Мухитдинов на печать indd


Мардуд دودرم – кері қайтарылған. Қабыл етілмеген, шариғатқа сай келмейтін  пікірдің кері қайтарылуы. Маруа



Pdf көрінісі
бет123/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200
Мардуд دودرم – кері қайтарылған. Қабыл етілмеген, шариғатқа сай келмейтін 
пікірдің кері қайтарылуы.
Маруа. Мәруа. ةورملا – Қағба маңындағы төбенің аты. Қажылық және умра 
кезінде Сафа төбесі мен Маруа төбесінің арасында жүру «сағи» деп аталады. 
Қара: сағи.
«Тағы да тірі болсаң барасың ба, 
Есіңе сонда бізді аласың ба? 
Меллайын, ехзирайын зиярат қып, 
Жүгірдің Мәруа, Сапа арасында» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Марфуғ عوفرم – Мұхаммед пайғамбарға телінген сөз, іс, келісім және си-
пат. «Марфуғ» сөзі араб тілінде «көтерілген», «жоғарылатылған», «биіктетілген» 
деген мағыналарды береді. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Марфуғ хадистің 
сәнадының муттасил, мурсәл немесе мунқатиғ екендігіне қарамайды. Сол сияқты 
Мұхаммед пайғамбарға ол сөзді не істі телген адам сахаба немесе одан кейінгі 
біреу болсын, бәрібір «марфуғ» деп аталады. Яғни хадис «марфуғ» деп аталу үшін 
оны рауи Мұхаммед пайғамбарға телуі керек екен. 
Марфуғ хукмән امكح عوفرملا – үкімі марфуғ болған хадис. Яғни марфуғ ха-
дистің үкімін алған. Кейбір хадистердің сырқты мағынасы сахабалардың сөзі екен-
дігін білдіреді, ондай хадис «мауқуф» деп аталады. Бірақ зер салып қарайтын бол-
сақ, осы хадистер марфуғ хадистің мағынасында келеді. Сондықтан да ғалымдар 
оны «марфуғ хукмән» (марфуғ хадистің үкімін алған) деп атайды. Мысалы: саха-
балар ижтиһад жасай алмайтын істерде айтқан сөздері: 1) Өткен пайғамбарларға 
қатысты хабарларға, уахиге байланысты айтқан сөздері. 2) Болашақта болатын 
істерге қатысты айтқан сөздері. Мысалы: қиямет күніне, ақыр заманға қатысты ай-
тқан сөздері. 3) Бір амалдың арнайы сауабы немесе жазасы туралы айтқан сөздері. 
4) Құран аятының түсу себебіне қатысты тафсир жасауы. Міне, осы секілді істерде 
сахабалар өздіктерінен ижтиһад жасап, пәтуә беріп, басқаларға хабар тарата алмай-
ды. Себебі бұл істердің барлығы тек пайғамбардың түсіндіруімен ғана белгілі бола-
ды. Сондықтан да оны «марфуғ хадистің үкімін алған сахабаның сөзі» деп атайды. 
Масбура ةروبصم – садақ не тас атуда нысана ретінде пайдаланылатын жан- 
уар немесе құстың жағдайы. Егер жануар мұндай жағдайда өлсе, оны жеуге тыйым 
салынады.
Мәсжид. Мешіт, сәжде жасайтын орын. 
«Мекке мен Мәдинаны араладың,
Жақсыны жамандардан сараладың. 
Бәріне сахабаның зиярат қып
Гүлістан, пақияны араладың. 
Саны көп, хисабы жоқ мәсжит көрдің, 


166
Қыдырып соның бәрін, әбден кездің.
Тамамлап Мәдинаны болғаннан соң,
Бет түзеп Ұхит тауға енді жүрдің. 
Келтеді Тәңірім қалап біздің үшін, 
Мәдина араладың іш пен тысын» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
«Бурак кірпік қаққанша Мұхаммедті Меккеден Иерусалимдегі әл-Масжид 
әл-Ақсаға жеткізіп, содан соң аспанға (әл-Исра уәл-Миғражға) алып кетеді.
Буракқа салт мініп, көкке ұшып бара жатқан пайғамбар – орта ғасырлардан бүгінгі 
күнге дейінгі кітаби кескіндемелерде ең көп тараған сюжет» (ҚҰЭ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет