Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет117/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
Құрбан терісі. Құрбандыққа сойылған малдың терісі. Шариғат заңы бой-
ынша құрбандыққа шалынған малдың терісін иесіне сатуға болмайды, малды 
шалған адамға ақысы ретінде де бере алмайды. Оны тек басқа адамдарға беріп жі-
бере алады. 
«Құрбан терісі, зекет, ғұмыр секілді нәрселер мұндай орынға жиыла бастаса, 
өзі бір қазына болар еді» (М.Дулатов, Шығармалары).
Құрбандық – Аллаһқа жақындау мақсатында мал сою үрдісі.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім 


157
жұма күні жүніптен ғұсыл алғандай ғұсыл алып, одан кейін (мешітке) барса, түйе- 
ні құрбандық еткендей болады. Кімде-кім екінші сағатта барса, сиырды құрбан-
дық еткендей, кімде-кім үшінші сағатта барса, мүйізді қошқарды құрбандық еткен-
дей, ал кімде-кім төртінші сағатта барса, тауықты құрбандық еткендей, кімде-кім 
бесінші сағатта барса, жұмыртқаны құрбандық еткендей болады. Имам (мінбер-
ге) шыққанда, періштелер қатысып, зікірді (құтпаны) тыңдайды», – деді», – деген 
(Сахих әл-Бұхари).
«Одан кейін Абылай ханның заманында қалмаққа тағы да бір үлкен атаныс 
қылғанда құрбандыққа бие шалған» (С.Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу).
Құтпа. Құтба. Хутба. ةبطخ – жамағатқа арналып айтылатын уағыз-насихат.
«Бір бейшара молданы алып келді
Келген молда құтбасын оқып берді. 
Ойда жоқтан қиюын келтірген соң, 
Шеберлігін құдіреттің танып білді» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығармалары).
Құтпан. Құптан. Күнделікті бес уақыт оқылатын намаздың ең соңғысы; 
бесінші намаз. Қазіргі кезде «құптан» сөзінің бұл варинаты өте сирек қолданылады. 
«Көшпелі ортадағы тіршілік қамы жүйесінің арқауы – төрт түліктің өсіп-кө-
беюінің, молшылыққа кенелуінің бастауында, әрине, аталық мал орын алған. Сон-
дықтан да қазақтар аталық малды «құтпан-айғыр» (құтпан мал) деп ардақтаған»
(Б.Хинаятұлы, Көне дүниетаным).
«Құтпан намазының уақыты – қызыл шапақтың жоғалған сәтінен екінші таң-
ның атуына дейінгі мезгіл» (М.Исаұлы, Ислам). 
«Ауылдағы қарттар құтпанды оқып бітіріп, от басынан әлдеқашан төсекке 
жантая орналасқан болар» (Б.Момышұлы, Шығармалары). 
«Намазшам болды, күн батты, 
Құтпанның болды уақыты» (Алпамыс).
Құшыр. Ұшыр. Егіннің зекеті. Егін жиналғаннан кейін, кедей-кепшіктің ақы-
сы ретінде берілетін жиналған өнімнің оннан бірі.
«Кісі өліп, ысқат байлап, дәуір жүргізгенде «қаріп-қасерге, жетім-же-
сір» дегіш болуы еді жұрт «садақа, құшыр пітірді қаріп-қасерге бер» деуші еді»
(М.Әуезов, Шығ.).
«Астығыңнан құшыр бер, 
Құраннан аят айтамын. 
Ақыретте иман бар, 
Не болмақшы жиған мал» (Жамбыл, Шығармалары). 
«Мал шалып молда менен қайыршыға
Құдайы жұрт сарқылды ел құшырдан» (Бес ғасыр жырлайды). 


158
«Комитеттің ережесі бойынша ел ішінен жиналатын. жылулар; көрнекті мү-
шелік жарнасы кемінде 50 сом, қалыпты мүшелік жарнасы 10 сом, бұлардан басқа 
зекет, құшыр, пітір, құрбан, педие, киім, тамақ һәм жай жылулар» («Абай»).
Қыдыр. Қызыр. Хидр. Құран кәрімнің «Кәкф» сүресінде келетін Муса пай-
ғамбармен жолыққан Аллаһтың ерекше дарын таратқан құлы. Ол Аллаһтың қала-
уымен әрі бұйрығымен Муса пайғамбарға бірнеше үлгі болатын сабақтар үйрет-
кен. Сол салихалы адамды «Хидр», «Қыдыр» және «Қызыр» деп бірнеше вариантта 
атайды. Қазақ әдебиетінде, көркем шығармаларда жиі кездесетін жасаған дұғасы 
қабыл болатын, өзі жолықтырған адам үшін қабыл болатын дұға жасайтын тұлға. 
Кейбір деректерде ол, Құдайдың қалауымен, ұзақ өмір сүретін адам. Кейбір көзқа-
растарда оны тек салихалы адам ғана кезіктіре алады.
«Сол Масғұт қыдыр шалдан бата алыпты, 
Соңында Шәмсі-жиһан атаныпты. 
Мағынасы «бұл дүниенің күні» деген. 
Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты» (Абай, Шығармалары). 
«Дәулет құсы қонды басыңа, 
Қыдыр келді қасыңа. 
Бақ үйіне түнедің. 
Алыстан тоят тіледің» (Алдаспан). 
«Қонақ келсе сыртыңа 
Жүгіріп шық, кешікпе. 
Қырықтың бірі Қыдыр-ды, 
Дұғасы тиер нешік те» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
«Жасымда жетім болып безіп кеттім
Қаңғырып айдаланы кезіп кеттім. 
Түсімде Қабекеңнен өлең алып, 
Қызырға бай қылатын кезікпеппін» (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). 
«Жылап жатқан жерінде, 
Тілегін құдай береді. 
Ақ сақалды кісі боп
Хазірет қызыр келеді» (Батырлар жыры).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет