Мухитдинов на печать indd


Мәді. Қара. Мәһди. Мәжуси



Pdf көрінісі
бет126/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200
Мәді. Қара. Мәһди.
Мәжуси يسوجم – б.з.б. ІІ – І мыңжылдықта Парсы мемлекетінде кең тараған 
отқа табынатын адам. Қара: зараостизм.
Мәзи يذم – аймаласу, сүйісу және жыныстық қатынас жайлы ойлау салда-
рынан шақуат қозған кезде денеден бөлінетін мөлдір жабысқақ сұйықтық. Денеден 
мәзи бөлінгенде дәрет бұзылады. Бірақ ғұсыл бұзылмайды.
Зурға Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу керек, ал уәди мен мәзи болса, 
жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай дәрет ал», – деп айтқанын 
естідім», – деген (Сунун әл-Байһақи).
Мәйіт تيم – өлген адам, марқұм.
Мәкруһ (макруһ) هوركم – шариғат тыйым салмаған, бірақ оны істеуді құпта-
майтын ұнамсыз амалдар. Мәкруһ екіге бөлінеді: 1) Мәкруһ тәнзиһиيهيزنت هوركم – ха-
лалға жақын, жасаған құлшылығы дұрыс, ол үшін сауап алады, бірақ құлшылығына 
мәкруһ араласқандықтан, ол құлшылықтың сауабы аз болады. Басқаша айтқанда, 
жасағаннан жасамаған абзал амал. Мысалы, дәрет алғанда мұрынды оң қолмен 
шаю. 2) Мәкруһ тәхрими يميرحت هوركم – харамға жақын мәкруһ.
Мәлики يكلام – көрнекті мухаддис әрі фақиһ ғалым Мәлик ибн Әнәс негізін 
қалаған мазһабтың атауы. Сонымен қатар осы мазһабты ұстанушыны да «мәлики» 
деп атайды.
Мәнн ّنم – Аллаһ тағала Мұса пайғамбардың қауымына азық ретінде түсірген 
желім тәріздес шырын.


169
Мәни ينم – сперма, шәует, ұрық суы. Шариғатта жыныстық қатынас кезін-
де, ұйқыда жатқанда немесе шақуатқа берілгенде серпінмен төгіліп шығатын сұй-
ықтық.
Зурға Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу керек, ал уәди мен мәзи болса, 
жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай дәрет ал», – деп айтқанын 
естідім», – деген (Сунән әл-Байһақи).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет