Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет127/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200
Әл-Мәсжид әл-Харам مارحلا دجسملا – Мекке қаласында орналасқан Ислам 
әлеміндегі ең үлкен мешіт.
Мәсәни (қайталанушы) يناثم – сүрелердің қатарына аяттар саны жүзден кем, 
миун (жүздік) сүрелерден кейін келетін сүрелердің жалпы атауы. Бұл сүрелер ұзын 
және жүздік сүрелерге қарағанда көп оқылатындықтан оларды мәсәни, яғни қайта-
ланушы сүрелер деп атаған.Қара: миун, муфассал және тиуал.
Мәсулият. Жауапкершілік. Мұхтар Әуезов атамыз «мәсулият» сөзін діни қы-
зметкерлерге қатысты қолданған. 
«Сол себепті осы қаладағы барлық дін ұстаздарының қазіргі күндегі халық 
алдындағы мәсулияті, бихисап зор деп білемін. Бұл ұждан, ахлақ, адамгершілік ал-
дындағы қарыздарыңыз деп санаймын» (М.Әуезов, Шығ.).
Мәсі – жұқа былғарыдан тігілген, тобықты жауып тұратын қонышты аяқкиім.
Мәсіх حسم – сипау. «Мәсіх» сөзі араб тілінде ылғалды қолмен бір нәрсені 
ұстау, сипау деген мағынаны береді. Шариғатта дәрет алған кезде ылғалды қолмен 
басты, мәсіні және таңғыштың сыртынан сипау «мәсіх» деп аталады.
Мәсіх Дажжал (Мәсих Дажжал) لاجدلا حيسم – жалған, суайт. Қара: дажжал.
Мәт. Мәд. Тәжуид ілімінде қолданылатын термин. Араб тілінде дауысты үш 
әріп кейде созылып оқылады. Осы дауысты әріптердің созылуы «мәд» деп аталады. 
Мәдті ˜ таңбасымен белгілейді. 
Сен-ақ оқы әліп пенен әбіжатты
Мұрның «әліп» болғанда, қасым «мәт-ті» 
Көкірегім – кітап сөзі, тілім – Құран, 
Мен сенен үйренбеймін шариғатты (Бес ғасыр). 
Мәд таңбасы адамның қасына ұқсағандықтан, оны солай бейнелеп берген.
Мәтін نتم – сәнадтың ең соңғы тоқтаған және басқаларға жеткізген сөзі. 
Мәһди. Ақырзаман таяғанда жер бетінде әділ билік жүргізетін басшы. 
Мұхаммед пайғамбар: «Мәһди менен, ашық маңдайлы, бүркіт мұрынды. Жер бетін 
өзінен бұрын зұлымдыққа қалай толған болса, солай әділдікке толтырады. Жеті жыл 
билік жүргізеді», – деген (Сунан Әбу Дауд). Қазақ тілінде «Мәді» деп те аталады.


170
Мәһр رهم – үйленген кезде ер кісі әйелге жеке иелігі ретінде беретін дүние 
-мүлік, қаражат, қалыңмал. Мәһр тек әйелдің меншігі, күйеуі өлген немесе ажы-
расқан жағдайда өз қажетіне жұмсайды. Оның мөлшері алғашқы құда түсу кезінде 
келісіледі де, оның шарттары мен нақты мөлшері неке шартында жазылады. Ша-
риғат талабы бойынша, ер адамның болашақ жарына мәһр беруі міндетті іске жа-
тады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет