Мухитдинов на печать indd


Масға ىعسم – қажылық кезінде Сафа мен Маруа төбелерінің арасында сағи  жасайтын жер. Қара: сағи. Масих тарту



Pdf көрінісі
бет124/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Масға ىعسم – қажылық кезінде Сафа мен Маруа төбелерінің арасында сағи 
жасайтын жер. Қара: сағи.
Масих тарту حسم – дәрет алған кезде сулы қолмен басты және мәсінің үстінен 
сипау. Масихті таңғыштың үстінен де тартуға болады.
Мастур روتسم – жасырын, жабылған. Хадис ілімінде өзі не хәлі (жағдайы) 
белгісіз рауиге қолданылатын термин. 
Матрук كورتم – тасталған, қалдырылған, жарамсыз етілген. Хадис ілімін-
де егер рауи Мұхаммед пайғамбардың хадисінде өтірік айтпағанымен, басқа 
адамдарға жалған сөйлейтін, өтірік айтатын адам болса, оның риуаят еткен ха-
дисі қабыл етілмей, жарамсыз деп есептеледі. Себебі адамдарға өтірік айтқан адам 
Мұхаммед пайғамбардың сыртынан да өтірік айтуы мүмкін. Осындай адамның 
риуаят еткен хадисі «матрук» деп аталады. Матрук хадис дағиф хадис түрлері ішін-
дегі ең жамандарының қатарына жатады. 
Матуриди يديرتام – матуридия ақидасын ұстанушы.
Матуридия ةيديرتام – Аллаһ тағаланың сипаттарына тәуил жасайтын 
Ислам дінінің көпшілік ғалымдары ұстанатын ақидадағы әһлу әс-суннә уа әл-жа-
маға жолы. Бұл жолдың негізін имам Әбу Мансур Мұхаммед ибн Махмуд әл-
Матуриди салған. Ол шамамен һижра күтізбесі бойынша, екінші ғасырдың алғашқы 
ширегінде Самарқанд қаласының маңындағы Матурид деген ауылда дүниеге 
келген. Һижраның үшінші ғасырының басында дүниеден озған. Харафи мазһа-
бын ұстанушылар ақида мәселесінде имам Матуридидің ұстанымын қолдайды.
Маудуғ عوضوم – қойылған. Мұхаммед пайғамбар айтпаған сөзді не істі ол
айтты не істеді деп жалған айтылған сөз. Ондай сөздерді ғалымдар шартты түр-
де «маудуғ хадис» деп атайды. Мұндай хадистер діннің негізгі мәселелерімен қа-
тар қосымша мәселелерінде де ешқашан дәлел ретінде жүрмейді. Маудуғ хадисті 
риуаят еткен уақытта оның маудуғ екендігін міндетті түрде айту керек. Себебі 


167
Мұхаммед пайғамбардың атынан жалған сөйлеу ең үлкен күнәлардың қатарына 
жатады.
Мауқуф فوقوم – тоқтаған. Хадис термині ретінде сахабаның айтқан сөзі, 
істеген амалы және құптауы «мауқуф» деп аталады. Қиямет күні адамдар Аллаһ 
тағаланың олардың бұл дүниедегі амалдары үшін шығаратын ақтық шешімін күтіп 
тұратын жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет