазақстан Республикасы қазірдің өзінде саяси Тәуелсіз болғанымен басқа мемлекеттерге экономикалық Тәуелсіздігіміз көрініп тұр. Толық Тәуелсіздікке жету үшін қазіргі ұрпақ көп жұмыс атқаруы тиіс. Мұны жүзеге асыра алмау — бізге сын!
1924 жылдан бастап Түркістандағы "ұлттық межелеу" деп аталған "тарихи датадан" кейін елдің тарихи атауына қатаң тиым салынды. Түркістанның орнына Кеңестік әкімшілік жарғон ("Кеңестік Қазақстан" және "Кеңестік Орта Азия") дегенді қолдана бастады. Өз кезегінде соңғы атаудың өзі төрт, әрине, "дербес ұлттық" республикаларға — Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға бөлінді. Өзбекстанның құрамына тағы да "Автономиялық республика" Қарақалпақстан және Тәжікстанға ерекше автономиялық облыс Таулы Бадахшан кірді.
Түркістанды бұлайша бірнеше дербес мемлекеттік бірліктерге жасанды түрде және күштеп бөлшектеу Кеңес үкіметіне, біріншіден, Кеңес туы астында болса да түркістандық түркілердің өздерінің ұлттық-саяси біртұтастығың нығайтуға ұмтылысына қарсы күрес үшін, екіншіден, большевиктік, яки Сталиннің анықтамасы бойынша, "аты-жөнінен ғана ұлттық, ішкі мазмұны бойынша интернационалдық және социалистік" "ұлт саясатын" табысты енгізу үшін керек болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет