Мухитдинов на печать indd


Лимәс سامل – анықтап қарап және жақсылап тексермей, ұстап көріп қана сау- да-саттық жасау. Лиуа әл-хамд



Pdf көрінісі
бет120/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200
Лимәс سامل – анықтап қарап және жақсылап тексермей, ұстап көріп қана сау-
да-саттық жасау.
Лиуа әл-хамд. Ливаи-Хамд.Мадақ туы. Даңқ туы.
Діни мәтіндерде Қиямет күні Мұхаммед пайғамбарға құрмет ретінде берілетін 
мадақ туу. Ливаи-Хамд (Даңқ Туы) жалауының иесі, бұл жалаудың ұзындығы бір 
күндік жерге жететін болады. Бұл жалаудың күмбездерінде жазуы бар үш терезе бо-
лады. Бірінші терезеде – «Бисмилляхи рахманир рахим», екіншіде – «Әлхамдулил-
ляхи раббиль алемин», ал үшіншіде – «Ля иляха илляллах Мухаммадун расулюл-
лах» деген жазу болады. Бұл жалау Арасат алаңына әкелінеді (asyldin.kz).
Луқата ةطقل – тауып алған зат. Шариғат заңы бойынша, егер тауып алған зат-
тың егесі табылмаса, бір жылға дейін сақтау керек. Содан кейін ғана тауып алған 
адамға оны жаратуына болады.


162
М
М.ж.милади жыл санағы, яғни христиан эрасы бойынша деген сөздің 
қысқартылған үлгісі. Ол Иса пайғамбардың туған күнінен басталады. Біздің еліміз-
де осы жыл санағы қолданылады.
Мағази кітаптары. Мұхаммед пайғамбардың жорықтары туралы тарихи де-
ректерді жинақтаған кітаптар. 
Пайғамбардың өмірбаяны мен қатысқан соғыстарына арналған әрі хадис не-
гізі ілімінің қағидаларына сай жүйеге келтірілген бұл кітаптар кейінгі кездерде жа-
рық көрген үлкен тарихи кітаптардың бстамасы болып табылады (Қ.Құрманбаев, 
Хадис ілімі).
Мағдан ندعم – Аллаһ тағаланың жер қойнауында жаратқан қазба байлығы. 
Бұл термин зекет тарауында қолданылады.
Мағрифатулла. Аллаһты тану.«Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа 
мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән 
тағрифлап танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағри-
фатулла қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, бол-
маса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре 
алмайды» (Абай, Тол. жин.).
Мағруф فورعم – шариғат пен ақыл-парасат жақсы әрі пайдалы деп санаған 
нәрселердің бәрі. ركنملا نع يهنلاو فورعملاب رملأا (әл-әмру бил-мағруф уа ән-нәһи ъа-
нил-мункар) – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет